Мүсіндеу «Марқа қозы» Үй жануарларының төлдері, жайлау туралы түсінік беру; марқа қозыны мүсіндеу тәсілімен таныстыру
Д/о: «Ненің төлі»
Музыка «Ақ қанатты, көк қанатты көбелек» Түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын түсіну, қөңіл күйді сезіне білуге талпындыру
Д/о: «Ал да ары қарай бер»
Қоршаған орта танысу «Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі» Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру
Д/о: «Жалғасын тап»
Дене шынықтыру «Қап» жарысы Қаппен, екі аяқпен секіріп жарысады . Баланың спортқа деген ынтасын ашу.
Д/о: «Қаппен жүгіру»
«Допты баскетбол торына лақтыру» Омыртқа бұлшықеттерін қатайту
Д/о: «Күн мен жаңбыр»
«Сызықтардың, жіптердің ортасымен жүру» Балаларды бір тізбекпен жүгіруге, жүруге дағдыландыру.
Д/о: «Тауық пен оның балапандары»
Сөйлеуді дамыту «Жаңа үйді кім тұрғызды?» Балаларды шығармашылық жұмысқа ынталандыру, сюжетті дамыта келе, жай және күрделі сөйлемдерді қолдана отырып, ойлау деңгейлерін арттыру, құрылыс құралдарын ажыратуға үйрету.
Д/о: «Не қажет?»
Драма «Ақ тиін» Балаларға өлеңді тыңдап, тиіннің рөлін ойнай білуге үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Д/о: «Түлкі мен тиіндер»
Орыс тілі «Продукты питания и посуда» Продолжать обогащать словарь детей по русскому языку, ввести в активный словарь названия продуктов питания, учить отвечать на вопросы полным предложением.