IV апта 28.03 - 01.04.2022ж.
Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»
Мақсаты: біздің планетамыздың су ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру, су асты әлемінің алуан түрлілігі, оны мекендеушілер, оның құрылысы мен жауларынан қорғану тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту, теңіз мекендеушілеріне танымдық және шығармашылық қызығушылықты дамыту, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері: -балаларға су ресурстарының пайдасы туралы меңгерту;
-су асты әлеміне қызығушылықтарын дамыту;
-табиғатты қорғауға баулу.
ІVапта
|
1.Дене шынықтыру.
(Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
2.Дене шынықтыру.
(Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
3.Қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
Тақырыбы: «Күн,ауа және су-біздің достарымыз»
Мақсаты: күн, ауа, су-табиғат сыйы және олардың маңызы туралы білімдерін кеңейтіп, олардың пайдасы мен зияны туралы айта алады.
|
Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Теңіз асты патшалығы»
Мақсаты: балалар теңіз астындағы тіршілік иелері туралы берілген мәліметті меңгеріп, сөйлемдер құрау арқылы тіл дыбыстарын анық дыбыстай алады.
Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «В дыбысы және әрпі» қайталау.
Мақсаты: сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, В дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстай алады.
Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Өткенді қайталау.
Мақсаты: балалар өткен дыбыстарды қайталау арқылы, сөздерді буынға бөліп, сөйлемдер құрай алады.
Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Алтын балық» ертегісі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |