2.Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй жануарлары» (мысық,ит,жылқы,ешкі,әтеш) Мақсаты:Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Олардың аттарын дұрыс атап төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап
1.Музыка(пән маманы жоспары бойынша).
2.Сурет салу. Тақырыбы: «Қошақандарға шөп береміз» Мақсаты:Жасыл түсті пайдалана отырып,қысқа сызықтарды бір-біріне жақын салуға үйрету,саусақ бұлшықеттерін,қол-қимыл қозғалыстарының икемділігін дамыту,үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,
сұрақ-жауап.
3.Мүсіндеу. Тақырыбы: «Итке арнаған тостақ» Мақсаты: балаларға ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету; балалардың шығармашылық, танымдық ой- қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; балаларды жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу(ит-адамның досы екенін айтып кету).
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
3 – апта «Табиғат әлемі»
Орманда нелер мекендейді?
1.Дене шынықтыру 1.Ирелеңдеген жолмен жүру.
Түзу бағытта(биіктігі 10-5см)заттарды аттап өту.
2.Түзу бағытта(10-15см)заттарды аттап өту.Допты жоғары лақтыру.
3. Ирелеңдеген жолмен жүру.
Түзу бағытта(биіктігі 10-5см)заттарды аттап өту .
1.Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қоян,қонжық». Мақсаты: қоянның балаларымен,олардың сыртқы түрлерімен таныстыру,суреттер арқылы 2-3сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.