Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта. Адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы. Дүние жүзінде қоошаған ортаны қорғаумен өте көп ұйымдар ұйымдастырылған. Солардың бірі:
Гринпис («Жасыл әлем») - Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 1970 жылы кұрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн адам мүше.
«Робин Вуд» - германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға» қарсы күрес жүргізетін экологиялық қоғамы.
ФАО - Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемаларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердін қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады.
ВОЗ - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.
22. Экологиялық мониторинг жүргізудің аэроғарыштық әдістері; Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:
жағдайды бақылау;
бағалау;
болатын өзгерістерді болжау.
Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады.
23. Жел эрозиясы ұғымы. Су, жел, антропогендiк факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткi құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады. "Эрозия" терминi латынның erodere — бұзу деген сөзiнен алынған. Эрозия дегенiмiз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы.