Жел эрозиясы - ең алдымен, жер бедерініңқұрылысымен айқындалатын, одан кейін желәрекетінің белгілі бір бағыттағы арнасын бойлай қопсыма материалдардың (құмның, көлдік сазбалшықтың) үрленуі. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөлаймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет.
24. Экологиялық мониторинг жүргізудің мақсаты мен міндеттері; Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосферакомпоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйес. Ең басты міндеті қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау және адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептерін анықтау. Ал мақсаттарына келетін болсақ адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау және қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгерді болжау.
25. Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын қорғау шаралары; Өсімдік әлемін қорғау өсімдіктерді саналы және ұтымды пайдалану және оларды толықтырып отыру, сонымен қатар оларды аурулар мен зиянкестерден қорғау арқылы жүзеге асырылады. 1961ж. өсімдіктерді қорғау бойынша халықаралық Конвенция мемлекеттерді өсімдерді қорғау және сақтау бойынша заңнамалық, әкімшілік және техникалық шараларды қабылдауларына міндеттейді. 1962ж. ЮНЕСКО бастамасы бойынша ұлттық саябақтар жөнінде Дүниежүзілік конференция өткізілді, бұнда ұлттық саябақтарды басқару және оларды ғылыми негізде одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды әзірленді. Әлемдік мұхиттағы олжа мен кәсіпшілік негізгі халықаралық ережелері 1958ж. балық аулау және теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында баяндалған. Конвенция мемлекеттерді Балтық теңізінің тірі ресурстарын қолдауға және көбейтуге бағытталған, сонымен қатар ұтымды аулауға қол жеткізуге, атап айтқанда, осы мақсатта ғылыми зерттеулерді кеңейту және үйлестіруге бағытталған ынтымақтастыққа қатысуға міндеттейді.