Петров Григорий Финляндия а қ лала гүлдер мекені



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата01.03.2023
өлшемі0,75 Mb.
#70834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
ХАЛЫ
Қ ҚАҺАРМАНЫ – СНЕЛМАН
І Александр патшаны
ң тұсында, фин мәдениетін дамытуға білек
сыбана кіріскен жа
ңашыл топты Снелман басқарды. Бұл адамның
өмірі жайлы сіздерге аздаған мағлұмат бере кетейін:
Йохан Вильгельм Снелман 1806 жылды
ң 12 мамырында, 
Стокгольмда д
үниеге келіп, 1881 жылы шілденің 4 – і күні 
Данскарбиде ба
қилық болған. Ол өз заманының үлкен ілім адамы, 
философ 
әрі танымал саясатшы болған. Снелманның атағы фин 
хал
қының мәдениетін көтеру жолында қыруар үлес қосқан 
ұстаздығымен кеңінен танылды. Ол өзінің сенімді достарымен бірге, 
халы
қтың рухани ұстазы ретінде батпақдала саналған Финляндияны 
«А
қ лала гүлдер өлкесіне» айналдырды.
Снелман б
үкіл саналы ғұмырында: «Елімізді – Финляндияны 
ресей мен шведтер кез келген с
әтте жаулап алуы мүмкін. Мұндай 
қуатты көршілерге қарсы мықты болу үшін, ең алдымен, мәдениет
саласында олардан о
қ бойы озық тұруымыз қажет» деп, отандастарын
барынша рухани сілкініске 
үндеді.
Снелманны
ң бастамасымен жарыққа шыққан «Сайма» 
газетінде 
өз отандастарына ол: «Біздің кішкентай ғана халық өзінің 


үлкен көршілерінен жоғары мәдениетке ие болған күнде ғана өзіне 
т
өнген қауіптен аман болады» - деп жиі қайталаған.
Финдер 
ұзақ жылдар бойы өз мәдениеттерінің дамуы үшін 
е
ңбек етіп, бүгінгі таңда, Еуропаның көптеген мемлекеттерінен озық
шы
ғып, жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Сол жетістіктерінің
ар
қасында Ресей мен Швецияға, өзге де алпауыт мемлекеттерге
ба
ғынышты болмай, өз тәуелсіздіктерін қорғай білді.
Снелман т
әй-тәй басып келе жатқан фин халқынан шыққан
ал
ғашқы зиялы қауымның тамаша үлгісі бола алды. Оның бірнеше
м
ұғалім, поп, адвокат және өзге де қызметкерлермен біріге отырып,
халы
қ арасында тәрбие мен білім саласының өркендеуіне қосқан
үлесі сол кездегі крест жорығымен пара-пар еді. Бұл зиялы қауым
ту
ған халқына мынадай үгіт – насихат жүргізді:
«Зиялы болу дегеніміз – ерекше с
ән үлгісімен тігілген киім кию 
емес. Халы
қ сендердің сауаттарыңды ашқанда, ертеден кешке дейін 
кафелерде к
өңіл көтеріп, түрлі құмар ойындар мен домино ойнасын 
деген жо
қ.
Б
ұл қылықтарды жасағандар шын мәнінде ұлттың зиялы 
адамы емес. Олар зиялы 
қауым өкілінің рухы семіп, азғындаған түрі.
О
қыған, көзі ашық адамдар ұлттық сана-сезімді, ұлттық ар-
ожданды, 
ұлттық рухты күшейтуі қажет. Ауыл тұрғындарына,
қарапайым жұмысшылар мен қара халыққа жақсы өмір сүрудің
жолын к
өрсетіңдер!
Халы
ққа шын жүректен, жанашырлықпен өмірдің мән-
ма
ғынасын 
үйретіңдер! 
Өздерінің 
ж
әне 
балаларыны
ң 
денсаулы
қтарын қалай күту керек екендігін, бақытты отбасылық 
өмірге қалай қол жеткізуге болатынын, ер адамның әйелге, әйелдің 
ер азаматына деген сыйласты
ғын, балаларды дұрыс тәрбиелеудің 
жолын к
өрсетіп, халықты кез келген істі өз уақытында, тәртіппен
ж
ұмыс жасауға үйретіңдер! Оларға өзінің және өзгенің ақысына
құрметпен қарауды насихаттаңдар!
Осыны
ң бәрінде алдымен өздерің үлгі болыңдар! Өз
аралары
ңда және халықпен қарым-қатынаста тәрбиеші болыңдар!
Суомиді бір отбасы деп санап, мынаны естері
ңде сақтаңдар: Бұл
өлкенің ең төменгі отжағатын қызметшісінен бастап, жесір әйелдің
өзі Фин халқының бір-бір өкілі және сендердің бауырларың екенін


ұмытпаңдар! Халыққа тәрбие мен білім бере отырып, өткені тарих
пара
ғына енетін ұлттардың қатарына қосу – сендерді міндеттерің!
Естері
ңде болсын, халқымыздың арасына мәдениетсіз, надан, 
маск
үнем, ауру, қаңғыбастар болса, олар сендердің, яғни, зиялы 
қауым өкілінің кінәсі!»
Бар бол
ғаны бес-он адамнан құралған фин халқының 
м
ұғалімдері мен қызметкерлері, дәрігерлері ұлттың зиялы қауым 
өкілдеріне осылай үн қатып, жазбаша түрде үнпарақ таратты. Бұл 
топты
ң ішінде ерекше көзге түскен – Снелман болатын. Ол 
қыстыгүні «ski» деп аталатын шаңғымен, көктем мен жазда
қайықпен, кейде жаяулатып, Финляндияны бір шетінен екінші шетіне
дейін аралап, халы
қтың сауатын ашты. Өлкенің әр жерінде жас-
к
әрісіне қарамастан, зейінді адамдарды кездестірсе, олармен
с
ұхбаттасып, кітаптар таратып, олардың мекен-жайын алып, хат
алысып т
ұратын.
Снелман бар
ған жерлерінде халыққа түрлі тақырыптарды
тал
қылап, түсіндіріп, тыңдаушылардың көз алдына елестете отырып,
шебер баяндайтын бол
ған. Ол көбінесе ойын қарапайым мысалмен
т
үсіндіретін:
«Елімізді
ң барлық елді мекендерін суару үшін бір-екі арық 
жеткіліксіз. Бір 
ғана үйдің бақшасын суаруға бұлақ көзі немесе 
іргесінде а
ғып жататын, құрғамайтын су бастауы қажет. Ал, рухани
н
әрден мақрұм қалған ұлтымыздың шөлін қандыру үшін бірнеше
рухани бастаулар
ға мұқтажбыз. Еліміздің барлық жерінде шөлдеген
халы
қтың сусынын қандыратын жанды су көздері болу керек.» -
дегенді жиі 
қайталайтын болған.
Снелман а
қылды адамдарды кездестіре қалса, мұндай сәтті қалт 
жібермей, оларды
ң рухтарын оятып, саналарын сілкіндіріп, олармен 
жиі хат алысатын бол
ған. Хаттарында біріне насихат берсе, енді 
біріні
ң жасаған қателігін ескере отырып, оларға жаңа міндеттемелер 
ж
үктейтін.
Снелман бір жерге бар
ған кезде жанына білім беретін достарын 
алып, олармен пікірталас, бас
қосулар өткізетін. Ол достарына: 
«Білесі
ңдер ме, кендірден жіп иіреді, арқан өреді. Ол үшін алдымен 
кендірді
ң өте жіңішке талшығынан жіп жасап алады. Сонан соң, осы 
жіптерді
ң қосып, қалың жіп иіреді. Бұл қалың жіптердің басын 


біріктіріп, кемелерді байлайтын ар
қан өреді. Біздің жасап жатқан 
қызметіміз де осы арқанға ұқсайды. Ұлтымыздың барлық зиялы 
қауым өкілдері «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», 
бірігеміз. Осылайша, екі миллион хал
қымыз үшін пайдалы болатын 
үлкен күш біріктіреміз» - дейтін.
Снелман жаз
ғы демалыстарда жан-жақтағы мұғалімдердің басын 
қосып, екі-үш апталық семинарлар ұйымдастырған. Бұл 
семинарлар
ға жүзден астам мұғалімдер қатысқан. Алғашқы кезде
семинар
ға өз еріктерімен қатысатындар саны аз болған. Өлкенің
шал
ғай жерлерінде қыс бойы жұмыс істеп, шаршаған мұғалімдер
шынтуайтында 
өз мамандықтарына көңілдері тола қоймайтын. Тіпті,
кейбірі «Б
ұл семинарлар тағы қайдан шықты? Мұғалімдерге семинар
беру дегенді кім ойлап тап
қан?» - деп күңкілдейтін.
Снелман б
ұның бәрін білетін, бірақ, оларға ашуланбайтын. 
Жаз
ғы демалыс семинарында мұғалімдерге ол:
«Достарым, сендерді
ң міндеттеріңнің ауыр екенін білемін. Алыс 
жерлерде 
қиыншылықтарға қарамастан, жанкештілікпен жасап 
жат
қан еңбектерің халық тарапынан өз бағасын алмай жатыр. 
Материалды
қ жағдайларың да мәз емес. Бірақ, қолдан келер шара
бар ма? Естері
ңде болсын, біз халқымызды рухани ояту үшін жасалып
жат
қан істің әлі басында ғанамыз. Білім ордасының алғашқы
қарлығаштарымыз. Ұлтымыздың сауатсыздығын жою жолында ауыр
ж
үкті көтеруге тура келеді. Халқымыздың жарқын болашағы үшін
жанкештілікпен е
ңбек етіп, тіпті, керек болса, осы жолда құрбан
боламыз. Себебі, бізді
ң алға қойған мақсатымыз осындай
жанкештілікті 
қажет етеді. Сізді де осыған шақырамын. Артық
кетсем, кешірі
ңдер. Десек те, басқа мамандық түрлерінде кездескені
сия
қты сендердің араларыңда бұл мамандыққа ебі жоқтар кездеседі.
Ондайлар 
өз мамандығының шебері болмақ түгілі, оны менсінбей,
ұстаздықты тек күнкөріс көзіне айналдырады. Оларға айтар достық
а
қылым болсын. Мұғалімдікті тастап, өздеріне басқа жұмыс тапсын.
Сауда-сатты
қпен немесе басқа іспен шұғылдансын. Ұстаздық сынды
ұлғатты істі рухы мықты, көңілі ояу, ұлтын сүйетін нағыз шеберлер
ғана істей алады. Осы орайда, еліміздің маңдайалды ілім адамдары
сендерге бес-алты семинар беруге келісті. Сендер оларды
ң айтқан
а
қылдарын тыңдап, білімдерінен пайдаланыңдар. Өз мектептеріңе


бар
ған кезде шәкірттерге семинарлардан үйренгендеріңді айтып,
т
үсіндіріңдер. Осылайша олардың бойында білімге деген
құштарлықты оятыңдар» - дейді.
Снелманны
ң жалынды сөздерін естіген мұғалімдердің көбісі 
жігерленіп, халы
қ арасында жайлаған сауатсыздық пен надантықты 
жою жолында о
ған көмек қолын созып, бірауыздан қолдау көрсетіп, 
ізінен ереді. Б
ұл ұстаздардың әрқайсысы біраз уақыт өткен соң, 
өздерінің тұрғылықты мекендерінде мықты мәдени-рухани күш 
орнатты. К
өп ұзамай-ақ, Финляндияның әр-әр жерінен ұлтының 
жар
қын болашағы үшін өз басын бәйгеге тігетін жігерлі, асқақ рухты 
ж
үздеген Снелмандар шықты.
Снелман м
ұнымен тоқтаған жоқ. Ол сүйікті өлкесі – Суомидің 
рухани т
ұрғыда оянуын тек қана мұғалімдерден күтіп, қол қусырып 
отырмады. Ол денсаулы
қ, суда және өзге де саланың мамандары 
жиналыс жасап жатыр деп ести 
қалса, сонда барып, оларға:
«Халы
қты ұмытпаңдар! Сендер бәрің де халықтан шықтыңдар.
Ту
ған халқымыздың кем-кетігін, қателігін жөндеудің жолын
қарастыруға бірге атсалысайық!
Хал
қымыздың рухын ояндырып, мәдениетімізді жоғарылату 
үшін қандай шара қолдануға болады, соны ойластырайық!» - деп, 
оларды да ту
ған өлкелерінің дамуына үлес қосуға шақыратын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет