Phileo – сүйіспеншілік, sopia – даналық



Дата01.10.2022
өлшемі18,31 Kb.
#41016
Байланысты:
2 дәріс


2 дәріс : Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілікsopia – даналық деген сөздер) даналыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда (б.з.д. VIII-VI ғғ.) бір уақытта пайда болды (К.Яперс «Смысл и назначение истории». Бұл кезеңді Карл Яперс «тарихтың осьтік уақыты» деп атады. Яғни К.Яперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде адам мен қоғам мәседелерін зерттейтін ғылым.
Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2) гносеология, 3) логика, 4) методология, 5) этика, 6) эстетика, 7) психология, 8) әлеуметтану, 9) философия тарихы.
Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралыхикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайларыГераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөнебатырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан,жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадантыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Дінисенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп,табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпызаңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарасретінде пайда болады.
Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.



  • Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.

  • Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.

  • Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.

  • Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды.

  • Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.

  • Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.

  • Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.

  • Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет