Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет125/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Түсіндірме күнделік» 
Тапсырма.А.Құнанбаев «Жиырма бесінші» 
қарасөзінің мәтіні бойынша төмендегі кестені 
толтырыңыз 
Қарасөзден 
үзінді 
Түйіні 
Оқушы пікірі 
Үлгі: 
Қарасөзден үзінді 
Түйіні 
Оқушы 
пікірі 
«
Мал тапса, қарын 
тояды. Онан соң, білім 
түгіл өнер керек екен. 
Соны үйренейін не 
балама үйретейін деп 
ойына жақсы түседі... 
оқу-білімге 
байлық аямау 
керек 
Орысша оқу керек, 
хикмет те, мал да, өнер 
де, ғылым да - бәрі 
орыста тұр... 
 
Өзге тілдің 
бәрін біл, өз 
тіліңді 
құрметте 
 
(Қазіргі 
кездегі 
үштілділік 
мәселесі 
туралы сөз 
қозғау)
 
Ашап-ішімге малдың 
тапшылығы да 
ағайынның араздығына 
уә әртүрлі пәлеге, 
Білім жаман 
әдеттерден 
сақтандырад
ы 
 
https://youtu.
be/rr5hP_2fp
J4
 
Қ.Бітібаева 
«Абай 
шығармашы
лығын 
оқыту». 
Электронды 
кітап 
(қарасөздер
дің аудио 
нұсқасы) 
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбайұл
ы. 
Шығармала
рының 
толық 
жинағы. 
Алматы: 
жазушы, 
2004 
(109 бет) 


152 
ұрлық, зорлық, қулық, 
сұмдық секілді 
нәрселерге үйірлендіруге 
себеп болатұғын нәрсе 
...
балаң бала болсын 
десең – оқыт, мал 
аяма!... 
Ата-ананың 
парызы – 
баласын 
оқыту 
 
Дескриптор: 

Қарасөз мәтінінен маңызды үзінділерді 
табады; 

Үзіндіден түйін шығарады; 

Бүгінгі күнмен байланыстырып көзқарасын 
білдіреді. 
 
Сабақтың соңы 
 
 
 
Рефлексия 
Еркін ойлау «Айтарым бар» 
1.
Тақырып бойынша түйінді сөздерін жазып, 
оқып, шеңберді тайнала орналастырады 
 
 
ҚОСЫМША 
Жиырма бесінші сөз 
Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі 
танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі 
мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, 
бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы 
да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді 
нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан 
соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына 
жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі 
орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, 
ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен 
оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі 
оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы 
білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, 
ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек 
майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы, өнері 
Білім мен 
тіл үйрену 
үшін қажет 


153 
– 
дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде орыс 
ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен 
дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, 
соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың 
жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші 
болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың 
қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан 
артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір 
жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар-ана оқымаған қазақ 
балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның 
балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар 
осыдан артық қайда барсын? Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: 
«
Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма 
мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді. Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, 
пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда 
да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті? Кірді, 
шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен оқығанға 
әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Турасын ойлағанда, балаңа қатын 
әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына 
мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала 
болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған 
рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме? 
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы. Екінші том. 
Алматы: Жазушы баспасы, 2002 ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет