Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет130/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

9-
бет) 
2-
мәтін 
-
Әже-ау, былтыр мұндай емес ең...Құлағыңа не болған, неге естімейсің-
деді.Көптің ортасында отырса да, еріксіз жапа-жалғыз боп оқушауланып қалған 
әжесіне жаны ашып, құшақтап алдына жантайды. 
Әжесі түсінді де, аз ғана босаңсып: 
-
Балам-ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды?-деп, өзінің дағдылы 
мұң-шыңына қарай беттеп еді. Баласы қимады.
-
Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді?-деді. 
-
Үй іші де, әжесі де құр күліп қана қойды.
-
Кәрі әже күле отырып, баласының талайы қайтпасын дегендей қып: 
-
Үшкірсе, кейде ашылып қалады. Үшкірген жағады,-деді. 
-
Үшкірсе, мына балаң молда боп келді ,ой.Үшкірт балаңа,-деп, Айғыз күлді.
-
Үшкірсін баласы, үшкіріп берсін. 
-
Сорлы кәрінің көңіліне о да болса демеу ғой!..-деп үйдегі үлкендер, әсіресе 
жеңгелер Абайдан шын бірдемені дәметкендей. Абай бұған ішінен ыза болды. 
«Үшкіру, ішірткі жазу, қасида оқу» молдалықтың ел үйренген дағдысы екені рас. 
Бала көңіле қатты жиренішті көрінетін балгер, құшынаш сияқты, бақсымен тең 
молда, қожа аз емес. Абай соны еске алып, өз жайын мысқылдағандай болып, аз 
күлімсіреп отырды да, бір кезде оқыстан, әжесінің басын құшақтай ап, сыбырлай 


159 
күбірлеп, бір нәрсені шұбырта жөнелді. Жұрт аңыра қарап отырып, басында 
дұғалық оқып жатыр екен деп еді. Кәдімгі молдадай шарт жүгініп алып, түсін 
томсартып жіберіп, шешесіне төніп отырып: 
Юзі раушан, көзі гауһар, 
Лағылдек бетұшы ахмар, 
Тамағы қардан әм биһтар, 
Қашың, құдрәт, қоли шига,-деп,
Көпшілік ұға қоймайтын өлеңді шұбырта беріп, даусын «Тәбарак» 
оқыған молдаларша ұзайта созды.
Мүбада болса ол бір кәз, 
Тамаша қылса юзма-юз... 
Кетіп қуат, юмылып көз! 
Бойың сал-сал бола нига?! 
деп кеп көзін жұмып, ернін жыбырлатып, әжесінің құлағын ашып «су-ф!» 
деп қойды. Бұл өзінің, биыл осы көктемде Науаи, Фзулиді оқып жүріп жазған өлеңі 
болатын. Отырғандар әлі де дел-салда. Күдік етушіден де шын дұғалық екен 
деушілер көп. Бала солардың шам-ашрқын танып, мысөыл еткендей боп 
алдаңқырап келді де, енді шынын танытпақ боп, даусын ашық етіп қатайтып алды. 
Тағы да көзін жұмып, түсін томсартып, құран аударған молдадай, ілгері-кейін 
теңселе беріп: 
Ұшады бозша торғай көдені ықтап, 
Басасың аяғыңды нықтап-нықтап, 
Кәрі әжем естімейді, нана берсін
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап... 
-
деп кеп, тағы да «су-ф-ф!» деп қойды. Үйдің іші енді сезіп ду күлісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет