Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


Қ.Бітібаева технологиясы бойынша



Pdf көрінісі
бет151/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   322
 
Қ.Бітібаева технологиясы бойынша 
1.Сұрақтарға жауап бере отырып, кестені 
толтырыңыз 
 
Сұрақ 
Жауап мәтіннен 
үзінді 
Өлең ақын туралы 
ма, ақындық туралы 
ма? Өнерді адамға 
кім берген? 
Ақынға шабыт қалай 
келеді? 
Өлең уындағандағы 
ақын көңіл-күйі, 
шабытын 
бейнелейтін сөздер 
қандай? 
Ақындық мақсат 
қалай көрінген? 
«Ызалы жүрек», 
«долы қол», «улы 
сия», «ащы тілден» 
сөздерінің 
мағынасын ашыңыз 
Дескриптор: 

Сұрақтарға мәтінденен үзінді арқылы 
жауап береді 

Талдауда өз көзқарасымен пайымдайды 
Мәнерлеп 
оқу 
талаптары
жазылған 
парақтар 
https://kitap.
kz/audio-
book/olengde
r_men_audar
malar_birins
hi_kitap
 
(аудионұсқа
сы) 
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбайұл
ы. 
Шығармала
рының 
толық 
жинағы. 
Алматы: 
жазушы, 
2004 
Қ.Бітібаева 
«Абай 
шығармашы
лығын 
оқыту».
Сабақтың соңы 
 
 
«ПОПС формуласы» 
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былой 
түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен муна фактілермен, 


186 
мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осырған байланысты мен 
мынадай қорытынды шешімге келдім. 
Рефлексия «Табыс ағашы» 
Сабақ барысындағы іс-әрекетіңізді талдап, 
жазып іліңіз 
ҚОСЫМША 
«Адамның кейбір кездері» 
Адамның кейбір кездері. 
Көңілде алаң басылса; 
Тәңірінің берген өнері 
Көк бұлыттан ашылса; 
Сылдырлап өңкей келісім 
Тас бұлақтың суындай, 
Кірлеген жүрек өзі ішін 
Тұра алмас әсте жуынбай. 
Тәңірінің күні жарқырап, 
Ұйқыдан көңіл ашар кез. 
Қуатты ойдан бас құрап, 
Еркеленіп шығар сөз. 
Сонда ақын белін буынып, 
Алды-артына қаранар. 
Дүние кірін жуынып, 
Көрініп ойға сөз салар. 
Қыранша қарап қырымға, 
Мұң мен зарды қолға алар. 
Кектеніп надан зұлымға, 
Шиыршық атар, толғанар. 
Әділет пен ақылға 
Сынатып көрген-білгенін 
Білдірер алыс, жақынға 
Солардың сөйле дегенін. 
Ызалы жүрек, долы қол, 


187 
Улы сия, ащы тіл, 
Не жазып кетсе, жайы сол, 
Жек көрсеңдер өзің біл 
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы.
Екінші том. Алматы: жазушы, 2002 ж. 
 
«Адамның кейбір кездері...»-Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 
тармақты 7 шумақтан турады. Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы 
лирикалық туындыларының бірі. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің 
кісісі өлсе, каралы - ол...», «Көңіл кұсы кұйқылжыр шартарапқа...», «Өзгеге көңлім 
тоярсың...» сияқты өлеңдерінде Абай өлең мен әнді, ақындық, әншілік өнерді өте 
жоғары бағалайды. Сөз өнерінің халықтың өмірі, күнделікті тұрмысымен тығыз 
байланысты екенін танытып, ақындардан алдына үлкен қоғамдық мақсат қоюын, 
өмір шындығын, халықтың арман-тілегін, қуанышын, қайғы-мұңын терең түсініп, 
көңілге қонымды, нанымды етіп айта білуді талап етеді. «Адамның кейбір 
кездері...» де, міне, осындай ақынға үлкен қоғамдық міндет артатын шығарма. 
Абай поэзиясы, өлеңді аса маңызды өнер ретінде бағалай отырып, ақындық 
шабыттың сыры, қуат-күші жайында тебірене ой толғайды. Ақын не туралы жазу 
керек, қай тұрғыдан келіп, қалай айтуға керек деген мәселені қозғайды. Рухтанып, 
бойына жойқын жігер күш пайда болып, шынайы шабыты келгенде ақын ұшқыр 
қиялмен өмірдің жағымды кірінен тазаланған жағын да көре отырып, көлеңкелі 
жақтарын, надандық пен зұлымдықты сынай, шеней білуін, әсіресе, құптайды: 
«Қыранша қарап қырымға, 
Мұң мен зарды қолға алар. 
Кектеніп надан зұлымға, 
Шиыршық атар, толғанар.., 
Әділет пен ақылға, 
Сынатып көрген-білгенін.., 
Ызалы жүрек, долы қол, 
Улы сия, ащы тіл Не жазып кетсе, жайы сол, 
Жек көрсеңдер, өзің біл...» 
Абайдың осы өлеңіндегі ақын бейнесі, ақындық шабытты суреттеуімен
А.С. Пушкиннің «Ақын» атты өлеңіндегі ақынның шабыттанып, толғанған сәтін 
сипаттауы үндес келетіні айтылып келеді. Ал, асылында бір тақырыпқа жазылған 
ұлы ақындардың өлеңдерінде бірлі-жарым ұқсастық кездесе беретіні түсінікті. 
Кейбір сырттай ұқсастықтар, тіпті жекеленген сөздердің мәндес келуі, әрине, 
тікелей жақындықты білдірмейді. Басқа бір шығарманың құнын кеміте алмайды. 
Осыны толық ескере отырып, «Адамның кейбір кездері...» ешқандай да басқа өлең 
емес, М.Ю. Лермонтовтың «Журналист, читатель и писатель» атты шығармасымен, 
сондағы жазу шының сөзімен сарындас келеді. Орысша текстен үзінді: 
«... бывает время, 
Когда забот спадает бремя, 
Дни вдохновенного труда, Когда и ум и сердце полны, 


188 
И рифмы дружные, как волны, 
Журча, одна во след другой 
Несутся вольной чередой. 
Восходит чудное светило 
В душе проснувшейся едва; 
На мысли, дышащие силой, 
Как жемчуг нижутся слова». 
Өлеңнің «Адамның кейбір кездері...» деп басталатын алғашқы үш шумағы осы 
келтірілген үзіндімен мағынасы жағынан әбден сәйкес, кейбір сөйлемдері дәлме-
дәл келетінін байқау қиын емес. Ал «Сонда ақын белін буынып» деп басталатын 
соңғы төрт шумағы орысша текстің «Тогда с отвагою свободной» деп басталатын 
орыс ақыны өлеңінің кейінгі жағымен кей жері сәйкес болғанымен, көбінесе 
өзінше келеді. Түгелдей алғанда Абайдың бұл өлеңі оның төл шығармасы деп 
саналуы әбден орынды. Өйткені, Нәзира дәстүрімен жарыса жазылған өлең деуге 
лайық. Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғашқы рет 1909 ж. 
С.Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» 
атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер 
кездеседі. 1910 жылғы Мүрсейіттің қолжазбасында 1-шумақтың 2-жолы «Көңілден 
алаң басылса» делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ негізінде бұл жол 
«Көңілде алаң басылса» болып берілген. 1909, 1939 жылғы жинақтарда
3-
шумақтың 3-жолы «Қуаттан ойдан бас құрап» болса, қалған басылымдарда 
Мүрсейіттің 1910 жылғы қолжазбасына сәйкес «Қуатты ойдан бас құрап» түрінде 
алынған. 
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет 
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 
«Атамұра» баспасы
Нақыл сөздер: 
(А3 парақтарында жазылса)
1.
Орынды іске жүріп ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған. 
Қасиетті болмайды, ондай жігіт, Әншейін құр бекерге бұлғақтаған. 
2.
Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, 
жақсы ұстаздан болады.
3.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек. 
4.
Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек. Харекет қылмақ, жүгірмек, 
Ақылмен ойлап сөйлемек. 
5.
Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын.
6.
Бес нәрсеге асық бол... Талап еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой-Бес 
асыл іс көнесеңіз.
7.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен 
озады.
8.
Жас уақытта көңіл - гүл.
9.
Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің.
10.
Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, 
Әр қиянға салған шақ.
11.
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.


189 
12.
Егер ісім өнсін десең - ретін тап.
13.
Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап.
14.
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық. 
15.
Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын.
16.
Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.
17.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет