212
дағы!- деді. Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді.
Абай осыдан соң өзге әңгіме сұраған жоқ. Аздан кейін ет пісіп, жұрт асқа
отырды. Ас ішіліп біткен соң, «Жас қонақтың ұйқысы келді» деп, төсек салу
қамына кірісті.
Абай тысқа шығып өз-өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рақат
қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алды.
Қарабас пен Абай үйге кіргенде, кең үйдің төріне екі қонаққа арналып төсек
салынып жатыр. Бұл түнде таң аппақ болып атқанша Абай бір секунд та көз ілген
жоқ. Күн шығарда ғана азғантай мызғыды. Бірақ үй іші оянғанда бірге оянып, ерте
тұрды. Далаға Сүйіндік те шыққан еді. Әкесі тапсырған алық-берік жөніндегі
сәлемді Абай сонда айтып, бұл ауылға келген жұмысын осы таңертеңгі уақытта
бітірді. Шаруа біткен соң, Қарабас ертеңгі салқынмен қайтайық деп байлаған.
Сондықтан дастарқан жиылған соң, ол аттарды ерттегелі шығып кетті.
Түннен бері үндемеген бәйбіше де Ұлжанға сәлем айта отырып, Айғызды
есіне алды. Содан барып Кәмшат есіне түсіп, Абайды сұрақтың астынан алды.
Абай амалсыздан сөйлеп, қысқа ғана жауаптар қайырды. Кеше Құлыншақ та, бүгін
мынау ауыл да Кәмшат жайын ылғи «жетім жандай, күңдікке, қорлыққа кеткен
бишара, әлсіз сорлыдай» сөйлейді. Тегін емес-ау! Жидебайға қайтысымен
әжелеріне осы есіткендерін айтып, Кәмшаттың күйін білдіру керек. Әке не десе
одесін, бұны істемей болмайды. Абай осыған байлады. Жүрерде тағы да қымыз
ішіп, жолға қарсы тоғайып ап, екі жолаушы атқа қонды.
Ойға түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір - кезде арт жағынан дүрсілдеп
кеп қалған ат дүбірін естіді. Қарабас пен Абай да жаңа жүргіншінің қосылғанын
теріс көрген жоқ. Жай сұрасқанда бұл жігіт-Сүйіндіктің ауылдасы, Көмекбай
баласы Ербол деген жігіт боп шықты. Қарабас Ерболмен оп-оңай білісіп,
әңгімелесіп кетті. Әңгімешіл, күлегеш Ербол, енді Абайға бар тұлғасымен ұнай
бастады.
Аздан соң Ербол Абайлардан бөлініп, Көлқайнарға қарай тартып кетті.
Келгенінде күліп келгені сияқты, кетерінде де күле қоштасып айрылды. Абай
бұның сол көңілдігіне қызыға қарап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: