Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


ҚОСЫМША  М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» тарауы



Pdf көрінісі
бет166/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

ҚОСЫМША 
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Шытырманда» тарауы 
ШЫТЫРМАНДА (І бөлім) 
Абай Қарқаралыдан қайтқан соң атқа мініп, ел аралаған жоқ. 
Көбінесе Жидебайдағы ауылда шешелерінің қасында болды. Көктемге шейін 
күндіз-түні кітап оқуға салынды. Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны 
осы еді. Арап, парсы тілін, бірталай сөздерін ұмытыңқырап, қарайып қалған екен. 
Алғашқы бір жұмадай Ғабитханның тәпсіріне қарап, бұрынғы білген тілдерін қайта 
құрастырып алды. Содан әрі мұның қолына түскен әрбір қалың кітап соншалық бір 
қатты сағынып жолыққан ыстық, қымбат досы тәрізді болды. Ғабитхан да кітап 
оқығыш болатын. Соның кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп-көп асыл 
бұйымдар тапты. Мұнда Абұлқасым Туси-Фирдоуси, Низами, Физули, Науаи, 
Бабырлар бар. «Жәмшид»,«Сеидбаттал Ғазі», «Мың бір кеш», Табары жазған 
тарих, «Жүсіп-Зылиқалар», «Ләйлі-Мәжнүндер», «Көрұғлы» сияқты хикая 
дастандар да бар. Абайдың бас алмай оқығандары осылар. Аздан соң, кешкі 
шайдан асқа шейінгі мезгілде Абай кейбір оқып шыққан кітаптарын үй ішіне әдемі 
әңгіме қып, айтып беріп отыратын әдет тапты. Бұған әжесі себеп болды. 
Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байқап бір күні кешке: 
-
Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, 
ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан 
айрылма! Ұқсама аналарға!..-деген. 
Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай ырза болып, жаңағы сөзден соң, 
күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп - 
“Бір сөзбен”
Қуаныш
Ашу
Төзімсіздік
Қобалжу
Бақыт
Тыныштық
Төзімділік
Немқұрайлылық
Қанағаттану
Шабыт
Алаңдау
Сенімділік
Сенімсіздік
Рахаттану


210 
баршасы телміре тыңдайтын. Анда-санда Айғыз да кеп естуші еді. Ол Кәмшат 
кеткелі қатты жүдеу. Үлкен қара көздері аларыңқырап, барлық жүзі сұрланып 
ақшыл тартыпты. Шеке тамырлары көкшілденіп, әдемі жүзіне уайым көлеңкесі 
түскен тәрізді.
Үнсіз уайымдаған ана қаралы. Абай бұл шешесінің күйін қабақпен таниды. 
Ол келген кештерде әңгімесін ерекше ықыласпен айтады. 
Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады. Ғабитхан, тіпті өзі 
оқып шыққан кітаптарды Абай хикая қып айтқанда, бар бейілімен, жақсы 
ілтипатпен тыңдайтын. 
Ғабитхан мен Абай екеуі маңайда кітабы бар молдалардан кітап жиып 
оқитын. Сондай күндердің бірінде Құнанбай Абайды алдыртып, Құлыншақ 
ауылына жұмсайды. Бұрын Борсаққа тиісті болса да, Құнанбайлар өз туысы 
Ақпердіге тартып алып берген жерге өткен жылы Бөжеймен қырқыста өз жағына 
тарту үшін «бес қасқа» аталған батыр ұлдары бар Құлыншақты қондырған екен. 
Енді күзде шөбін орып алмақ үшін Құлыншаққа ол жерге қонбасын дегізіп Абайды 
жіберген екен. 
Абай Құлыншақтың ренжіген жайын ұғады. Өз басы ренжітейіндеп те 
ойлағанемес. Басында әке сәлемімен келсе де, мұның арты үп-үлкен шаруа жайы 
екенін онша бағалаған жоқ-ты. Енді мынандай үлкен, нығыз адамсың амалсыз 
ренішіне қарай, өзі айтқан жайдың ауырлығын ұқты. 
-
Менің әкелгенім осы бір сәлем. Арғысын өзіңіз біліңіз. 
-
Қайтпек керек?Ақперді! Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді,- деп, Құлыншақ ащы 
бір мысқылмен күліп қойды. 
Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып, күліп жіберді. Тартысам 
деп келген емес. Және әке қарызынан құтылды. Сондайды шапшаң болжап шыққан 
Абай жаңағы Құлыншақ қалжыңын іле жөнеліп: 

Бақ берген емей немене, 
Борсақтан қалған аз жерді. 
Менікі деп тап берді деңіз,- деді. 
Абайдың бұл мінезіне үйдің іші тегіс күлді. Шай құйып отырған Манастың 
келіншегі, әсіресе ырза болды білем, қып-қызыл боп, қатты күліп жіберіп, Абайға 
жалт етіп қарап, тамсанып қойды. Құлыншақ шалқая беріп, Абайға: 
-
Е, балам-ай, мынау лебізің қалай жақсы еді. Тек осыныңды Ақперді есіткей етті!- 
деп, ырза боп қалды. 
Осыдан Құлыншақ Бетқұдық әңгімесін былай қойып, Абайдың үй ішін, Зере 
жайын, Ұлжан күйін, Бөжейге берген жас бала Кәмшат туралы сұрастыра бастады. 
Абай бұл арада ол әңгіменің ешқайсысына сыр беріп ішін ашпақ емес. Құлыншақ 
жетектеген сөздерге басқан жоқ. 
Азырақ үндемей отырып, өзінше бір жөн тауып: 
-
Ақсақал, осы сіздің балаларыңыздың «бес қасқа» атанатын себебі не? Соның 
мәнін ұқтырыңызшы!-деді. 
Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге ілеспегенін түсінді де, ішінен. 
«Байыпты бала-ау өзі. Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. 
Бұған да үйреткен екен...»- деп ойлады.


211 
Абай ар жағынан байқап кеп, Құлыншақтың ойы: «Бөкенші, Борсақтан жер 
олжа қылмадым» деген арман екенін білді. Соны ұғынумен қатар, жерден басқаны, 
жемнен басқаны тыңдағысы келмеген Құлыншаққа ішінен наразы боп аттанды. 
Абай әкесіне Құлыншақтың көнгенін айтса да, өкпесін айтқан жоқ. Істеп 
келген ісін қысқа ғана баян етіп еді. 
Осының ертеңінде Құнанбай Абайды және жұмсады. Қасына тағы сол 
Қарабасты қосып, енді Сүйіндікке жіберді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет