207
-
Қазақ
халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиеті
мен салт-санасына деген
құрмет пен ілтипат сезімдеріне баулу;
-
Абай туындылары арқылы жас ұрпақтың адамгершілік қасиеті мен рухани
дүниесін байыту,
оларды азаматтыққа, достыққа тәрбиелеу.
Курсты оқыту барысында төмендегі оқу пәндерімен байланыс жүзеге асады.
«Қазақ тілі»: филологиялық ғылым салаларын байланыстыра оқыту үздіксіз,
жүйелі жүргізіледі, бұл арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік
қорларын молайту жүзеге асыралады. Сонымен қатар,
Қазақстан тарихы,
география, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланыста болады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 34 сағатқа бағдарламаға негіздеп ұсынылды.
Қысқа мерзімді жоспарда мұғалімге ұсыныс ретінде тапсырмалар берілген. Әр
тапсырма Абай шығармашылығын толық меңгертуге ықпал етеді. Нәтижесінде
Абай
Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы жайлы бағдарламаны 7-сынып
оқушылары толық меңгеріп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: