25
Сабақтың соңы
«Шығу билеті»
–
Сендер бүгін не үйрендіңдер?
–
Тағы не білгілерің келеді?
ҚОСЫМША
Абай 1860 жылы 15 жасында әкесінің құдаласуымен Ділдәға (1843-1924)
қосылады. Ділдә Жүсіпқызының төркіні Әйбике-Шаншар елінің ақсүйегі
Алшынбай Тіленшіұлының ұрпағы. Әкесі Ақшоқыдан жер бөліп беріп, онда Абай
сегіз бөлмелі қыстау салдырады.
Ділдәдан Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман,
Мағауия, Күлбадан, Райхан туған. Екінші әйелі Әйгерім. (шын есімі-Шүкіман)
Әнін естіп, ұнатып алған. (1856-1919) Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген.
Әйгерімнен Турағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже туған. Абайдың он баласы болған.
Тұңғыш баласы Ақылбай Абайұлы (1861-1904)-Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш
баласы. Күлбадан Абайқызы (1862-1932)-Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы.
Оны Абай жас кезінде Семей орыс мектебінде оқытқан. Әкімбай (Хәкімбай)
Абайұлы (1866-73)-Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1873 жылы 7 жасында қайтыс
болған. Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869-1895)-Абайдың Ділдәдан туған
баласы. Мағауия Абайұлы (1870-1904)-Абайдың Ділдәдан туған кенже ұлы.
Райхан Абайқызы (1871-1896) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы.
Турағұл (Тұраш) Абайұлы (1876-1934)-Абайдың екінші
әйелі Әйгерімнен туған
баласы. Мекайыл (Мекеш) Абайұлы(1884-1931)-Абайдың Әйгерімнен туған
баласы. Ізкәйіл (Зікеш) (1895-1929)-Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Кенже
Абайқызы (1901-1932)-Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. Абай балаларынан
тараған ұрпақтары:
Ақылбай балалары:
Әлімқұл Ақылбайұлы (1879-1914)-Абайдың немересі. Әлімқұлдан Шәбеп, Бағфур,
Зәбила, Қауаш туады. Әубәкір Ақылбайұлы (1881-1934)-ақын, әнші-композитор.
Абайдың немересі, әрі шәкірті. Абайдың інісі Оспанның қолында тәрбиеленген.
Сағадат Ақылбайқызы (1884-1908)-Абайдың немересі. Жастай 1908 жылы қайтыс
болған. Бәкизат Ақылбайқызы (1885-1924) – Абайдың немересі. Ақынның баласы
Ақылбайдың қызы. Исрайыл Ақылбайұлы (1895-1959)-Абайдың немересі, педагог,
күйші. Рухия Ақылбайқызы (1897-1920) – Абайдың немересі. Жастай 1920 жылы
қайтыс болған.
Әлімқұл балалары:
Шәбеп Әлімқұлұлы (1903-1959)-Абайдың шөбересі, Ақылбайдың немересі.
Зәбилә Әлімқұлқызы (1907-1984)-Абайдың Ақылбайдан өрбіткен шөбересі. Қауаш
Әлімқұлқызы (1910-1988) – Абайдың шөбересі, Ақылбайдың Әлімқұлының қызы.
Бағфур Әлімқұлұлы (1910-1981) – Абайдың шөбересі
Әубәкірден туған балалар:
Әлихан Әубәкірұлы (1918 - ө.ж.б.) Абайдың шөбересі. Отан соғысына қатысып,
хабарсыз кеткен.
Қапсәләм Әубәкірұлы (1918-1943) – Абайдың шөбересі. Ұлы Отан соғысында 1943
жылы қайтыс болған.
26
Исрайыл балалары:
Исрайылдың кіндігінен тараған 6 бала болған
Оның Күләш, Майра деген 2 қызы, Сарыжан деген ұлы кішкентай кезінде шетінеп
кеткен. (Күлзипа, Нәзипа, Кәсира қыздары қалған)
Нәзипа Исрайылқызы (1922-1996)-Абайдың шөбересі,
Ақылбайдың немересі
Нәзипа Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында тұрған.
Күлзипа Исрайылқызы (1925 – 2014)
Абайдың шөбересі. педагог, ақын. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында
тұрады.
Кәсира Исрайылқызы 1944 жылы туған.
Исрайылдың кенже қызы Кәсирада апалары сияқты балалық бұла шағын Абайдың
қыстауы-Жидебайда өткізген. Қазір апамыз құрметті демалыста. Алматыда тұрады.
Бағфурдың балалары:
Эрнест Бағфурұлы Ақылбаев (1935-1983)-Абайдың шөбересі Абайдың баласы
Ақылбайдан Әлімқұл, Әлімқұлдан Бағфұр, Бағфурдан Эрнест туған.
Алматыда
тұрған.
Бауэр Бағфурұлы Ақылбаев (1937-1979) жылы ғана белгілі.
Айдар Бағфурұлы 1949 жылы туған. Абайдың шөбересі. Абайдың баласы
Ақылбайдан – Әлімқұл, Әлімқұлдан – Бағфур, Бағыфурдан Айдар туған.
Эрнестің баласы:
Айдос Ақылбаев-1967 жылы туған. Абайдың шөпшегі. Айдос бірінші некеден
(Тамара) бір қызы бар. Қазір Алматыда тұрады. Қазіргі жұбайы қазақ. Ұрпақ жоқ.
Айдардың баласы:
Айдардың баласы Данияр Ақылбаев 1971 жылы туған. Абайдың шөпшегі бесінші
ұрпағы.
Әбдірахманның балалары:
Рахила Әбдірахманқызы (1894-1924) – Абайдың немересі.
Мағауияның балалары:
Уәсила Мағауияқызы (1890-1954)-Абайдың өз қолында өскен немересі. Уәсиладан
Шаймардан туған.
Құтайба Мағауияұлы (1895-1919)-Абайдың немересі. Ақшоқыдағы зиратқа
жерленген.
Жағыпар Мағауияұлы (1898-1934)-Абайдың немересі. Мағауияның Дәмөгей деген
бәйбішесінен туған.
Кәмила Мағауияқызы (1900-1932)-Абайдың немересі
Кәмила молдадан ескіше
сауат ашқан.
Құтайбаның баласы:
Берекехан Құтайбаұлы (1919-1942)-Абайдың шөбересі, Мағауияның немересі,
Семейде 7-класты орысша оқып бітірген.
Жағыпар балалары:
Рәпила Жағыпарқызы (1919-1938)-Абайдың шөбересі, Мағауияның немересі. 1936
жылы Алматыдағы педагогикалық училищені бітірген.
Ишағы Жағыпарқызы (1922-2014)-Абайдың шөбересі. Мағауияның Жағыпарынан
туған.
27
Жошыхан Жағыпарұлы Мағауин (1924-1943)-Абайдың шөбересі. Абайдың баласы
Мағауияның немересі. Ғазел Жағыпарқызы (1927-2011)-Абайдың шөбересі.
Мағауияның баласы Жағыпардан туған
Ләйлә Жағыпарқызы (1930-1932)-Абайдың шөбересі, Мағауияның немересі. Сүйегі
Шығыс Қазақстан облысы Новошульба ауданы, Уба-Форпост аулында жерленген.
Турағұл балалар:
Ақылия (Ақыш) Турағұлұлы (1901-1990)-Турағұлдың қызы, Абайдың өз қолында
өскен немересі. Ақылияның естеліктері Абай музейінде сақтаулы.
Жебрәйіл Турағұлұлы (1903-1930)-Абайдың немересі. Жебірәйілден-Алпаш
(Алпарыстан) туады.
Домбыра тартып, ән салған. Ол Семей және Түмен
қалаларында орыс мектебінде оқып, орысша-қазақша сауатты болған.
Қалиман Турағұлқызы (1904-1989) – Абайдың немересі. Зүбайыр Турағұл (1907-
1933) –
Абайдың немересі. Мәкен Турағұлқызы (1912-2000) – Турағұлдың кенже
қызы. Мәкен жастайынан өнерге жақын болған, әкесі Турағұлдан ақын атасы
туралы естелік-әңгімелерді көп естіп, Абай әндерін үйренген..
Құзайыр Мекайылұлы (1912-1945) – Абайдың немересі. Шешесі – Дәмежан
Қалышер Мекайылұлы (1921-1942) – Абайдың немересі. Шешесі Дәмежан.
Жебрәйіл баласы:
Алпаш Жебрәйіл (1922-1990) – Абайдың баласы Турағұлдың немересі.
Ізкәйіл баласы:
Тоқташ Ізкәйілұлы (1924-1943) – Абайдың немересі.
Жыл өткен сайын ұлы ақынның ұрпағының қатары сиреді, қазіргі таңда Абайдың
екі әйелінен тараған 10 баласынан
қалғаны бесінші ұрпағы Айдар, одан Данияр
оның балалары Дана, Камила, Меруерт. Эрнестің ұлы Айдос.
Достарыңызбен бөлісу: