Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет244/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Сабақтың 
ортасы 
С. 1.
С.Кузенбаева «Абайдың музыкалық 
шығармашылығы» еңбегінен берілген үзіндіні түсініп 
оқыңдар 
2.«Жылқы сұлбасы» стратегиясы 
1.
Жылқының аяғына мәтіндегі негізгі тірек 
сөздерді жаз 
2.
Жылқының басына мәтіндегі маңызды 
ақпаратты қысқаша жаз 
3.
Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі 
қосымша ақпаратты жаз 
4.
Жылқы құйрығына мәтін бойынша қорытынды 
жаз
Ж.«Жарқын ойлар» зерттеу әдісі
«...Ақын тілінің ұшында тұрғаны: «мен болсам, дер 
кезінде ұмтыла алмай, нағыз ғылым-білімнен махрұм 
қалған жайым бар, ал ендігі жастар емін-еркін оқып 
білім алыңдар, бірақ шен-шекпенге ие болуға 
қызықпай, туған еліңе адал қызмет етуге 
ұмтылыңдар!» — дейді ақын... деген жолдардағы 
ақынның кім екендігіне, оқиғаға қандай қатысы 
барына зерттеу жаса. 
 
Дескриптор
1.Сыни түрде баға береді
2.Тарихи оқиғаға, тұлғаға зерттеу жүргізеді 
 
Қосымша мәтін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сабақтың соңы 
Рефлексия «Зерде»
Білім ....... (тақырып бойынша алған ақпараттарым)
Эмоция ........ (сабақтағы көңіл күйім)
Баға ......... (өз жетістігіме беретін бағам)
Сын .......... (өз бойымда нені дамытуым керек)
Идея ......... (маған келген жаңа ой)
 
Қима қағаздар
 


294 
желісі жайлы түрде басталып, икемді интонациялардан құрастырылып, бірте-бірте 
өрістене, шарықтау шегіне жетеді. Атап айтқанда, «Саған құрбым, мал мен бас» 
деген өлең жолдарына дәлме-дәл үйлеседі. 
Абайдың лирикалық әндерін сөз еткенде, ескере кететін бір проблеманы еске 
салған жөн. Ол Қазақстан музыкатану ғылымында осы күнге дейін қалыптасып 
келе жатқан орынсыз ой-пікір. Бұл қате тұжырым бойынша, Абайдың нағыз үлттық 
нақышпен безендірілген, нағыз қазақи туындылары «Айттым сәлем, қаламқас» пен 
«Желсіз түнде жарық ай» әндерін орыстың «Карие глазки» романсы мен орыстың 
халық әні «Коробейникиге» еліктетіп шығарылған, тіпті бұл әндерді Абай жазбаған 
да шығардеген күмәнді сөздер айтылып келеді. Біздің ойымызша, бүл теріс ұғым 
кеңес заманы идеологиясының салдарынан шыққан тұжырым. Соншама әндер 
шығарған Абай тек осы екі әнге келгенде, қалайша олардың авторы болмайды?! 
Рас, Абай кезінде өз ортасында әртүрлі халықтардың музыкасын естіп, табиғи 
дарынының арқасында оны қабылдап, өз шығармашылық лабораториясынан 
өткізгені мәлім, соның нәтижесінде, біз Абай тек өз мәнеріне тән әндер жазған деп 
толық айта аламыз.»
Абай әндерінің ішінде жастардың ең бір сүйіп айтатыны-«Желсіз түнде 
жарық ай» әні (1888). Бұл әнде нәзік ғашықтық сезім табиғаттың таңғажайып 
тербелісімен үндесіп, жүрекке жылы әуенмен әсерленген. Шексіз кеңістік, нәзік 
акварельді бояумен суреттелген ауыл кеші, шаттыққа толы жастық лебіз сүйкімді 
сазбен тербеліп тұрғандай. М.Әуезов тілімен айтсақ: «мұнда бәрі нақты, айқын да 
бұлтсыз, сабырлық пен қуанышты сезімдерге бөлейді». 
«Желсіз түнде» әнінің айрықша стилистикалық белгілері ретінде натуралды 
минордан параллельді мажорға жұмсақ ауысу, әуендегі трихордтық мотивтер 
кездеседі. 
Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп, 
Ауылдың жаны терең сай, 
Тасыған өзен гүрілдеп. 
Қалың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өзді-өзі, 
Көрінбей жердің топырағы, 
Құлпырған жасыл жер жүзі! 
Абай әндерінің екінші топтамасына тақпақ сазды, ақындық сарындарымен үндес, 
речитативтік әндер кіреді. Бұларда мазмұндық жағы жетекші орын алып, шағын 
диапазонды мақамдарда күрделі қоғамдық, әлеуметтік проблемалар көтеріледі, 
әзіл-сықақ, өсиет-нақыл, насихаттау, сынау тақырыптары басым келеді («Бойы 
бұлғаң», «Ата-анаға көз қуаныш», «Біреуден біреу артылса» және тағы басқа 
әндер).
Аталмыш әндердің арасынан «Ата-анағы көз қуанышын» алатын болсақ, бұл 
туынды өсіп келе жатқан жастарды адал еңбекке, білімділік пен адамгершілікке 
баулиды. 
Абайдың бұл шығармасында тәрбиелік мән басым болса, ал сатиралық 
«Бойы бұлғаңда» автор өзін терең жэне нәзік психолог ретінде көрсетіп, өмірде 


295 
кейбір адамның жағымсыз мінез-құлқын ашып әшкерелейді. Бұл әннің әр 
поэтикалық буыны бір дыбысқа сәйкес синхронды, яғни интонациялық тұрғыдан 
иірілгіш. Өлшемі ауыспалы болып, «кімді көрсем» деген өлең шумақтары 
кульминациялық биіктікте шырқалады. Бұл Абайдың асқан шеберлік мәнерінің 
айнасы. 
Абай. «Бойы бұлғаң» 
№ I 
Жылдам, шалкыта 
Бойы бұлғаң, 
Сөзі жылмаң 
Кімді көрсем мен сонан 
Бетті бастым, 
Қатты састым, 
Тұра қаштым жалма-жан. 
Өз ойында, 
Тұл бойында, 
Бір міні жоқ пендесіп. 
Түзде мырзаң, 
Үйде сырдаң, 
Сөзі қылжаң еркесіп… 
Речитативтік-декламациялық түрде жазылған әндердің ішінде «Сегіз аяқтың» орны 
ерекше. Әлеуметтік-өнегелі тақырыптың аясында оның атақты «Сегіз аяқ» әні 
әлеуметтік 
мағыналылығымен, 
көркемдік 
жетілгендігімен, 
форманың 
жаңашылдығымен сипатталатын шығарма. Бұл әнде Абай халықтың суырып салма 
ақындарының дәстүрлерін жалғастырып, одан әрі дамытады, адамгершілік туралы 
батыл және озық ойларын келтіріп, туған халқын рухани жетілуге жетелейді, адал 
да қажырлы еңбекті дәріптеп, таза рухты арман-мұрат пен имандылыққа 
талпынуды мадақтайды. 
Абайдың музыкалық мұрасында терең философиялық толғаныс, қайғылы-
драмалық, жалғыздық тақырыбы «Қараңғы түнде», «Ішім өлген сыртым сау», «Сен 
мені не етесің?», «Қарашада өмірі түр», «Қор болды жаным», «Өлсем орным қара 
жер сыз болмай ма», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әндерінде көрініс 
тапқан. 
Абай. «Қараңғы түнде…» Баяу, терең сезіммен JL 
Әуен қозғалысы толқынды, октава маңайында, негізгі тұрақты дыбыс пен 
минорлық терция аралығынан басталады. Әуен төменнен, тереңнен бой алғандай 
басталып, баяу, ауыр, бірте-бірте күш жинағандай көтеріледі. 
Абайдың ән мүрасы өзінің эстетикалық және көркемдік құндылығымен 
заманауи ұлттық өнердің қайнар-бұлағына айналды. Абай мелосын, өлеңдерін 
арқау етіп, Қазақстан композиторлары әр жанрда көптеген туындылар жазды Абай 
әндерін опера жанрының заңдылықтарына үйлестіріп, оларды түрлі 
модификацияға салған, вокальдық, хорлық, оркестрлік бай тәсілдермен тереңдетіп, 
асқан кәсібилікпен игерген түңғыш ұлттық композиторлар Ахмет Жұбанов пен 
Латиф Хамиди. 


296 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет