293
ҚОСЫМША
Сара Күзембаева. Абайдың музыкалық шығармашылығы
Халқымыздың дәстүрлі өнерінде Абай өзіндік музыкалық шеберлігімен,
ерекше
әуен сұлулығымен, оның нәзік сезімталдығымен,
әндерінің тақырыптық,
жанрлық байлығымен, ырғақтық және өлшемдік
орамдылығымен жаңашыл
композитор болып кеңінен танылды.
Абай шығармалары негізгі екі жүйеге топталады. Бірінші жүйеге-
шалқымалы, әсем сазды, кең үнді, нәзік сезімталдылығымен
өрнектелген
лирикалық: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем,
қаламқас», «Сен мені не етесің?», «Өзгеге көңлім тоярсың» және тағы басқа әндері
жатады. Олар өздерінің кестелі музыкалық тілімен, образдық сипатымен, сезімтал
эмоциялық әсерімен ән мәдениетінде, оның ішінде лирикалық-ғашықтық әндердің
классикалық үлгілеріне айналды. Мысалы, халық поэзиясында,
эпикалық
жырларда жиі кездесетін шағын үлгіде жазылған «Жігіт сөзі»-«Айттым сәлем,
қаламқас» және оған жауап ретінде келтірілген «Қыз сөзі»-«Қиыстырып
мақтайсыз» деген екі бөлімнен тұратын әндерді келтірейік. Мұнда мелос өрісі нәзік
лирикалық толғаныспен, қанатты үнмен шырқалады. Мақамның бастапқы сезімтал
Достарыңызбен бөлісу: