Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы



Pdf көрінісі
бет241/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, 


291 
ерінбе...».
 
РЕФЛЕКСИЯ. 
Шығу парақтары.
Түсіндірме жазба
«Абайтану» курсы «Мұғалім кітабы» әдістемесі ұлы ақын шығармаларын 
терең түсіну арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, қазақ тілінің құдіретін таныту 
арқылы жетілген, толысқан ұрпақ тәрбиелеуді көздейді. Қазақ әдебиетінің 
дарынды өкілдерінің ішінде асқан талантты, көркем сөздің зергері, не жазса да 
жүрегінің әмірімен жазатын ақын, сазгер, философ Абайдың есімі ерекше.
Ұлы ақынның шығармасын 8-сынып оқушыларына меңгертуде, бірнеше 
бағытта тақырыптық жұмыстар қарастырылды. 
Курсты оқытудың міндеттері:
1.Абайдың шығармасымен қазақтың сөз өнерінің құдіретін білу, сөз мәйегін 
танытуды оқушыларға, жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
2.Адамның кемелденіп дамуындағы көркем сөздің өзіндік орнын түсіну, 
бағалау, адамның толысу жолында сөздің берер қуаты арқылы рухани-мәдени 
құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту; 
3.Абайдың ақындық мектебінің поэзия мен музыкадағы өзіндік дәстүрі мен 
жаңашылдығын үлгі ету; 
4.Ақынның туған жерінің ерекшелігі, ұрпақ орнатқан мәңгілік ескерткіш, 
өнер туындыларының Абайға арнаған сурет, сәулет, кино, драмалық, ақындық, 
жазушылық, сазгерлік т.б. шығармаларындағы нақыл сөздерінің мән-мағынасын 
ашып, сол нақыл сөздердің адам өміріндегі мәнін, шығармаларының адамгершілік 
идеяларын таныту;
5. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, 
жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету. 
Абайды тану, оның шығармаларының мәні мен маңызын сезіну, күллі 
азаматтың парызы десек, оны оқып-үйрену, терең бойлай білу, жан-жақты талдау, 
ол ұрпақтың міндеті болмақ. 
 
Абайтану материалдары негізінде оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін 
дамытуға да мүмкіндік бар. Оқушыға ізденіс тапсырмасын бере отырып танымдық-
шығармашылық қабілетін ұштаймыз, өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік 
туғызамыз. Сабақта өз бетінше жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу бала үшін үлкен 
жетістік.
«Абайтану» таңдау курсында оқушылар үшін алдыңғы сыныптардан 
қалыптасып келе жатқан өз бетінше оқу, өз бетінше іздену, өз бетінше шешім табу, 
өз бетінше сараптау, өз бетінше бағамдау сияқты оқу әрекеттерін шыңдап, 
жетілдіріп ұйымдастыруға басымдық беріледі. Бұл тұлғаның жетілуіне мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет