18. Возмужал-наука из –под рук ушла
19. Поздно к ней ты устермился, разум
мой!
20. Кто повинен,что остался я ни с чем,
21. Смолоду учась, я был бы не такой!
Сабақтың соңы Қорытынды: «Минуттық эссе» Мұғалім бірнеше тірек сөз ұсынады.
Оқушылар «Шеңбердегі әңгімеден» алған
әсерімен Абай шығармасын әлем әдебиеті
үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сыни
мақала жазады.
Тірек сөздер: өлең, ақын, аудару, әлем
тілдері,көркем, мағына, құнды, бағалы, ой,
жол, жетістік, танылған, салыстыру,ғибрат.
Дескриптор:
Тірек сөздер арқылы жинақы мәтін
жазады.
Өз көзқарасын білдіреді.
Сауатты орындайды.
Рефлексия «Жетістік баспалдағы» Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын
стикерге жазып,тақтаға іледі
Үйге тапсырма: «Әлем таныған Абай»эссе
жазып келу.
«Минуттық эссе» «Жетістік баспалдағы» ҚОСЫМША Ха Хуан Жан (Хабай) Абайдың қытай еліндегі аудармашысы, әрі
насихаттаушысы ақын ұрпақтарының жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Ұлты Сібе,
Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласы маңындағы Қазақтар ауылында туып,
балалық, жастық шағы қазақтармен бірге өткендігі, Қытай тіліндегі мектептерде
оқыса да, қазақша аса жетік білетіндігі, әсіресе Абайды бала күнінен жаттап
өскендігі мәлім болды.
Хабай мырза Шыңжан университетінің орыс тілі факультетін бітіріпті, ұзақ
жылдар Қытайдағы Қазақтар арасында ауапты қызметтер атқарған. 1970 жылдан
бастап Пекиндегі лттар баспасында, 1980 жылдан Қытай қоғамдық Ғылымдар
академиясы аз ұлттар әдебиетін зерттеу институтында, кейін «Аз Ұлттар әдебиетін
Зерттеу» журналының басч редакторы болып істеген. 1950 жылы Абайдың
«Ескендір» поэмасын, 1958 жылы «Масғұт»поэмасын Ханзу тіліне аударып,
Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. 1958 жылы «Қазақтың ұлы ақыны-
Абай» атты алғашқы ғылыми зерттеу мақаласын жазып, Пекинде «Тянь-Шань»
журналында бастырған.
Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын, 45 ғақлия сөздерін түгел аударған.
«Абай және Абай шығармалары » деген 3 кітабын Пекин қаласында
бастырып шығарған.