150
ҚОСЫМША
Абай Құнанбаев «Он сегізінші қарасөз»
Адам
баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол
киімін былғап,
былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не
киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін,
жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп,
шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре
болмақ.
Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы,
жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін
күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай,
осылардың атындай ат мініп,
киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір
ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден
безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан
басқа нәрсеменен оздым ғой
демектің бәрі де - ақымақтық.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының толық жинағы.
Екінші том. Алматы: жазушы, 2002.- 336 б
Күні :
Мұғалім:
Сынып: 6
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Бөлім:
Ғылым оқып, ой тапқан
Сабақтың
тақырыбы:
А.Құнанбаев «Жиырма бесінші қарасөзі»
Сабақ мақсаты:
А.Құнанбаевтың «Жиырма бесінші қарасөзін» тақырыптық-
идеялық сипатына талдайды. Қарасөздегі негізгі тұжырымдарды
ажыратып, өзіндік түйін жасайды. Көтерілген мәселені бүгінгі күн
тұрғысынан бағамдайды.
Достарыңызбен бөлісу: