Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет131/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

3-
мәтін 
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы 
өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып 
қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына 
бейімделген. Бірақ, әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, 
арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана 
өсімдік бейнелес. 
Бұрын қара болушы еді, бетінің қызыл да бар еді. Қазір де қаладан 
қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған. Сұйықтау 
қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңдап көрінеді. Ода ауырғандық пен 
күн көзінде болмағандық белгісі.
Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше 
үйлесті. 
Ол атқан мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі 
басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе, әжесі. Одан қала бере 
шешесі. 
Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. 
Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуел 
Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме 


160 
айтуды сұрады. Сонда, ол ойланып отырып: 
-
Е-е... 
-
Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?- деп, тағы да әңгіме 
тілегенін 
-
білдіруші еді. Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар 
қорығы», «Құла мерген» - бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, 
-
кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. 
Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол 
осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. Ел 
мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты... Осыдан жиырма-отыз 
жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген 
өзінің асыранды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, 
жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп 
өлеңін шұбыртады. Басқа да «Қарашор шапқан» сияқты шабысты, жортуылды 
айтады. 
Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. 
Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап
айтпай қойса өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол 
көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, 
білдірмей, шақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, 
өсиет әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін 
кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен: «Жүсіп - Зылиқа» сияқты 
қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақалдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған 
түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта 
көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады. Зере ел шабысын әңгіме 
еткенде, сол істердің бәрін ел басына әлек салған, ұлардай шулатқан, кесел күндей 
айтатын. Кішкентай күнінен ертек-әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті, көп 
есітіп, көп біліп алған сияқты. 
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопея. Бірінші кітап. Бірінші бөлім. 
Қайтқанда. Алматы: Жазушы, 1989.-608 бет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет