Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет167/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

ШЫТЫРМАНДА (ІІ бөлім) 
Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келді. Өз қыстауынан айрылып, 
қарауылдың бас жағын-Түйеөркеш деген жерді қыстаған Сүйіндік аулы қазір тамда 
емес, киіз үйде екен.
Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші тола тірелген жүк, буулы тең 
менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, тұскиізбен 
қоршалыпты. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы-Әділбек, Асылбекпен-бәрі де 
қонақтармен бірге болды. Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан 
бар. Ол Сүйіндіктің қызы-Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы 
Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, 
әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. 
Құлақтағы әшекей сырғасы бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері - 
баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты.
Абай Сүйіндіктен де қысылған жоқ. Бала емес, ысылған, ашық, үлкендерше 
сөйлейді. Біраз әңгіменің басын қайырған соң, Абай Сүйіндіктен Өскембайға ас 
берген тұста айтқан сөзі туралы сұрады. Сүйіндік оны да айтпақ болды. 
-
Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, қалың елді жиды 
ғой. Тобықтының одан үлкен асы болған жоқ. Естіген шығарсың? 
-
Естіп ем. Соғансіз де бардыңыз ба? 
-
Әкеңмен ол кезде қырбай едім! Бармадым. Бірақ Айдос, Жігітектен, тіпті анау 
Мамай, Жуантаяқтан да ел қалған жоқ. Жұрттың бәрі көшіп, сонау Көкшетауға 
барып, ұлы дүбір мереке жасады ғой. Сонда Бөжей мен Майбасар келіспей қапты. 
Майбасар старшын. Жуантаяқтың бір ұрылары Наймандағы Бөжейдің 
нағашыларына барып, көп жылқысын әкеп, қырып тастапты. Соның қуғыншысы 
келіп, Бөжейге: «Есемді әпер!» дейді ғой. Бөжей Майбасарға асылады. 
«Ақыластыр, малын әпер!»- дейді. Соған Майбасар: «Сандалып, не айтып жүрсің?» 
деп, ренжітіп тастайды. Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой. «Ажарым өтпейтін 
болса, шашпауыңды несіне көтердім?» деп, өкпелеп қалады. Сүйтеді де, ас 
тарқамай көшіп кетеді. Бұған еріп Жігітек, Байшора, Жуантаяқтан да кеткендер 
болды. Осы орайда, мен үйде жатып, бір-екі ауыз сөз айтып ем, қадағалап 
отырғаның со ғой. 

Не айтып едіңіз сонда? 

Білмексің ғой, оны да айтайын: 
Өзге егіз болғанда, құдай жеке, 
Алдыңа ата-анаң – ол бір Меке, 
Қырық үйліні қырық пышақ қылып едің, 
Өз асың да бұзылды-ау, Өскенеке?- деп ем. Жұрт дегеннің ұмытпай жүргені со-


212 
дағы!- деді. Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді. 
Абай осыдан соң өзге әңгіме сұраған жоқ. Аздан кейін ет пісіп, жұрт асқа 
отырды. Ас ішіліп біткен соң, «Жас қонақтың ұйқысы келді» деп, төсек салу 
қамына кірісті. 
Абай тысқа шығып өз-өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рақат 
қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алды. 
Қарабас пен Абай үйге кіргенде, кең үйдің төріне екі қонаққа арналып төсек 
салынып жатыр. Бұл түнде таң аппақ болып атқанша Абай бір секунд та көз ілген 
жоқ. Күн шығарда ғана азғантай мызғыды. Бірақ үй іші оянғанда бірге оянып, ерте 
тұрды. Далаға Сүйіндік те шыққан еді. Әкесі тапсырған алық-берік жөніндегі 
сәлемді Абай сонда айтып, бұл ауылға келген жұмысын осы таңертеңгі уақытта 
бітірді. Шаруа біткен соң, Қарабас ертеңгі салқынмен қайтайық деп байлаған. 
Сондықтан дастарқан жиылған соң, ол аттарды ерттегелі шығып кетті.
Түннен бері үндемеген бәйбіше де Ұлжанға сәлем айта отырып, Айғызды 
есіне алды. Содан барып Кәмшат есіне түсіп, Абайды сұрақтың астынан алды. 
Абай амалсыздан сөйлеп, қысқа ғана жауаптар қайырды. Кеше Құлыншақ та, бүгін 
мынау ауыл да Кәмшат жайын ылғи «жетім жандай, күңдікке, қорлыққа кеткен 
бишара, әлсіз сорлыдай» сөйлейді. Тегін емес-ау! Жидебайға қайтысымен 
әжелеріне осы есіткендерін айтып, Кәмшаттың күйін білдіру керек. Әке не десе 
одесін, бұны істемей болмайды. Абай осыған байлады. Жүрерде тағы да қымыз 
ішіп, жолға қарсы тоғайып ап, екі жолаушы атқа қонды. 
Ойға түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір - кезде арт жағынан дүрсілдеп 
кеп қалған ат дүбірін естіді. Қарабас пен Абай да жаңа жүргіншінің қосылғанын 
теріс көрген жоқ. Жай сұрасқанда бұл жігіт-Сүйіндіктің ауылдасы, Көмекбай 
баласы Ербол деген жігіт боп шықты. Қарабас Ерболмен оп-оңай білісіп, 
әңгімелесіп кетті. Әңгімешіл, күлегеш Ербол, енді Абайға бар тұлғасымен ұнай 
бастады. 
Аздан соң Ербол Абайлардан бөлініп, Көлқайнарға қарай тартып кетті. 
Келгенінде күліп келгені сияқты, кетерінде де күле қоштасып айрылды. Абай 
бұның сол көңілдігіне қызыға қарап қалды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет