254
жеті ішінде Абайдың бетіне күлкі жүгіргендей болып, Тобықты жайлауына сергіп
қайтады.
ҚИЯДА (ІІІ бөлім)
Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге
қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат
жоғалады. Жоқшылар ұрының ізін таба алмады. Көп өтпей Керейден де жылқы
жоғалады. Ұрының ордасы Жігітектің Қаумен ауылы болып шықты. Оны алғаш
Базаралы таңсәріде ұйқысы қашып, сыртта жүргенде бейтаныс аттарды алып
келген өз ағасы Балағаз және қасындағылар Абылғазы мен Әділхан екенін
байқады. Базаралы ызаға булығып, жағдайды әкесі Қауменге айтады. Қаумен
Балағазды қасына шақырады. Базаралы шыдай алмай, өз ағасымен жағаласып
кетеді. Қаумен оларды тоқтатып, Балағазға көшуін бұйырады. Құнанбай: «Жаңа
кесілген ет қайда болса, ұры да сол жақта», – деп, әр елге сыр бермейтін шал мен
кемпірлерді жібереді. Көп өтпей Абылғазының үйінен еттің иісі шығады. Кейіннен
ол жігіттер көрінбей кетіп, тау ішін паналайды. Ұрылардың істері ел ішіне
жайылып, енді барлық салмақ олардың ауылдары Қарашанікіне және Қаумендікіне
түседі. Осы тұста жаңа заң шығады. Енді Тобықтыны старшын емес, үш болыс
болып билейтін болыпты. Құнанбай сайлау алдында ұрылардың тоқтатуға шешім
қабылдайды. Бірақ Балағаздар мал алуды тоқтатпады. Құнанбайдың шақыруына да
көнбеді.
Достарыңызбен бөлісу: