Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С


«Абай» шығармаларының екі томдық толық жинағы, ІІ том, Алматы



Pdf көрінісі
бет31/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   322
«Абай» шығармаларының екі томдық толық жинағы, ІІ том, Алматы 
«Жазушы», 2002 жыл (25 бет) 
«
Теректің сыйы» – М.Ю. Лермонтовтың «Дары Терека» атты өлеңінің
1898 жылы Абай тәржімалаған туындысы. Орысша түпнұсқасы 76 жол, қазақшасы 
38 жол. Абай өлеңді еркін аударған, алайда жалпы мағынасын, көркемдік құнын 
қазақ оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізген. Кезінде В. Г. Белинский 
айтқандай, Кавказды мадақтау - Терек өзені мен Каспий теңізі бейнелері арқылы 
әсем жер аймағын оқырман көз алдына елестету.[8.19 стр.] Кавказдан бастау алып, 
Каспийге кұятын Терек оған қажет сыйлар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған 
бойымен өзеннің сыйына селт етпейді, үн шығармайды. Тек артынан «казак-орыс 
қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен 
амандасады. Лермонтов өлеңдерінде нақтылы, табиғат суреті мен көркемдік қиял 
осылай әдемі ұштасып келеді десек, Абай соның бәрін өзіндік бояуын сақтай 
отырып, әсерлі етіп қазақша айтып жеткізген. Ал, жеке сөздерді, сөйлемдерді 
аударғанда алшақ кеткен тұстары бар. Көбірек айтылатын өлеңнің алғашқы 
шумағындағы: 
«
Арыстанның жалындай бұйра толқын 
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып», – 
деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы «айдаһардай бүктеліп» дегенін еркіндікке 
жатқызсақ та, «арыстанның жалындай» дегені Лермонтовтың басқа бір 
шығармасындағы: «И Терек, прыгая как львица, С косматой гривой на хребте», – 
деп келетін сөздермен үндес екені байқалады және жал-аңдар арасында арыстанда 
ғана болатынын Абай дұрыс ескерген («львица» деп жаңылыс айтылған ғой). 
Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-
Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» 
атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық қателер 
кездеседі. 1909, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 3-ші шумақтың 2-ші жолы «Бұлттың 
сүтін ішіпержеткенмін» делінсе, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол 1933 
жылғы басылым негізінде және орысша түпнұсқасына сүйеніп («Вскормлен 
грудью облаков») «Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін» болып алынған. Мүрсейіт 
қолжазбаларында, 1907, 1910, 1909 жылғы жинақта 7-ші шумақтың 5-ші жолы 
«Қартаң Каспий қалтиған бойымен» деп берілсе, кейінгі басылымдарда 
Мүрсейіттің 
1905 
жылғы 
қолжазбасы 
бойынша 
«Қартаң 
Каспий» 
қалғығанбойымен» түрінде қабылданған. 1933, 1945 жылғы жинақтарда соңғы 
шумақтың ақырғы жолы «Қатынды алды, қытықсыз араласты», 1954, 1957, 1977 
жылғы жинақтарда бұл жол 1909 жылғы басылым негізінде «Қатынды 
алды,қитықсыз араласты» ретінде түзетілген. 
Абай «Теректің сыйы» өлеңіне ән шығарған. ән ақын әндерінің ішінде сирек 
айтылады. Тек 1984 жылы М. Мұхамеджанованың айтуы бойынша музыка 


40 
зерттеушісі Қ. Жүзбасов нотаға түсірген. Өлең мазмұнына сай музыка характері 
шығарманың негізгі идеясын ашып, тыңдаушыға зор әсер етеді. 
https://kk.wikipedia.org/wiki/Теректің_сыйы
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет