2-сыныпқа арналған «музыка» ПƏні бойынша қЫСҚамерзімді жоспар



бет1/42
Дата16.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#108113
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
2-ҚМЖ жаңа

2-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН «МУЗЫКА» ПƏНІ БОЙЫНША ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР



Ортақ тақырып

1-ортақ тақырып. Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1-сабақ. Музыка шаңырағы

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.1.1.1 музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтау
2.1.2.3 ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау
2.1.3.1 музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау жəне салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • музыкалық шығармалардың көңіл күйін анықтап, ажыратады;

  • жаңа əн мазмұнымен танысып, үйренеді;

  • музыка шаңырағына саяхат жасайды.

Оқушылардың көпшілігі:

  • əн айтады жəне əн мен күйден алған əсері туралы ойымен бөліседі;

  • əн биіктіктері мен нота ұзақтықтарын үйреніп, қолданады.

Кейбір оқушылар: есту сезімінің ерекшелігін көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Пəн лексикасы мен терминологиясы: əуен, музыкалық дыбыс, ырғақ.
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері: музыка шаңырағы. Музыкалық шығармалардың көңіл күйін ажырату
... менің ойымша ...
... секілді естіледі.
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Күйдің оркестрде орындалуы саған қалай əсер етті?







  • Қандай сезімде боласың?

  • Қандай музыкалық аспаптардың үнін таныдың?

  • Тыңдау жəне үйрену барысындағы музыкалық дыбыстың биіктігін салыстыр.

Алдыңғы сабақта алған білім

Оқушылар 1-сыныпта үйренген əндерін орындайды, ұнатып тыңдайтын əндері, күйлері туралы əңгімелейді.
Өз шығармашылығын көрсетеді.

Сабақтың барысы


Сабақ
кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақты ң басы

Қызығушылығын ояту
Мектеп туралы əдемі əн əуенімен сабақты бастау. Оқушылармен əуенді сəлемдесу.
– Музыка сабағында біз əуенді сəлемдесеміз.
Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау.
Оқулықпен, шартты белгілермен таныстыру.
«Өнерлі оқушым!» атты оқушыға арналған талаптарды оқып беру. Музыка əлеміне
шақыру.

Мұғаліммен əуенді амандасу:
Сə-ле-мет-сіз бе!

Интерактивті тақтада жазылып тұрған өлең жолдарын оқып, сыныпта көңілді психологиялық ахуал орнайды.


Қиындықтан өтуге, Армандарға жетуге, Білім алам ерінбей, Еліме қызмет етуге.




Оқулықпен жұмыс
Оқушылармен бірге «шаңырақ» сөзінің мағынасын ашу арқылы музыкалық шаңырақ сөзіне жақынырақ тоқталу.

Оқулықпен, шартты белгілермен танысады.



Өте жақсы! Керемет!



Интер активті тақта

Алғашқы сабаққа арналған таныстыры лым



Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбын
ашады.

Оқулықпен жұмыс
«Ашық сұрақ» əдісі
Суретке қарап, болжам жасайды.

Жарайсың, сен өз ойыңды жақсы жеткіздің!



Оқулық







Киіз үйдің шаңырағы болатыны белгілі, ал музыка шаңырағы бізге не туралы айтуы мүмкін?
Осы аспаптардан топ құрып, ансамбль жасалса, дыбыстары тыңдаушыны қызықтыра ма?
Ойыңды еркін жеткіз.
Мақсатын хабарлайды.

– Суреттегі балалардың қолында қазақтың екі түрлі ұлттық музыка аспабы бар. Сипаттап бер.
Əр аспаптың үні өзінше ерекше.

Өз мүмкіндіктерінше ойымен бөліседі.


Музыка шаңырағының астына өнер адамдары жиналып, домбыра тартып, əн салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетеді.









Мұғалім жұмбақ жасырады:

  1. Ұзын мойын, екі ішек, Қатар-қатар тепкішек. Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.




  1. Білімнің дəнін тереді, Балаға тəлім береді.

Сұрақтарға жауап береді:

  • Музыка сабағында біз нені білуіміз керек деп ойлайсың?

  • Музыка тыңдаймыз, əн салып үйренеміз, музыканы шығаратын адамдар туралы білеміз.

  • 1-сыныпта алған білімімізден не есте сақталды?

  • Музыкалық, шулы дыбыстар, дыбыстарды ноталар көрсететінін, əртүрлі əн-күйлермен танысып, есте сақтадық.

  • Оқулықтың бастапқы беті бізге не туралы ақпарат беріп тұр?

  • Күй тыңдап, аңыз-ертегілер оқимыз, халық əндерімен жəне композиторлар шығарған əндермен танысамыз.

Жұмбақтарды шешеді: домбыра, мұғалім.











Сабақты ң ортасы

Мағынаны ашу Музыканы тыныштықта, ұқыпты, бар зейінімен беріле тыңдауға үйрету. Музыка тыңдау ережелерін еске түсіру.
«Ата толғауы» күйін композитор
Н. Тілендиевтің Жамбыл Жабаев атамызға арнап шығарғанын атап өту.

Музыка тыңдау
Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Қүй əуенінен алған əсерімен, оркестр туралы ойларымен
бөліседі.
Тұяқ аспабының үнін таниды.
Домбыра, қобыз, дауылпаз т.б. аспаптарды таниды.

  • «Ата толғауы» күйі саған қандай əсер қалдырды?

  • Күй кіріспесінде қандай шулы аспаптың үнін таныдың?

Оркестр құрамындағы ұлттық аспаптардың тембрін анықтап, атап береді.


Оркестрмен орындауда тыңдаған күйдің əсерімен бөліседі.

Кері байланыс.


Сөздікті бағалау, толықтыру.



Бейнежаз ба: Аhttps://w ww.youtub e. com/watch? v=_FZrS6w IrDE
Нұрғиса Тілендиев тің күйі
«Ата толғауы»

Сергіту сəтіндегі өлең жолдары арқылы үйренетін əнмен таныстыру.
«Киіз үй»
(Ж. Тұрсынбаев)
«Киіз үй» əні туралы ойыңмен бөліс. Əуені саған қалай əсер етті?

Сергіту сəті Дөңгелене тұрайық, Киіз үйді құрайық,
Кереге боп керіліп,
Уықтар боп иіліп, Киіз үйді құрайық. Əн орындау
«Киіз үй» (Ж. Тұрсынбаев).
«Миға шабуыл» əдісі

  • «Киіз үй» əні көңілді, жайдары орындалды, əн ауылдағы өмір, киіз үй туралы т.б.

  • Əн əуенінен музыкалық дыбыстарды естідік.

Əн əуенінен алған əсерін, сезімін сипаттайды.

Сен өз ойыңды жақсы жеткіздің.
Жарайсың!

«Киіз үй» (Ж.
Тұрсынбае в)
https://yout u.be/XzS0 VVImkvE

Əн үйретудегі басты қолға алатын маңызды жұмыстарға басымдылық беру.

Нота ұзақтығын есептеп орындаудың ерекшелігін түсінеді, көрсетеді.
Кітапта берілген ырғақтық суретпен «Киіз үй» əнінің
алғашқы жолын мұғалімнің көмегімен таза орындауға талпынады.

Дескриптор:
«Киіз үй» əнінің алғашқы жолын мұғалімнің

Музыкалы қ аспап









Оқушыға түсінікті тілмен жеткізу.





көмегімен таза орындауға тырысады. Өте жақсы!
Оқулыққа қарап, дұрыс
орындауға тырыс.




Тапсырма.
Əрбір оқушыға шулы аспап беру. Осы аспаппен «Киіз үй» (Ж. Тұрсынбаев) əнінің ырғағын ұрып ойнауды көрсету.

«Хали-лай, ли-лай» буындарының ырғағымен ырғаққа бірдей түсуге тырысады.

Жұмбақ шешу арқылы əннің тақырыбы мен мазмұнын бекітеді.



Өте жақсы! Талпына түс.



Шулы аспап
«Киіз үй» əні (аудиожаз ба)

Əнді əндету арқылы ұрмалы аспапты (асатаяқ) оқушылар арасына жіберу.
Əн үйрену сəтінде ноталарға таза түсуін
қадағалау.

Шығармашылық жұмыс

Əн аяқталған кезде қолында аспап қалған оқушы мұғалім орындаған ырғақты қайталап орындайды,


ал басқа оқушылар қол шапалақтап, оны қайталайды.

Жақсы. Керемет!



Ырғақтар жазылған карталар, асатаяқ

Сабақты ң соңы

Рефлексия
Сен танысқан күй, əн қалай аталады? Бір-екі сөзбен қалай сипаттар едің?
Қандай сезімде болдың?
Көңілді əнмен сабақты
аяқтау.

«Бір минуттық əңгіме» əдісі
Сұрақтарға жауап беріп, өз көңіл күйі туралы айтады:
Музыка сабағында мен ... .



  • Менің көңіл күйім ... .




  • Тыңдаған əн маған ... .




  • Əн айтқанда мен ... .

«Үш шапалақ» əдісі

Аудиожаз ба




Ортақ тақырып

1-ортақ тақырып. Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

2-сабақ. Мен оқушымын

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

        1. музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен музыканың сипатын анықтау

        2. əуеннің вокалдық, аспаптық түрін ажырату жəне анықтау

2.1.3.1 музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау жəне салыстыру

Сабақтың мақсаттары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет