Топқа бөлу: Гүлдер арқылы 4-топқа топтасады.
« Жүректен жүрекке» әдісі Топ бір-біріне тілектерін білдіріп, бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсаты
таныстырылады.
1- тапсырма. Топтық жұмыс. Жаз өлеңі үзінділері арқылы жұмыс жасау. 1- топ . «Балық қаңқасы» Берілген эпизодқа
тақырып қою, басты мәселелерді анықтай отыра
қорытынды шығарыңыз.
Дескриптор: •
Тақырып қояды;
•
Басты мәселені анықтайды;
•
Қорытынды шығарады.
2 – топ . «Венн диаграммасы».
Берілген үзіндіні қазіргі кезбен салыстырып, өз
ойларыңызды айтыңыздар.
Дескриптор: •
Қазіргі кезбен салыстырады:
•
Ұқсастықтарын жазады;
•
Өз ойларын айтады.
3 – топ . «Не?» кестесі.
Үзінді
не туралы деген сауалға жауап жазып, өз
көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
Дескриптор: •
Сұраққа жауап жазады;
•
Өз көзқарасын білдіреді.
4 – топ .«Түйін».
Өлеңнен алынған үзінді бойынша автордың
айтпақ ойын ашып, түйінді ой жазыңыздар.
Өлеңнен үзінді Түйінді ой
Дескриптор: •
Үзінді бойынша түйінді ой жазады;
•
Автордың айтпақ ойын ашады;
•
Өз ұсынысын білдіреді.
Постер, А-4, түрлі түсті
қаламдар
121
2- Тапсырма Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырма. Өлең бойынша берілген тапсырмаларды
орындаңыз.
1. Абай жаз өлеңі арқылы не айтқысы
келеді?
2. Жаз мезгілін автор адам баласымен қалай
байланыстырады?