Пікір берушілер


III Орта мектепте теңсіздіктерді оқыту әдістемесі



бет2/36
Дата06.01.2022
өлшемі5,73 Mb.
#13039
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
III

Орта мектепте теңсіздіктерді оқыту әдістемесі

  1. Теңсіздіктер туралы

  2. Орта мектептегі бір белгісізі бар теңсіздіктер

  3. Теңсіздіктерді дәлелдеудің кейбір әдістері

  4. Арифметикалық және геометриялық орташалар

  5. Иррационал теңсіздіктерді шешу

  6. Логарифмдік теңсіздіктерді шешу

  7. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

  8. «Анализге кіріспе» (10 сынып) қолданбалы курс бойынша курс

Бағдарламасы
Қорытынды

Әдебиет
Кіріспе
Адамдардың күнделікті өмірінде теңдіктерден көрі теңсіздіктер өте қажет болады. Мектеп алгебрасындағы маңызды мәселелердің бірі – теңсіздіктер. Математика оқулықтарында «Үлкен», «Кіші» таңбаларымен байланысатын өрнектер жиі кездеседі. Оқу бағдарламасында сандық теңсіздіктердің қасиеттерінен бастап, жоғары дәрежелі теңсіздіктерді шешудің теориясы мен практикалық мәселелеріне дейін кең орын берілген. Мысалы, сызықтық теңсіздіктерді шешу, екінші дәрежелі теңсіздіктер көмегімен квадраттық үшмүшені зерттеу, теңдеулер жөнінде талдаулар жасау, жуықтап есептеулер, үздіксіз бөлшектер, иррационал сандар теориясы, сандық қатарлар сияқты мәселелер теңсіздіктер арқылы түсіндіріледі. Тек математикада ғана емес, әр түрлі жаратылыстану ғылымдарында зерттелетін табиғаттың үздіксіз процестері, әсіресе экологиялық, экономикалық және т.б. халықшаруашылығындағы байланыстар теңсіздіктердің көмегімен шешіледі.

Теңсіздіктер теориясы орта мектепте оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта алатындай, өз алдына ғылыми – педагогикалық маңызы бар негізгі оқу материалы болып есептеледі. Ол оқушыларды айқын дұрыс ойлауға, шамаларды салыстыра білуге дағдыландырады.

Соңғы кезде орта мектеп математикасында көптеген жақсы бетбұрыстарға қарамастан теңсіздіктер жөнінде мектеп оқушыларының түсініктері мардымсыз. Жоғары оқу орындарына түсуге талпынатындардың басым көпшілігі теңсіздіктерді нашар біледі, шамалы білгендерінің өзін нақты есептер шешуге қолдана алмайды. Осы олқылықты жою үшін теңсіздіктер теориясы мен оны үйренудің әдісін жетілдіру қажет. Политехникалық принциптерді басшылыққа ала отырып, физика, химия, география, биология және т.б. ғылымдарды қолданудың нәтижесінде шығатын әр түрлі теңсіздіктерді өрнектейтін мысал есептер құрастырып шешу керек. Теңсіздіктер шешуді оқушылар күнделікті кездестіретін айналасындағы фактілермен байланыстыру қажет.

Әр түрлі теңсіздіктер ерте заманда–ақ белгілі болған. Евклид пен Архимед шығармаларында көптеген теңсіздіктер келтірілген. Осы күнгі теңсіздік таңбасы 17 – ғасырда ағылшын ғалымы Томас Гариоттың латын тілінде жазылған «Аналитикалық өнердің практикасы» атты еңбегінде тұңғыш рет келтірілді.


Диплом жұмысы Кіріспе бөлімі 3 – тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет