217
жанрға айналды. Ал, Жаңа уақытта (негізінен XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғ.
басында) элегиялық жанр благодаря Т. Грей мен ВА Жуковскийдің арқасында қайғы мен
зар, өкініш пен меланхолия арқылы анықталатын болды. Сонымен қатар, бұл кезде түп
төркіні антикаға кететін элегиялық дәстүр де өз өмір сүруін жалғастырды. Осылайша,
И.В. Гетенің элегиялық дистихпен жазылған "Римдік элегияларында" махаббат қуанышы,
тән тояты, эпикурлік көңілділік шырқалды. К.Н. Батюшков
пен жас Пушкинге ықпал
еткен Парнидің элегиялары тап осындай ауанда. "Элегия" сөзі көріп тұрғанымыздай
бірнеше жанрылық түзілімді таңбалайды. Ертеректегі дәуірлер мен мәдентеттердің
элегиясы түрлі нышан-белгілерге ие. Осыған қарап, шын мәнісінде, элегия өздігінен
дәуірден үстем төлтумалық деп айту еш мүмкін емес. Жалғыз ғана түзетуші анықтама
элегии "жалпылай" алғанда "лирикалық поэзияның жанры"
болып табылатындығы
(осындай азғана нышандық бөлінушілікпен "Шағын әдеби энциклопедияның шектеліп
қалғандығы негізсіз емес").
Тап осындай сипатқа өзге де жанрлық таңбаланушылықтар да ие (поэма, роман, сатира
және т.б.). Ю.Н. Тынянов "жанрдың өзідік нышан-белгілері өсіп-өрбиді" деп
әділеттілікпен тұжырымдады. Ол, оның ішінде: "...то, что называли ою в 20-е годы XIX
ғасырдың 20-шы жылдары ода деп атағалғандар, немесе, ақыр соңында, Феттің ода
дегенінің нышан-белгісі Ломоносовтың уағында мүлдем өзгеше еді" деп атап
көрсетті[788].
Жанрлық белгілеушілір туындының түрлі қырын таңбалайды. Осылайша, "трагедия"
сөзі драмалық туындының аталған тобының белгілі бір эмоционалды-мағыналық ауанға
(пафосқа)
жататын дәйектейді; "хикаят" сөзі әдебиеттің эпикалық тегіне жататын "орта"
көлемді (романға қарағанда кіші, новелла мен әңгімеге қарағанда ірі) мәтін туралы сөз
етеді; сонет ең алдымен, қатаң нақты бір көлемдегі (14 өлең) және арнайы ырғақтық
жүйеге иелік етушілігімен сипатталатын лирикалық жанр болып табылады; "ертегі" сөзі,
біріншіден, әңгімеленуші,
және де екіншіден, қиялға белсенділік пен фантастиканың
араласып келуін көрсетеді. Және осылайша ары қарай жалғаса береді. Б.В. Томашевский
бұрынғы "көп айырмашылықты" жанрлық нышан-белгілер "қандайда бір негіздеме
бойынша жанрларды логикалық жақтан жіктеуге еш мүмкіншілік бермейді"
байыптылықпен аңғарды[789]. Оның үсітне авторлар кйебірде өз туындыларының жанрын
осы дағдылы сөз қолданысынан сәйкеспейтін қалыпта өз еріктерімен белгілейді.
Осылайша, Н.В. Гоголь "Өлі жандарды" поэма; А.Т. Твардовский "Жол бойындағы үйді"
"лирикалық хроника", "Василий Теркинді" – "жауынгер туралы кітап" деп атады.
Жанрлардың эволюциялық процесі мен жанрлық таңбаланудың "әркелкілігі"
жағдайында әдебиет теорияшысының бағдар ұстануы мүлдем оңай емес. Ю.В. Стенниктің
ойынша, "қашанда жанрлық типологиялық жүйені орнықтыруда субъективизм мен
кездейсоқтықтың қаупі сақталып қалады"[790]. Бұндай сақтандыруға құлақ ілмесе
болмайды. Бірақ та біздің жүз жылдығымыздағы әдебиеттануда "әдеби жанр" ұғымын
нақты
аспектіде, тарихи-әдеби (жеке жанрлық түзілімдерді зерттеуде), сонымен қатар
өздік теориялық жақтан жобалауға әлдебір талпыныстар жасады. Жанрларды жүйелеу
тәжіриебесіндегі дәуірден астамдық және бүкіл әлемдік аяда әрі отандық, әрі шет елдік
әдебиеттануда қолға алынды [791].
Достарыңызбен бөлісу: