218
дәстүрге" байланысты болып келетін арнайы "топтастырылған амал-тәсілдер" деп атады.
Ғалым
жанрдың
нышан-белгілерін
туындыда
басымдыққа
ие
және
оның
ұйымдастырылуын айқындаушы деп сипаттады[792].
Формалды мектептің дәстүріне
мұрагерлік ете отыра, сонымен бірге оның кейбір
ережелерін қайта қарастырған ғалымдар жанрлардың мағыналық жағына жіті назар
аударып, олардың "жанрлық мәнділік" және "жанрлық мазмұн" терминдерін кәдеге
жаратты. Бұл жерде біріншілік тізгіні жанрлық форма туындының тақырыпнамасы және
оның авторларының өміртанымдық нышан-белгісімен жіпсіз
байланыста болып келеді
деген М.М. Бахтиннің еншісінде: "Жанрларда <...> оның ғасырлар бойғы өмірінде танып-
білу формасы жинақталып, әрі әлемінің белгілі бір жағы пайымдалады"[793]. Жанр мәнді
конструкция құрайды: "Сөз зергері шындық болмысты жанрдың көзімен көруге үйренуге
тиіс". Және де тағыда: "Әрбір жанр <...> дегеніміз болмыстың әрі күрделі амал-
тәсілдерінің жүйесі, әрі оны түсіне игерудің жолдары"[794]. Бахтин туындының жанрлық
қасиеті бөліп-жарылмайтын бірлікті құрайтынын атап көрсете отырып, сонымен бірге,
жанрдың формалдық (құрылымдық) және өзіндік мазмұндық аспектісін шектеді. Ол
туындының құрылымын сипаттайтын әбден қалыптасқан антикалық жанрлық аталымдар
эпопея,
трагедия, идиллияларды сипаттай келе, кейінен олардың Жаңа уақытта
қолданылуы "жанрлық мәнділікті таңблаушы ретінде кәдеге асырылады" атап
көрсетті[795].
Бахтин еңбектеріндегі жанрлық мәнділіктің көрініс беруі тікелей сөз етілмейді,
дегенмен,
жалпы жиынтығында, роман туралы (бұл жайында кейінректеу сөз болады)
оның айтқан адам игерген көркемдік принциптері, оның қоршаған ортамен байланысы
жайындағы пікірлері айқын бола түседі. Осы бір XIX ғ. Гегель қарастырған жанрлардың
эпопея, сатира және комедия,
сондай-ақ, романның терең аспектілері сипатамасындағы
"субстанциалды" және "субъективті" (индивидуалды, бұлыңғыр) ұғымдар еліктіреді.
Жанры бұл арада белгілі бір "әлемінің жалпы ахуалын" және конфликтілерін
("коллизияларын") пайымдаумен байланысты болып келеді. А.Н. Веселовский осыған
жуықтау қалыпта жанрларды тұлғалар мени қоғамның өзара
әрекеттестік кезеңдеріне
жатқызды[796].
Осы бағытта (біздің көзқарасымызша Гегельге қарағанда Веселовскийге жуықтау)- Г.Н.
Поспеловтің әдеби жанрлар концепциясында 1940-шы жылдары жанрлық құбылыстарды
жүйелеудің айырықша тәжірибесін қолданды. Ол жанрлық формаларды "сыртқы"
("тұйықталған композиция-стилистикалық тұтастық") және "ішкі" ("образдық ойлау" мен
"характерлерді танымдық тәпсірлеудің" "арнайы жанрлық мазмұндық" принципімен)
шектеді. Сыртқы (композиция-стилистикалық) жанрлық форманы мазмұндық
бейтараптық (оның үстіне поспеловтік жанрлар концепциясы бірнеше мәрте біржақты, әрі
уязвима деп атап көрестілді) ретінде бағалаған ғалым жанрлардың ішкі жағына көңіл
аударды[797]. Ол үш дәуірден үстем жанрлық топтарды бөліп көрсетіп және сипаттап,
соның негізінде оларды адам мен қоғамның, кең мәнісінде әлеуметтік ортаның
көркемдік
ойы жететін қарым қатынас типінің әлеуметтік принципі бойынша шектеушіліктің негізін
салды. "Егер ұлттық-тарихи жанрлық мазмұндағы туынды (эпопея, былин, одалар. - В.Х.),
Достарыңызбен бөлісу: