34
Афанасий Никитиннің "Үш теңізге саяхатын", Н.М. Карамзиннің "Орыс саяхатшысының
хатын", байрондық "Чайльд Гарольдтің тәу етуін" еске түсірейік. Ұлттық экзотика
романтизм поэзиясының жасампаздығының бір арнасы болып саналды. Мақсатты, әрі
бағдарламалық тұрғыда әдебиеттің өз ұлттық тақырыптамасының аясынан шығып, тарих
қойнауына сүңгуі И.В. Гетенің "Батыс-шығыс диваны" кітабына тән, оның осы жағын
айқын аңғарған қаламгердің замандастары автор өз жеке бастық дербестігінің тәжірибесін
байықтыра отырып, бір жақтылықты еңсерген дейді[121]. Белгілі бір ұлттық топырақта
туындаған Дон Жуан, Фауст, Дон Кихот образдары кейіннен жалпыеуропалық өмірдің
құндылығына айналды.
Адам болмысын көркемдікпен тану көрініп тұрғандай
көбіне алыс пен жақынды
жуықтастырып, о бастан еректеніп тұратын өз бен өзгені кейбірде туыстастырып жібереді
(XX ғ. осы турасындағы жарқын мысал көп ғасырлық мәдениеттер тоғысымен
тыныстаушы Н.К. Рерихтың шығармашылығы болып табылады).
Көркем тақырыптаманың мәнді буыны тарихи уақыт құбылысы болып танылады. Өнер
дәуірден дәуірге құлашын кеңге жая отырып, халықтардың, аймақтардың және барша
адамзаттың даму қарқынының тыныс-тіршілігін игереді. Ол өткенге, тіпті кейде жақын
болашаққа жете ынта танытады. Ерлік туралы аңыздар, былиндар, эпикалық әндер,
балладалар, тарихи драматургия мен романистика тап осындай болып келеді[122]. Көркем
танымның тақырыбы да тап осылай, әрі болашақ турасында (утопия мен антиутопия
жанрлары). Бірақ та, өнер үшін ең маңыздысы автордың заманалығы: "Тірі тек сол ақын,-
деп тұжырымдайды Вл. Ходасевич,-өз дәуірінің ауасымен тыныстап,
өз кезеңінің әуенін
тыңдаған"[123]. Тап осы тақлеттес ойды 1860-шы жылдары мәдени-тарихи мектептің
көшбасшысы И. Тэн "қоршаған ортаның ойлары мен әдетінің жалпы жағдайы" [124] деп
өнер туындысына қатысты өжеттілікпен білдірді. Қаламгердің заманалылығы дегеніміз –
Аристофан мен Мольердің пьесаларында және де А. Дантенің "Құдіретті комедиясы" өзін
танытқан көркемдіктің «бетертақырыбы», бірақ ол ХІХ ғасыр әдебиетінде басым жағдайға
ие болып, өмірдің кескін-келбетін оны толғандырған мәселелеріне бет бұрып, барынша
жарқырата аша білу. Оған куә Стендальдың, О. де Бальзактың, Ч. Диккенстің, Г. Флобер
мен Э. Золяның, А. С. Пушкин мен М.Ю. Лермонтовтың, И.С. Тургенев пен И.А
Гончаровтың, Л.Н. Толстой мен Ф.М. Достоевскийлердің романдары, сондай-ақ роман
жанрының аясына еніп кететін көптеген ресейлік классикалық туындылар (Н.В. Гоголдің
"Өлі жандары", Н.А Некрасовтың "Русьте кім жақсы тұрадысы", М.Е. Салтыков-
Щедриннің сатиралық прозасы).
Өнерде көптеген көркемдік кереғарлықтар орын алғанымен бұл дәстүр өзін ХХ жүз
жылдықта да түгескен жоқ. Осылайша, символистік және акмеистік бағдардағы әдебиет
біршама деңгейде салондық-үйірмелік, ішкі көркемдік аядағы тұйықтылықта болып келіп,
көп жағдайда заманалықтан іргесін аулақ салып, халық өміріне төбеден қарайды. Осы
турасында бір жағы өкіне, бір жағы дабыл қаға 1916 жылы В.М. Жирмунский сөз етті.
"Символизмді еңсергендер" атты мақаласында ғалым символистердің
орын алмастырған
ақындардың (А.А Ахматова, О.Э. Мандельштам, Н.С. Гумилев) шығармашылығын кең
көлемде сипаттай отырып, сонымен бір мезетте замана әдебиетіне (символистік және
акмеистік) деген сыни пікірін жасырып қалмады. Жас зерттеуші ақындардың
"индивидуалистік құштарлығын" турасында, "олардың лирикаларындағы желімділік"
турасында сөз ете келе, "олардың жалғыз қалған жан-дүниесі сыртқа шарықтай алмайды";
сондықтан "жаңа поэзияға" "эстетизм мен аморализмнің декаденттық сан алуан түрлері"
енді дейді де; көптеген ақындар өз күй кешуін "ой-өрісінің тарлығы" және
"миниатюралық, ойыншық характері" арқылы беруде деп жазады.
Жирмунский асып-тасыған осындай шөп-шалам болашақ «жаңа реализм» әдебиетінде
еңсеріледі деп үміттенді: "... біз жаңа поэзия бұданда кеңге қанатын жайып, бүгінгідей
индивидуалистік, әдебиет төңірегіндегі, қалалық емес, өз бойына халық бойында
35
бұлықсыған сан алуан әлеуетті күштерді сыйдырған,
астана маңын ғана емес,
провинциядағыны, поместьедегіні, деревнядағыны қамтыған тарихи аңыз-әпсаналар мен
оның идеялық мақсаттарын барлық халықты жинақтап, барша Ресейді құшағына алған
жалпыхалықтық, ұлттық болады деп қиялдаймыз"[125].
Ғалымның үміті толық мәнінде ақталған жоқ. Ұлттық тұрмыс-тіршілікті жаппай тас-
талқан ету дәуірі мен «атың өшкір ескілікпен» күрес әдеби шығармашылықтың
заманалықпен байланысын тар және бұрмаланған ауқымда ұғындырды. Есік қаққан
дәуірдің шындығы ұлттың талпынысы мен мәдени дәстүріне баса көңіл бөлудің әлдебір
көп қырлы тұтастығы түрінде емес, әдебиетішілік (формалды мектеп түсінігінде, оның
ішінде Ю.Н. Тыняновтың ойынша, әдеби күресте кінәлі және кінәсіздер жоқ, тек
жеңімпаздар мен жеңілушілер ғана бар[126] және әлеуметтік-таптық, партиялық (өзін
«нақты-тарихи» деп атап, ресми түрде бірден-бір дұрысты деп жариялаған марксистік
әдебиеттану әдістемесі)
қиян-кескі, бітіспес ұрыс алаңы түрінде танытты. Аталған
концепцияларда заманалықпен оның әдебиет пен өнердегі маңызы туралы түсініктер өте
тар ауқымда өзгертіліп берілді[127].
Төңкерістен кейінгі онжылдықтың әдеби тәжірибесінде үстем идеологияның талабына
толық жауап беретін романа-эпопея атанған туындылар (Ф.В. Гладковтың"Цементі", АН.
Толстойдың "Азапты сапар" трилогиясы, М.А Шолоховтың "Көтерілген тыңы", И.Г.
Эренбургтің "Дауылы" мен "Тоғызыншы толқыны", М.С. Бубеновтың "Ақ қайыңы")
ресми қолдауға ие болды. Кеңестік шындықты (кейде адам танығысыз) әспеттеген олар
замана қайшылығын үнсіздікпен айналып өтіп отырды.
Сонымен бірге, осы дәуірдің жазушылары өздерінің көркем шығармашылықтары үшін
шетіндеу қолайсыз жағдайға қарамай өз тамырын ХІХ ғасырдан алатын дәстүрге сай өз
заманын шынайы да, терең суреттей алды. А.П. Платоновтың хикаяттары мен әңгімелері,
М.А. Булгаковтың романдары, М.А Шолоховтың "Тынық Доны", А.А Ахматованың
"Реквиемі", кейінірек А.И. Солженицыннің, Г-Н. Владимовтың, В.И. Беловтың, В.Т.
Распутиннің, В.П. Астафьевтің, Е.И. Носованың прозалары, кейінгі он жылдықтарда
қоғамдағы өзгерістерге жауап беретін Б.П. Екимовтің әңгімелері тап осындай еді.
Алуан ел мен дәуірдің көркем туындылары бізді
адам болмысының байлығына, сан
қилылығына, «көп түстілігіне» сенімділікпен куәгер етеді. Өмірдің айнасы сынды өнер біз
үшін этнография мен тарих секілді ғылыми білімнің саласы да болып табылады. "Көркем
әдебиет пен өнердің туындылары өзі өмірге келген кезеңінің ділін (менталитетін)
түсінудің маңызды дерек көзі <... > және де білім үшін, әсіресе, тұрмыстық нақты "тарихи
жағдай", <...> осы арқылы көркем әдебиет пен өнер тарихнамалық (историографиялық)
бақылау жасаудағы ең маңызды дерек көзіне айналады"[128]. Беделді тарихшының осы
айтқан сөзіне алып қосарымыз төмендегідей: көркем туындының тақырыптамасының
мәдени-тарихи
аспектісі көбіне тұтас кейіптеуді, пішіндік ұйымдастыруды,
құрылымдылықты
айқындайтындықтан
жете
қарастыратын
әдебиеттанушылық
зерделеуге әбден лайық.
Достарыңызбен бөлісу: