Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§4. ӨНЕР ДЕГЕНІМІЗ – АВТОРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ



Pdf көрінісі
бет22/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127
§4. ӨНЕР ДЕГЕНІМІЗ – АВТОРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ 
Мәңгілік (әмбебап) және ұлттық-тарихи (жергілікті, бірақ сонымен қатар жеке 
бастықтан жоғары) тақырыптармен қатар өнерде автордың өзінің қайталанбас
индивидуалды, рухани-ғұмырнамалық тәжірибесі де айшықталады. Бұл жерде көркем 
шығармашылық өзін-өзі танушылық ретінде көрініс беріп, кейбір жағдайда суреткердің 
шығармашылық өмірінің, дербес тұлғасының туындыгерлік актісі сипатында танылады. 
Өнер тақырыптамасының осы қырын экзистенциалды (лат. Ехistentio – тіршілік ету) деп 
атауға болады. Ол орта ғасырдың Діндар Августиннің "Тәубә ету", А. Дантенің 
"Абелярдың азап шегуінің тарихы", "Құдіретті комедиясы", "Аввакум Петровтың 


36 
ғұмыры"секілді туындыларында айқын танылып, кейінгі екі-үш жүз жылдықтардағы 
ғұмырнамалық прозада (Ж.Ж. Руссоның "Тәубә етуінен" бастау алып, Л.Н. Толстойдың 
ертеректегі трилогияларына, Б.К. Зайцев пен И.С. Шмелевтардың эмигранттық 
кезеңдеріндегі хикаяттарына ұласып) өз жалғастығын тапты. Көркем өзін-өзі танушылық 
және авторлық экзистенцияның таңбалануы "автопсихологиялық" басым келетін лирикада 
шүбәсіз басымдыққа ие болып келеді.
Автордың өзіндік бүр жара ашылуы көп жағдайда тәубәға келу сипатында кейбір дәуір 
әдебиетінде, әсіресе, XIX мен XX жүз жылдықтарда өзіндік із қалдырды[129]. Жазушылар 
өзі турасында, өзінің рухани тапқаны мен жасампаздығы жайында, өз ғұмырының 
драмалық және трагиялық коллизиясы (кереқарлығы) турасында, жүрек түкпіріндегі 
ойлары, адасуы мен шатасуы жөнінде қажымай-талмай әңгіме өрбітеді. Бұл арада ең 
алдымен өз іс-әрекетінің қорытындысын жасайтын ақындар турасында Горацийдің 
"Ескерткіші", Г.Р. Державин, А.С. Пушкиннен бастап, В. В. Маяковскийдің "Бар дуыспен" 
жар салатын поэмасын сөз еткен ләзім, ал, В.Ф. Ходасевич өзінің "Петербург" (1925) 
өлеңінде өзі турасында:
Привил-таки классическую розу
К советскому дичку,-дейді.
Осы орайда, М.Ю. Лермонтовтың трагедиялық тәубе етушілік "Демонын", А.А. 
Ахматованың "Қаһармансыз поэмасын", блоктың лирикалық ауанын еске алуға болады. 
Міне, "Там человек сгорел" делінетін А.А. Феттің сөзі эпиграф етіп алынған ақын өлеңі 
(1910):
Как тяжело ходить среди людей
И притворяться непогибшим,
И об игре трагических страстей
Повествовать еще не жившим.
И, вглядываясь в свой ночной кошмар,
Строй находить в нестройном вихре чувства,
Чтобы по бледным заревам искусства
Узнали жизни гибельный пожар.
"Мен ойладым,-деп жазды Блок,- өнердегі ұлы туындылар тек тарих тарапынан 
«тәубеге келушілік» сипатындағы туындылардың ішінен таңдап ала алатындығымызды". 
Ап. Григорьев турасында сөз еткенінде: "Лирик ақын неғұрлым күшті болған сайын оның 
өмір тағдыры жырларында молынан айшықталады"[130]дейді, біздіңше, бұнымен келісуге 
әбден болады.
Көркемдік өзін-өзі тану әр қилы болып келеді. Ол тек қана рухани-ғұмырнамалық аяны 
қамтып қоймайды, сонымен бірге "психофизиологиялық" ("... знакомый до слез, до 
прожилок, до детских припухлых желез" делінетін мандельштамдық Петербургті еске 
түсірейік) шеңберді де өз бойына жинақтайды [131].
"Тұлғалық//персоналдық" тақырыптамаға құлаш ұрған авторлардың кейбірде өзі 
жайында дербес мифті өмірге әкелуі, әсіресе, XX ғ. символистік өнерге тән дүние. Біздің 
жүз жылдығымыздың басындағы ақындарға ортақ бір нәрсе әрі игілікті, әрі сонымен қатар 
қауіпті болып келетін өзінің бұл дүниеде барлығының маңызын сезінуі. "Ең 
ықтималдығы біздің заманымыз ұлы, сондықтанда, біз оның қайнаған ортасында жүреміз, 
яғни, барша рухани жіптер түйісетін, барша дыбыстар тоғысатын жерде тұрамыз", - деп 
жазды А.А. Блок. Өз замандастарының бәріне "күнделік жазу" керектігін баса айтты[132]. 
Өмір осы ой түйіндеудің шындығын нақтылап берді. Күнделіктік бастау көз В.В. 
Розановтың эссеистикасына тән. Бірнеше ондаған жылдар бойы өте бай күнделік легі 
М.М. Пришвин мен К.И. Чуковскийлердің қаламдарынан ақ қағаз бетіне төгіліп, оқырман 
қауымының қазіргі таңда көзайымына айналып отыр.


37 
Өнер автордың өзін-өзі тануы және өз тұлғасы мен тағдырының туындыгерлігі ретінде 
тек қана күнделікпен емес, сонымен қатар көркемдіктен тыс жанрлар саналатын 
мемуарлар, жеке хат жазысулармен, сондай-ақ, әлемінің мәнісіне емес, ондағы дербес 
тіршілік иесінің тағдырына экзистенциалистік бағдар ұстанған философиямен де 
туыстасады. 
Көркем тақырыптамадағы тұлғалық және ғұмырнамалық қатпар әдебиеттанудағы 
ғұмырнамалық әдісті жақтаушылардың зейінін өзіне аударды. XIX-XX ғғ.. тоғысында
француз сыншысы Ш. Сент-Бёв пен импрессионистік сын өкілдері (Р. де Гурмон – 
Францияда, И.Ф. Анненский мен Ю.И. Айхенвальдтар – Ресейде) осы әдіске арқа сүйеді.
Автор тұлғасы мен оның туындылары арасындағы байланыс оның ғұмырнамасын 
жазушылардың зейінін өзіне ынтықтыра аударады. Мысалға, А. Моруаның "Байрон",
В.Ф. Ходасевичтің "Державин", М.О. Чудакованың "Михаил Булгаковтың өмірбаяны" 
кітаптары тап осындай.
Автордың өзін-өзі тануы, көркемдік табыстары мен өзінің рухани-ғұмырнамалық 
тәжірибесін жеке бастық нышан-белгілерін қайыра туындатушылығы, әлбетте, әдебиеттің 
(басқа да өнер түрлерінің) бөлінбес тізбегін құрайды. Көркем тақырыптаманың осы 
қырының өзектенуі соңғы екі жүз жылдықтар ішінде мәдениеттің құрамындағы тұлғалық 
бастау көздің белсенділігі мен жетілгендігін айғақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет