42
автордың өзін-өзі рухани ашуындағы философиялық көзқарасты (бұл турасында
романтизм теоретиктері батыл сөз етеді) өз бойына сыйдыратындығын Дидродан
Лессингке, Белинскийден Чернышевскийге дейінгі ағартушылар атап өтті.
Туындыда айшықталған ой қашанда эмоционалды реңке ие болып келеді. Көркем идея –
өз кезегінде жинақтау мен сезімнің қоспасы, Гегельдің ізін ала В.Г. Белинский өзінің
Пушкин жайындағы бесінші мақаласында: пафосты "қашанда адам жан-дүниесіне идеяны
тұтандыратын құштарлық" деп атады[148]. Өнердегі осы сипат оны ғылымнан өзгешелеп,
публицистикаға, эссеистикаға, мемуарға, сондай-ақ,
бағалаушылық қабілетке ие
күнделікті өмір мәнін түсіне білуге жақындастырады. Көркем идеяның өзіндік ерекшелігі
оның эмоционалдылығынан емес, әлемнің эстетикалық көрініс беруіне бағыт
ұстанушылықтан туындайтын өмірдің формасын сезімдік қабылдауынан тұрады.
Көркемдік
идея
(концепция)
ғылыми,
философиялық,
публицистикалық
жинақтаулардан, сондай-ақ олардың адамның рухани өміріндегі алатын орны және
рөлімен еректенеді. Суретшілердің, жазушылардың, ақындардың жинақтауларын кейбірде
кейінгі түсінік өз қазанында қайыра қорытады. "Ғылым тек өнерде қол жетімді нәрсенің
артынан еруге асығады",-деп Шеллинг тұжырымдады[149]. Оданда батыл, одан да өжет
ойды осы ыңғайда: "Өмірдегі жаңаның бәрін тек өнер енгізеді: ол өмірге әкелушілігінде
болашақтың жақындығын бұрын сезініп <...> дәуір ауасында көзге түспей қалықтап
жүргенді сыйдыра алады",-деп Ал. Григорьев айтты[150].
Романтикалық эстетикадан
бастау алатын бұл ойды М.М. Бахтин басшылыққа ала білді. "Әдебиет <...>
философиялық және этикалық идеологемаларға жиі таңдай қақты <...> Суреткердің <...>
өмірге келе жатқан және енді бой көтерген проблемаларға құлағы түрік". Өмірге келу
сәтінде "ол оларды сол мезетте жақсы ести алып, "ғылым адамы", философ немесе
амалятшыға* қарағанда сақтық жасайды. Енді бой түзген ойлардың, этикалық ерік пен
сезімнің адасулары, олардың әлі айқындалмаған
шындық өмірдің тамырын басуы,
олардың "қоғамдық психология" деп аталатын тереңде үнсіз булығуы, осының бәрісі бәрі
әлі идеология ағынына айналып мүшеленбей көркем туынды бойында сәулелене
таңбаланады"[151]. Суреткердің осындай сәуегейлік, пайғамбарлық рөлі, әсіресе,
әлеуметтік-тарихи концепцияларда А. С. Пушкиннің "Борис Годуновында" және Л.Н.
Толстойдың "Соғыс және бейбітшілігінде", Ф. Кафканың тоталитаризм әлі өмірге келмей
тұрып, оның зардабының қандай болатындығын сөз ететін хикаяттары мен әңгімелерінде
және басқа да туындыларда жүзеге асады.
Сонымен бірге, өнер (әсіресе, сөз өнері) өзіне дейін қалыптасқан қоғамдық тәжірибе
(кейде тіпті өте көнерек) негізінде идея, концепция, ақиқаттарды кең көлемде
айшықтайды. Суреткер оның үстіне дәстүрдің
тұтқагері ретінде танылып, оның өнері
жалпыға белгіліні бекемдеп, жан бітіріп, өткірлеп, оған өзектілік пен жаңа сенім ұялатады.
Осындай мазмұнға ие, сезімді қоздыратын туынды адамдардың есіне бұрынғы естен
шыққан, санадан өшірілгенді қайыра түсіреді. Өнер өзінің осы қырымен ескі ақиқатты
қайыра жаңғыртып, оған жаңа өмір сыйлайды. А. Блоктың "Балаган" (1906)
өлеңіндегі
халық театрының образы төмендегідей: "Тащитесь, траурные клячи, / Актеры, правьте
ремесло, / Чтобы от истины ходячей/ Всем стало больно и светло" (курсив менікі. – В.Х.).
В.М. Жирмунскийдің ой түюін пайдалана отырып айтарымыз, өнер өзінің жіті назарын
"жаңа дәуір алып келгенге" және "ойда таңбаланып қалған" ертеде келмеске кеткендерге
де аударады[152].
Достарыңызбен бөлісу: