Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет74/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

 
§8. ЗАТ 
 
Заттық әлем әрі ілкі, әрі көркемдікпен қайыра туындаушы адами болмыстың мәнді 
қырын құрайды [533]. Бұл – адамдардың іс-әрекеті мен тіршілік ету аясы. Зат адамдардың 
мінез-құлқы, санасы тікелей байланыста болып, мәдениеттің қажетті компонентін түзеді:
"зат өзінің "затығынан" ажырап, рухани кеңістікте "заттанып" өмір сүру мен әрекет етуді 
бастйады"[534]. Затты әлдебіреу жасап шығады, әлдекімге тиселі болып келеді, өзіне 
деген белгілі бір қатынасты тудырады, әсер етудің, хал кешудің, ойға шомудың қайнар 
көзіне айналады. Оларды әлдекім белгілі бір жерге қойып, олар өздерінің міндеттеріне 
жауап береді, не болмаса, керісінше, әлдеқайдан таза кездейсоқтықпен аталған орыннан 
табылып, иезсіздіктен, өз мәнін жоғалтып, керексіз нәрсеге айналады. Заттың осы 
қырлары не оны құндылыққа, не "антиқұндылыққа" айналдырып, өнерде (оның ішінде, 


139 
әдеби туындыларда) оның бөлінбес буыны ретінде танытуға қабілетті. "Әдебиет, - деп 
пайымдайды А.П. Чудаков, -әлемді оның физикалық және нақты-нәрселік формасында 
суреттейді. Затқа байлаулылық деңгейі проза мен поэзияда, түрлі дәуір әдебиеттерінде, әр 
түрлі әдеби бағыттардағы жазушыларда сан алуан әр қилы болып келеді. Бірақ та сөз 
зергері ешқашанда заттың күлін аяғының астына шашып, босаған аяғымен 
имматериалдық патшалығына аттап баспайды; ішкі мәнділік өзінің қабылдауы үшін 
сыртқы-нәрселік юолып қайыра түзілуге тиіс"[535]. Әсіресе, заттық образ туындылардағы 
жауапты рөлге тұрмысқа жете назар аударған романтизм дәуірінен бастап ие болды.
XIX-XX ғғ. әдебиеттің лейтмотивтерінің бірі болған – зат адамға туысып, оның өмірі, 
үй-іші, күнделікті тірлігімен біте қайнасады. Осылайша, Новалистің романында, нағыз 
ақынға қоршаған ортада жат ештеңе жоқ сенімділікпен, үй тұрмысндағы жабдықтар және 
оны кәдеге жарату адам жанына таза қуаныш сеуіп, "жанды әдеттегі өмірден асқақтатып", 
адам қажеттілігін көкке өрлетуге қабілетті дегенді айтады[536]. Тап осы ретте Н.В. 
Гогольде тщательно живописуемые вещи в доме Афанасий Иванович пен Пульхерия 
Ивановнаның үйіндегі заттарды ("Старосветтік байбатшалар") егжей-тегжей суреттейді: - 
кептірілген алмұрт пен алманың бумасы шарбақта ілулі, дәмді татуыштар саздауыт 
еденде, бөлмелердегі сандықтар, жәшіктерде, ән салған есік. "Осының бәрі айтып ауыз 
жеткізе алмас әсемдікке ие", деп мойындайды әңгімеші. Осыған бір табан жуық келетін
Л.Н. Толстой: қарт кінәз Волконскийдің кабинеті өзіндік, ерек, жанды түрге ие (ол 
"әлбетте тұрақты тұттынып тұратын заттарға толы болды" ары қарай оларды суреттей 
түседі), Ростовтардың үйінің интерьері (Николайдың әскерден Мәскеуге оралғандағы 
өзіне жақсы таныс залдағы ломбер үстелін, қаптамалы лампыны, есік тұтқасын көрген 
кездегі толқуын еске түсірейік), және де Левиннің бөлмесі, ондағы тұрғандардың бәрі өз 
қолтаңбасы бар дәптерлер, әке диванында – "оның өмірінің ізі бар". Ұқсас мотивтер И.С. 
Тургеневте, Н.С. Лесковте, кейде А.П. Чеховта (әсіресе оның кейінгі пьесаларында); XX ғ. 
Б.К. Зайцев пен И.С. Шмелевтар – прозаларында, Б.Л. Пастернактың өлеңдері мен
"Доктор Живаго" романында, әсіресе, батылырақ М.А. Булгаковтың "Ақ гвардиясында" 
(турбиндердің үйін жазуға толы бұраң пешсіз, "абажурлы қола лампысыз"оқырманның 
елестетуі мүлдем мүмкін емес) естіледі. Осы қатардағы туындылардағы заттар отбасы мен 
махаббат, тншым мен көңіл орнықтылығы поэзиясын солғындатса, енді сонымен бір 
мезетте – жоғарғы деңейде рухтандырады.
Адма тұтынған осы сияқты көптеген заттар тіршілікпен байланысты болып келіп көз 
бен жүрекке қуаныш ұялаттын ізгілікті танытады. Заттар көп ғасырлық адамзат 
мәдениетіне, соның ішінде сөз өнеріне де дендеп енді. Осылайша, блинші хикаятшылар 
қазір біз зергерлік затқа балап жүргендерімізге ерек назар аударды. Бұл жерде балдақ 
сақина, қызыл түйреуіш, інжу сырғалар, түймелер үстідегі киімнен әдемі, әрі ою-өрнекті 
маьалар, ғажайып той шаралары, алтын жалатылған кінәз кеудешесі мен камзолы күндіз
"от болып өртенсе", ал, түнде "тұп-тура сәуле шашады"[537]. Ежелгі тарихи поэтикалық 
жанрларда зат "оның қандай әлеуметтік топқа жататындығын"; "бар махаббатпен беріле 
жырлау арқылы", ол "аяқталған қайталанбас нәрселік" ретінде көрініс табады[538]. Сөздік 
образдылықтың осы қатпары біздің алыс бағзы бабаларымыздың өзін заттармен қоршаған 
тұрмыс-тіршілігін сипатынан "көп-азды көркемдікпен өңделіп" хабар береді.
Тұрмыстық бояу мерекелік салтанаты және ертегілік айшықты реңде күнделікті 
сүреңсіз тірлікке қарама-қарсылық ретінде Э.Т.А. Гофман хикаяттарында көрініс табады. 
Архивариус Линдгорстың ("Алтын құмған") үйіндегі антураж төмендегідей: хрустал айна 
мен қоңыраулар, асыл тасты балдақ сақина және хикаяттың жас қаһармандарын тылсымен 
іңкәр еткен әсем лилия кестелеген алтын құмғанның өзі. Сюжеті бізге П.И. Чайковскийдің 
балеті арқылы таныс 
"Щелкунчик (ағыл:The Nutcracker; нем:Der
Nußknacker) және 
тышқан королі" ертегісі де балаларға арналған (олардың ішінде Щелкунчикте бар)
рождество сыйлығына толы.


140 
Поэтикалық арбауға түсіретін осы тәрізді заттар Н.В. Гоголь, Н.С. Лесков, П.И. 
Мельников-Печерский, И.А. Гончаров ("Обрыв"), А.Н. Островский ("Ақшақыз") 
туындыларының өзіндік ерек қырын құрайды [539]. Оның кездесуі А. Блокта да бар:
Каждый конек на узорной резьбе
Красное пламя бросает к тебе
(Вступление к "Стихам о Прекрасной Даме")
И вдали, вдали призывно машет
Твой узорный, твой цветной рукав.
("Осенняя воля")
Атақты "Ресей" өлеңіндегі "спицы расписные" және "плат узорный до бровей" еске 
оралтайық.
Халықтық негіздегі ыдыс-аяқ пен заттық антураждардың поэтиалық қыры И. С. 
Шмелевтің "Діншілдік" хикаятында айшықты көрініс тауып, оның сюжетінде әсем ояумен 
әшекейлеген арба зор орын алып, кейіпкерлердің бірі "бұл арада бір ғана қол мен көзбен 
ештеңе істей алмайсың, бұндайда жан-тәніңмен қуанған дұрыс" дейді. "Ән" деп аталатын 
Троиций-Сергиев Лаврына таяу орналасқан масахананың суреттелуі тап осындай 
қуанышқа толы: "... шынылары бәрі алуан түсті, қайыңнан көмкірілген жақтаулары мен 
кемерлері хас шебердің қолынан шығып, ашық түсті лак жағылып, жұлдызша, аттар мен 
әтештер, алтын күн таңбаланған"бәрі де "ойылған, жұп-жұқа". Осындай күнделікті 
тұрмыстағы заттар турасында В.И. Беловтың " Бердяйка деревнясы" хикаяты мен "Лад" 
кітабында, В.П. Астафьевтің "Доға" және "Жұлдызшалар мен шыршалар" әңгімелерінде 
сөз етіледі.
XIX-XX ғғ. әдебиетінде ғаламзатты (заттық әлемді) асқақтата дәріптеушіліктен гөрі 
оның құнын құлдырата түсіретін прозалық туындылардың мысы басым. Пушкинде (1830-
шы жылдардағы), оданда басым Гогольде және "кейіггогольдік" әдебиетте тұрмыс өзінің 
заттық антураждығымен өте жиі сүреңсіз, бір қалыпты реңімен адамның эстетикалық 
сезімін кері итеріп, қорлаушылық түрінде берілді. Раскольниковтің бөлмесін еске 
түсірейік, оның бір қабырғасы "өте үшкір" болса, келесісі "бәденсіз жалпиған" немесе
"Астыртын жазбалардағы" "біреу қылқындырып жатқандай қорылдайтын", содан кейін 
"жіңішке үнімен төбе құйқаңды шымырлатып" шырылдайтын сағат. Адам бұл жерде 
заттық әлемнен аулақтаушы кейіпінде бейнеленеді де, құлазу мен өлсіреп мөрі басылады.
Бұл мотивтер өте жиі адамның өзін қоршаған маңайы турасындағы, оның ішінде заттық 
дүниеге де жауапкершілігі жайындағы жазушы ойымен ілесе жүруі Гогольдің "Өлі 
жандарында" (Манилов, әсіресе, Плюшкиннің образдарында) және Чеховтың бірқатар 
туындыларында естілді. Осылайша, "Келін" әңгімесінің кейіпкері өзі "темікі сасыған, жер 
көкке түкірік шашыраған; үстелге таяу самауырын маңында сынған тәрелке қара умаж 
қағазбен бірге жатқан, үстел мен еденде өлген қара шыбындар быжынап жатқан" бөлмеде 
тұрса да, жарқын болашақтың әсем су бұрқағын армандайды.
Көптеген жағдайда заттық әлем адамның өзін қоршаған болмысқа деген 
қанағаттанбаушылығымен байланысты болып келеді. Бұның айқын дәлелі – XX жүз 
жылдық өнерінде талай нәрсені астаң-кестең еткен И.Ф. Анненскийдің шығармашылығы.
Оның өлеңдерінде "әр сөреден, әр шкафа пен диван асытынан" тіршілік түні үңіліп; 
айқара ашық терезеден "шарасыздық" сезіліп; бөлме қабырғалары "сағыныштай ақ 
түсті"... Бұл арадағы нәрселік, деп пайымдайды Л.Я. Гинзбург, -"қозғалыссыз 
сағыныштың таңбасы", физиологиялық нақты, бірақ та, "күнделікті сағыныш" өте 
көлемді: Анненскийдегі адам сырқаулы және азапты кейіпте "заттармен кісенделген" 
[540].
Басқаша айтар болсақ, сағыныш тақырыбының эстеттенген вариациясы заттық түртпек 
В.В. Набоковтың шығармашылығында табандықлықпен естіледі. Мысалға: "Бұл <...> 
дөкірлікпен жабдықталған, мәжүндене жарықтандырылған бөлменің бұрышына тұмақ 


141 
көлеңкесі орныққан жердегі сөреде шаң басқан ваза тұр еді". Ерлі-байлы 
Чернышевскийлер тұратын құжыра осылайша суреттеледі ("Тарту"). Ал, енді кейіпкердің 
сүйгені Зинаның ата-анасының пәтерінің бөлмелері (осы романдағы): "шағын, ұзынша, 
вохрамен боялған қабырғалығы" "оның жабдығы, бояуы, асфальты аулаға қарап тұрғаны" 
Годунов-Чердынцевқа "іш пыстырарлықтай" көрініп; "балалардың құм үйіндісі" кейіпкер 
әңгімешіге "таныстарымызды жерлеген кезде ғана қолымызды тигізетін" "майлы құмды" 
еске салды.
Заттық әлемнен кірпідей жиырылып безе қашу өз шарықтауына Ж.-П. Сартр 
туындыларында жетті. "Құсық" романындағы (1938) кейіпкерге заттардың жиіркеніш 
тудыратыны сондықтан, "әлемнің өмір сүруінің өзі ұсқынсыздық"; оған олардың 
кезігуінің жанын жай таптырмайды да "құсық – тап менің өзім"деп уәждайды. Кейіпкер 
трамвай ішінде келе жатып, орындықтың жақтауынан, ағаш арқалығынан, олардың 
арасындағы жолақтан жүрегі лобып, жиіркене түршігеді; оның сезінуінде бұл заттардың 
бәрі "оғаш, қотиын, нән": "Мен осылардың бірімін. Олар жалғыз, мақау, қорғансыз мені 
қоршап алған, олар менен астам, олар менен үстем. Олар ештеңке талап етпейді, 
ештеңкені таңбайды, құр тек олар бар". Тап осыны кейіпкер қаламайды: "Мен жүріп 
кеткен трамвайдан секіріп түстім. Бұны бұдан ары мен көтере алмаймын. Ол өзіне 
жабысқан заттардың тап қасында жүргенін қабылдай алмады".
XX ғ. әдебиеті бұрын соңды болмаған көлемде заттық әлемді тек тұрмыс жабдығының 
нышан-белгісі ғана емес, адамдар тіршілігінің ортасы ретінде кеінен қолданды, бірақа та 
(бәрінен бұрын!), адамның ішкі өмірімен біте қайнасқан нәрселік оның үстіне әрі 
символдық, әрі психологиялық және "болмыстық", онтологиялық мәнге ие болды. заттың 
осы бір көркемдік функциясының тереңдеуі қай кезде ол, адам санасы мен болмысының 
тереңіне қатысты болып келіп, бір сөзбен, айтқанда, позитивно значима и чна, как, 
скажем, в стихах Пастернак өлеңінде ол дифирамбиялық әуезеде оңдымды мәнділік пен 
поэтикалық, кейбір жағдайда, Анненский мен Набоковта кейіпкердің, әңгімешінің, 
персонаждардың сағынышы шарасыздығы және реалдыққа суық жаткөзденуінің 
жетегінде кетеді.
Осылайша, заттық нақтылық сөздік-көркем образдылықтың бөлінбес және өте мәнді 
қырын құрайды. Әдеби туындыдағы зат (интерьерлер құрамында және одан тысқары 
жерде) кең ауқымды мазмұндық функцияға ие болып келеді. оның үстіне заттар көркем 
мәтінге түрлінше болып "енеді. Көбіне олар эпизодтықпен мәтін боында жылт етіп көрініс 
береді. Бірақ та,кейде заттық образ авансценаға жылжытылып, сөз тінінде орталық буынға 
айналады. И.С. Шмелевтің көпес тірлігінің бай да, жарқындықпен егжей-тегжей 
суреттелетін "Құдай үйіндегі жаз" хикаятын немесе тұрмыстық заттардың кең көлемді 
тізбектелік және ауқымды суреттелуі сюжет бойында өрімделген гогольдің "Рождество 
алдындағы түніндегі" Оксана тілегімен Солоха қанарына тоғытылған оның 
табынушыларын еске түсірейік.
Заттар қаламгер тарапынан әлдебір писателями либо в виде некоей "объективтік" 
мәлімет түрінде құштарлықпен суреттелетін (И.А. Гончаровтың романның бірінші 
тарауындағы Обломовтың бөлмесін; Э. Золяның "Әйел бақыты" романындағы 
дүкендердің сипаттамасын еске түсірейік), не болмаса, көргенінен алған әсерін жекелеген
штрихтармен, субъективтік реңке орап бейнелеп "беруі" де мүмкін. Бірінші мәнер 
дәстүрлі деп танылса, екіншісі, замана өнерімен кіндіктес болып келеді Ф.М. 
Достоевскийде "затқа толған пәтер мен бөлменің суреттелуінде тыншымды реттілік жоқ. 
Заттар автор немесе кейіпкер интенциясына шырмала байланған осы оны жалаңаштап 
ашып көрсетеді" деп атап көрсетеді А.П. Чудаков [541]. Л.Н. Толстой, А.П. Чехов және 
ХХ ғасырдың басқа да көптеген қаламгерлерінде тап осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет