Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет71/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
құралуы) әсемдіктен айыру үшін грация (лат. gratia - 
әдемілік
, көркемдік-Ә.Ә.) деп атап: 
"Грацияға тек қозғалысқа ғана тән", бұл "еркін қозғалыстағы дененің әсемдігі". Ол 
"еркіндіктің әсерінен" пайда болып, "тұлғаға байлаулы болады" да, сонымен бір мезетте 
қарабайырлықпен, әрі аңдаусызда: мимика мен ым сезімі және түрткісі арқылы өздігінен 
туындайды; адамның "өз әлпетін еркіне бағынадыра білуін білген кейін біз оның жүзіне 
сенбейміз"[502].
Орыс жазушылары әйел портретін суреттей отырып, талай мәрте грацияны бет пен 
фигурдан артық көрді. "Евгений Онегиннің" сегізінші тарауындағы Татьяна келбетіндегі 
қарапйымдық пен сән-салтанаттың астасуын: оны ешкімде сұлуға баламаса да, ерлер көз 
сұғын аяусыз қадауы" басқа сұлулармен "Асқан сұлу Нева Клеопатрасы Нина 
Воронскаямен салыстыра отырып, оның сұлулығы Татянаға селкеулік түсіре алмауын
еске түсірейік. Тап осыған ұқсастық – "Соғыс пен бейбітшіліктегі" (петерборлық балды 
суреттейтін тарау) Наташаның жүзі "қуаныштан мәз бола алаулады. Эленнің иығына 
қарағанда, оның жалаңаш иығы мен қолы арық та, ұсқынсыз еді. Ал кеудесінің кеуде сиқы 
болмайтын...". Бірақ, кінәз Андрей, кіші Ростованы биге шақырып "осы бір жіңішке 
қозғалыссыз мүсінді құшақтағанда <...> оның әсемдігінің бал шарабы жігіттің басына 
шапты".
А.П. Чеховтың "Сұлу" (1888) әңгімесіне ден қоялық. Туынды екі қыздың бейнесін 
салыстыра суреттеуге құрылған. Олардың бірі кейіпкер әңгімеші өзінің тұлғасы және 
ажарының әсемдігімен тәнті етеді: "Армян қызының сұлулығын суретші классикалық 


128 
және қатаң деп атар еді. <...> Сіз көріп тұрсыз оның орынды әлпетін <...> шашы, көздері, 
тануы, аузы, мойны, кеудесі мен жас тұлғаның барлық әсем қозғалысы бір жерге тоғысып,
тұтасқан, үйлесімді аккорд құрап, табиғаттың өз туындысын өмірге әкелгенде 
қателеспегендін танытады". 
Екінші қызда жоғарыдай нышан-белгі ныспысмен жоқ ("көзі сығырайыңқыраған, тануы 
сенімсіздікпен көкке ұмытылған, аузы кіп-кішкентай, иығы қушиған"), бірақ та ол
"кезіккенде нағыз арудай әсер қалдырады, орыс келбетіне, әдемі болып көріну үшін қатал 
тәртіпті сұлулықтың еш қажетсіздігіне мүлдем сенімдімін. Бұл қыздың сұлулығының
құпиясы мен сиқыры "ұсақ та, шексіз әсем қозғалысынан, әнтек күлкісінен, бетінде 
ойнаған күлкіден ...тұрады". Ол турасында бұрынырақта: "Терезе алдында сөйлесіп тұрған 
қыз <...> бүйірін таянып, шашын түзеу үшін басына қолын апарып, сөйлей берді, күле 
берді, мен оның денесінің бір тыным тапқанын көрген де, білген де емеспін " деп сөз 
етілген еді.
Грация деген аталымының аясы кең адам қимылы мен әлпеті өздік портреттік 
бейнелеудің құшағына сия бермейді. Әдебиетте біз сөз еткелі отырған мінез-құлықты 
танытудың формасының мінездемесі портретпен (араға уақыт сала табысты түрде) 
бақталасып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет