158
қырынан халық пен қоғамның бай тілдік қызметіндегі сөздік ассоциацияларды қайыра
түлетіп, жаңғыртады [595].
Көпшілік жағдайда тура және ауыспалы мағына арасындағы шекара (әсіресе, XX ғ.
поэзиясына тән) жоғалып, бір сөзбен айтқанда, заттардың төңірегін тегіреуніді
айналсоқтап, тікелей таңбаламайды. Ст. Малларме, А. А. Блока, М.И. Цветаева, О.Э.
Мандельштам, Б.Л. Пастернактардың көптеген өлеңдері ретсіз ой түйіндеу немесе
сипаттауға ие болып келіп, сырттай шатасқан өздік сөз саптаудың тілі күтпеген
ассоциациялануға ұшырайды. Бұл ақындар сөз өнерін сөзді ұйымдастырудың логикалық
нормаға басы байлылылығынан құтқарды. Хал кешу сөзде еркін де, қысылып-
қымтырылмаушылыққа айналды.
Смычок запел. И облак душный
Над нами встал. И соловьи
Приснились нам. И стан послушный
Скользнул в объятия мои...
Не соловей -то скрипка пела,
Когда ж оборвалась струна,
Кругом рыдала и звенела,
Как в вешней роще тишина... ;
Как там, в рыдающие звуки
Вступала майская гроза...
Пугливые сближались руки,
И жгли смеженные глаза...
Блоктың осы өлеңіндегі образдылық көп қырлы. Бұнда табиғаттың ормандағы
тамылжуы, бұлбұлдың сайрауы, мамырдағы найзағай бейнеленеді; және де махаббат
толқуы турасындағы еске алу әңгімесі; зарланған скрипка әуенінен әсер алу суреттеледі.
Және де (ақын еркі бойынша) оқырман үшін не шындық болмыстан, не лирикалық
кейіпкердің фантазиясынан туындағандығы түсініксіз болып қалады; бұнда таңбаланушы
мен сөйлеушінің көңіл-күйі арасындағы шекара өтеді. Біз ишара және ассоциация тілімен
ғана айтып жеткізуге болатын күй кешулердің тереңіне бойлаймыз. О.Э. Мандельштам өз
жанына жақын заманалық поэзия туралы: "Шынымен зат сөздің қожасы ма? – Сөз –
Психея. Тіріг сөз затты таңбаламайды, оны өз еркімен үй қарастырғандай, белгілі бір
заттық маңызы, заттылығы тартымды пошымына қарай таңдайды. Және де сөз заттың
төңірегінде өзі тастап шыққан бірақ денесін ұмытпаған жан сияқты кезіп жүреді" деп
жазды[596].
Ары қарай (үшіншіден, төртіншіден, бесіншіден...) көркем тіл оқырманның ішкі естуіне
арналған қатпарларды өз бойына сыйғызады. Бұл интонациялық-синтакситік,
фонетикалық, ырғақтық бастау көздер, біз енді осылар турасында сөз ететін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: