159
шақта көркем мағыналық эффектісі өмірге келеді деп айтылады. Б.Л. Пастернак: "Сөз
музыкасы дегеніміз – акустикалық және жеке алғанда құлаққа жағымды естілетін
дасуыстылар мен ұяңдардың дыбысталуы емес,сөздің
мәні мен оның дыбысталуының
арқатынасының құбылысы болып табылады" деп мәлімдеді[599]. Көркем сөздегі
фонетикаға деген осы көзқарастың бастау көзі XX ғ. басындағы діни ойшылдар
имяславтықтар жасаған философия тілінде,
сондай-ақ, С.Н. Булгаковтың который
утверждал, что "дыбыстық денесіз сөз жоқ" сөздің құпиясы дегенміз
сөздің мағынасының
оның формасымен "біте қайнасып кетуінде деп тұжырымдауында жатыр[600]. Көркем
сөздегі дыбыс пен мағына (атау мен зат) арасындағы байланысты ономатопея және
дыбыстық мағына (Вейдленің енгізген
звукосмысл аталымы-Ә.Ә.) терминдерін қолдана
отырып В.В. Вейдле ежей-тегжей қарастырды. Ғалым дыбыстық мағына сөздегі
интонация, ырғақ арқылы табиғи үйлесіп дыбысталған қосындыдан, сондай-ақ, сөз
саптаудың тікелей мағынасындағы – оның "ескірген мәні" арқылы өмірге келеді деп
тұжырымдады[601].
Көркем фонетиканы осы секілді ұғындыруға (бұны кейде – эвфония немесе дыбыс
жазба деп атайды) тән ұғым паронимия заманалық филологияда кеңінен қолданыс табуда.
Паронимдер дегеніміз – бұл мағынасы әркелкі (бір түбірлі немесе әр түбірлі), бірақ
дыбысталуы бір-біріне жақын, тіпті сайма-сай келетін сөздер (предать - продать, кампания
- компания). Поэзияда (әсіресе, біздің жүз жылдықтағы: Хлебников, Цветаева,
Маяковский) олар (астар және теңеулермен қатар) сөзді эмоционалды-мағыналық жақтан
байықтырудың өнімді және үнемді амал-тәсілі ретінде көрініс табады[602].
Дыбыстық қайталаулар арқылы көркем сөз саптаудың классикалық үлгісі Б.Л.
Пастернактың "Тоқсан бесінші жыл" поэмасының "Теңіз бүлігі"
тарауында дауылды
суреттеуде өрнектелген:
Допотопный простор
Свирепеет от пены и сипнет.
Расторопный прибой
Сатанеет
От прорвы работ.
Все расходится врозь
И по-своему воет и гибнет,
И, свинея от тины,
По сваям по-своему бьет.
Фонетикалық қайталаулар барша елдер мен дәуірлердің сөз өнерінде ұшырасады. А.Н.
Веселовский халық поэзиясы ертеден сөздің дыбысталуына жіті ден қойып келеді,
әндерде көбіне ырғақтық формаға ие дыбыстық параллелизм кеңінен көрініс табады деп
сенімділікпен атап көрсетді[603].
Акустиклық-фонетикалықпен қатар одан бөлек,
онымен тығыз байланыстағы
көркемсөздің интонациялық-дауыстық аспектісі де маңызды болып келеді. "Сол суреткер
нашар егер де проза немесе өлеңдегі фраза бойындағы дауыс интонациясына бейіл
бермейтін болса ", дейді А. Белый[604]. Тап осы пікірді көркем туындының
оқырмандарына да қатысты айтуға болады. Интонация дегеніміз – бұл адамның сөйлеу
кезіндегі дауыс өзгерісінің айшықты маңыздылығының жиынтығы болып табылады.
Физикалық (акустикалық) интонация "өкілдері" дегеніміз – бұл сөз дыбысталуының
тембрі мен екпіні, дыбыстың күші мен жоғарғылығы. Жазба мәтін (егер ол субъективті
реңтегі, әрі айшықты болып келсе) бойында интонацияның ізі сезіліп, ол
ең алдымен
синтаксистік сөз саптауда аңғарылады. Қаламгерлердің сүйіп қолданатын фраза типтері
түрлі тектегі сөйлемдердің кезектесіп келуі, синтаксистік "стереотиптен" ауытқушылық,
эмоционалды-бейтарап сөздер (инверсия, қайталау, риторикалық сауал, лептілік,
қарата
сөз толғау) – бәрісі бірі әдеби-көркем мәтінде тірі дауыстың ұшырасуының эффектісін
160
танытады. Өлеңдік туындылардағы интонацияның маңызы және оның типтеріне (әуендік,
тақпақтық, дауыстық өлеңдерге) Б.М. Эйхенбаумның "Орыс лирикалық өлеңдерінің
әуендері" еңбегі арналған[605]. Интонациялық-дауыстық сөз мәнерлілігі алдын ала
ойланбай сөз қозғау мен суырып салмалыққа ерекше рең береді. Сонымен бірге
(фонетикалық сияқты), көркем тілдің итонациялық-дауыстық бастау көзі қалыптасқан
жәек қатаң мәндегі эстетикалық сипатын хабарлайды да, оқырман туындыны тек қана
қиялдың (фантазияның) күшімен ғана емес, сондай-ақ, ішкі естуімен де қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: