Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет15/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

ӨНЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ 
(МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХЫ) 
 
Болмыс өнердің өзіне тән амал-тәсілдерімен игеріледі. Бұл жерде пайдаланылатын 
ұғымдар мен дәлелдейтін сараптама болмайды. Көркем таным ең алдымен әлдебір 
феномен мен тіршілікке енетін сезімдік-бағалау. Оның үстіне, танымдық бастау көз кейбір 
өнер түрінде (музыка, би, архитектура) жанама түрде, өзінен-өзі түсінікті, ұйыстырушы 
көрініс береді де, енді бірінде бейнелеуге бейімділерінде ашық, айшықтала кестеленген, 
мақсатқа ұмытылушы сипатта танылады. Көркем әдебиет тап осындай болып келеді.
Көркемдіктен тысқары болмыстың өнер туындысындағы сәулеленуін танып білу (кең 
мәнінде) түрлі дәуірде әр қилы ұғынылып келді. 


25 
§1. ЕЛІКТЕУ ТЕОРИЯСЫ 
 
Көркем шығармашылықты таным ретінде қарастырудың бірінші тарихи тәжірибесі 
Ежелгі Грекияда өмірге келіп қалыпқа түсірілген еліктеу (мимесис) теориясы болып 
табылады. Әуелі мимесис бидегі адам қимылына қатысты айтылып, кейін келе, кез келген 
туындаушы нәрсеге қатысты сөз етілетін болды. Аристотельше, адамдар "басқа 
хайуандардан еліктеуге бейімділігі бойынша ерекшеленеді"; таным ең алғаш еліктеу 
негізінде алынып, нәтижесінде «баршаға ләззат сыйлайды»[74]. Аристотельдің ойынша
еліктеу шынайы өмірде барды әуелден ұқсастығына орай қайыра тудыратын поэзияның 
мәні мен мақсаты. Ежелгі дәуірдің ұлы ойшылы бұнымен қатар ақын тарихшыға 
қарағанда жекені емес, жалпыны жинақтап түйіндей алады деген ойды алға тартты[75].
Еліктеу теориясы өз беделін XVIII ғ. дейін сақтап, өнер туындысын көркемдіктен 
тысқары болмысқа жатқызуы оның құндылығы болса да, ол осы міндетін толық атқара 
алған жоқ. Бейнелеудің өзінің «ілкіобразымен» байланысы көбіне оның сыртқы 
ұқсастығына қатысты болып келіп, еліктеу оның табиғи келбетімен теңдестіріліп, «өнерді 
шындық өмірдің фотографиясы ретінде ең дөкір бағалаудың»[76] талаптарын 
қанағаттандырды. Еліктеу теориясының әлсіз жері өнер туындыгерінің танылатын 
нысанға басыбайлылығы: автордың бейтарап енжарлықпен ой толғауынан; көркем 
танымның жинақтаушы, бағалаушы сипатын керек етпеуінен танылады. XVIII ғ. соңына 
қарай бұл теория ескірген деп санала бастады. "Данышпанды (яғни, көркем туынды 
туындыгерін. - В.Х.) еліктеу рухына толықтай қарама-қарсы қоюға жұрттың бәрі 
құлықты",[77] - деп И. Кант сөз етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет