Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


АВТОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫДА БОЙ КӨРСЕТУІ



Pdf көрінісі
бет24/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
4. АВТОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫДА БОЙ КӨРСЕТУІ
 
§1. "АВТОР" ТЕРМИНІНІҢ МӘНІ. АВТОРЛЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТАҒДЫРЫ 
Латынның аuсtоr – іс-әрекет субъекті, негізін салушы, ұстаз, көбіне, шығарма 
туындыгері деген ұғымды білдіретін "автор" сөзі өнертану аясында бірнеше мәнге ие.
Бұл, біріншіден, көркем туындының өзіндік белгілі бір тағдыры, ғұмырнамасы,
индивидуалды нышан-белгілік кешені бар туындыгері шынайы тұлға. Екіншіден, көркем 
мәтінге шоғырланған автор образы, яғни, жазушының, мүсіншінің, сұңғатшының, 
суретшінің, режиссердің өзін-өзі сомдауы. Ақыр соңы, үшіншіден, дәл қазір біз үшін аса 
қажетісі өз туындысында төбе көрсететін суреткер-туындыгер. Автор (осы мәнінде) 
көркем іс-әрекеттің субъектісі сипатында шындық өмірге (оның тыныс-тіршілігі мен 
көрініс беруіне) үңіліп, оған бойлап, ой елегінен өткізіп, байыптап, өз кесігін жасайды.
Авторлық субъективтілік туынды бойында өріліп, оның көркемдік тұтастығын 
тудырады. Ол өнердің эстетикалық және танымдық бастау көздерімен бірге оның 
бөлінбес, әмбебап, ең маңызды қырын түзеді. "Авторлық рухы" кез келген көркемдік іс-
әрекет формаларында тек көрініс тауып қана қоймайды, сонымен бірге, жеке туындыгері 
бар шығармаларда және топтық, ұжымдық шығармашылық жағдайларында да, автор есімі 
аталған, сондай-ақ, оның есімі бүркеншіктенген (анонимдік, лақаптық, мистификация) 
кездерінде де басымдыққа ие болады.
Мәдениеттің түрлі сатыларында суреткердің субъективтілігі түрлі қырынан танылады. 
Фольклор мен ертедегі тарихи жәдігерлерде (басқа да өнер формаларында) авторлық 
басым жағдайда ұжымдық болып келді де, оның "индивидуалдық компоненті", әдетте, 
анонимді болып қала берді. Егерде туынды (Сүлейменнің Інжілдік тәмсілдері, Дәуіттің 
Псалмдары, Эзоптың мысалдары, Гомердің гимндері) өзінің туындыгерінің атына 
қатысты болса, бұл жерде есім "авторлықтың идеясын емес, беделділіктің идеясын 


40 
танытады". Ол әлдебір бастамашыл таңдамалы мәнер (стиль) турасындағы түсінікпен, 
сонымен қатар, туындыгердің индивидуалды игерген позициясымен байланысты болып 
келмейді: "Туынды ең алдымен жеке тұлғаның туындыгерлігі емес, ұжымның іс-
әрекетінің жемісі деп ұғынылады"[140].
Ежелгі Грекия өнерінде индивидуалды-авторлық бастау көз өзін таныта бастады, бұл 
турасында Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары айғақ. Индивидуалды және ашық жария 
еткен авторлық кейінгі дәуірлерде өзін белсенді түрде көрсете білді, ал, Жаңа дәуірде 
ұжымдық пен анонимдықтан басым түсті.
Сонымен бірге, бір қатар жүз жылдықтарда (классицизмнің нормативтік эстетикасының 
әсерінен XVII - XVIII ғғ.. дейін) басқа да өнер түрлеріндегі сияқты қаламгерлердің 
шығармашылық бастамашылығы шектеулі болып келіп, көбіне өздеріне дейін 
қалыптасқан жанрлар мен стильдердің нормалық, канондық талап етушілігіне бағынышты 
еді. Әдеби сана традиционалистік болды. Ол шешендік өнер (риторика) мен нормативтік 
поэтикаға бағдар ұстанып, бұрыннан бар көркемдік үлгідегі «дайынға» жүгініп отырды.
Соңғы екі жүз жылдықтар көлемінде авторлықтың сипаты мүлдем өзгерді. Осы бағытта 
алға жылжуда сентиментализм эстетикасы, әсіресе, романтизм бұрынғы традиционализм 
принциптерін қыспаққа алып, кері ысыруда шешуші рөл атқарды: "Ендігі жерде әдеби 
процестегі орталық "персонаж" канонға бағынышты туынды емес, оның туындыгері, ал, 
поэтиканың орталық санаттамасы стиль немесе жанр емес, автордың өзі"[141].
Егер бұрындары XIX ғасырда автор жанрлық және стильдік беделді дәстүрдің өкілі 
ретінде танылса, ендігі жерде ол батыл түрде өзінің шығармашылық еркіндігін паш ете 
білді. Авторлық субъективтілік бұдан былай белсеніп, жаңа сапалық сипатқа ие болды. Ол 
енді бұрынғыдай емес, индивидуалды-бастамашы, тұлғалыққа айналып, байығып көп 
қырлана түсті. Ендігі жерде, әсіресе, романтикалық эстетиканың үрдісіне тән көркем 
шығармашылық ең алдымен «авторлық рухтың» жүзеге асырылуы ретінде ұғыныла 
бастады.
Индивидуалды-авторлыққа жете назар аударған ХІХ-ХХ ғғ. өнер теорияшылары үшін 
көркем-шығармашылық қабілеттілікті танытатын мәнді ұғым – «данышпан» және 
«талант» сөздері арқылы берілді. Бір қарағанда, осы екі сөз бірін-бірі шектеп тұрғандай 
көрінсе, ендібір жағдайда терезесі теңдікте қолданыс табады. «Данышпан» Канттың 
тұжырымы бойынша «өнерге ереже енгізетін талант (табиғат сыйы)»; шынайы өнер 
дегеніміз – бұл «данышпандар өнері», «табиғат сүйіктілері»[142] сондай аз. Өзіндік ойдың 
иесі данышпан өзіне дейінгілердің ізімен жүруден бойын аулақ салып, еліктеу рухына 
қарсы тұрады. 
Суреткер дарынының басқа қыры туралы 1930 жылдары белгілі орыс философы И.А. 
Ильин де жазды. Оның айтуынша, алдын ала өнер іс-әрекетінің қажетті жағдайы болып 
табылатын бейстреотипті, дербес әлденені өмірге әкелуге қабілеттілік, сонымен бірге, ол 
жоғарғы мәнділіктегі көркем туындының пайда болуының жалғыз алғышарты емес, 
«көркем дарындылықтың толықтығын танытпайды», оған бәрі тән болып келеді, бірақ ол 
өздік мақсаттылық емес, ол «жанның желпінуімен», оған қоса, сезімсіздік, ойсыздық
және басқада жағымсыз әсердегі нышан-белгілермен үйлесе алады. «Таланттың міндеті 
шығармашылық пайымдауын жүзеге асырып, айшықтау, яғни, тереңдік пен мәнділікке ие 
рухани тәжірибесін туындысының бойына енгізу» деп ұйғарады Ильин. Осы турасында 
айта келе, философ: «рухани көрегендік», «көркем заттық көріпкелдік», «шиеленіскен 
елгезектік» сияқты сөз айшықтарына жүгінеді. Өз ойын «байыптамадан адаланған талант 
құр бостық және тамырсыздық» деп түйіндейді[143]. Осындайда, Баратынскийдің 
«Дарындылыққа ие болу мойынға борыш жүктеу» деген сөзі ойға оралады. 
Басқаша айтар болсақ, туындының көркемдік құндылығы тек авторының 
дарындылығымен ғана емес, сонымен бірге, аталған халықпен және бүкіл адамзаттың 


41 
мәдениеті үшін маңыздылығымен, шығармашылық міндетін атқара алуымен 
айқындалады. 
ХХ ғасырдағы өнер концепциялары автор-туындыгерді ортаға шығарып, сонымен 
қатар, «айшықтау» санаттамасын өзектендірді. Бұл арадағы біріншілік италия философы 
Бенедетто Кроченің еншісіне тиеді. Ол өнерді автордың әсер алуы мен эмоциясы 
эстеттендіруге ұшырап, айшықталу процесі мен нәтижесінде шығармашылық жақтан 
қайыра түлейтін «эстетикалық айшықтау» деп ұғынды[144].
Осылайша, авторлық субъективтілік тұрақты түрде көркем шығармашылық 
туындыларының бәрінде көрініс бергенімен, кейбірде белсеніп, өзіне назар аудартпайды. 
Туындыдағы автор қатысуының формалары сан алуан. Енді біз осы турасында сөз ететін 
боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет