184
Тайн не выдаю своих.
Ақтаңдақ астар мәтінмен туыстас болып келеді. Бұл туынды мәтінін құрайтын
сөздерден ғана ұғылатын заттық-психологиялық болмыс. Астар мәтін туралы ұғым XIX-
XX ғғ. тоғысында қалыптасты. Осы құбылыстың мәнісі М. Метерлинктің "Күнделікті
өмірдегі трагизм" мақаласында названием "екінші диалог" деген атаумен пайымдалды.
К.С. Станиславский айтуынша, астар мәтін Чехов пьесаларының өн бойында өріп жүреді,
қатысушы тұлғалар көбіне сөз еткені турасында ойлап, сезінбейді де[681]. Әдеби
бейнелеу кейбір жағдайда мұзтау (ңоң-О.Әубәкіровше) сияқты: автор "мүмкін өз
білгенінің көбін тасалап тасайды да, егер ол шындықты жазар болса, онда оқырман оның
ақтаңдағын айқын сезінеді..."[682]. Астар мәтін, әдетте, персонаждар мен лирикалық
кейіпкерлердің ішкі өмірімен байланысты терең құпиялы қатпарларының қойнауына
"кетеді". Оның аясы ең бастысы адамның жанының "құпиялы жазуын" құрайды.
Жақ ашпай қалу бұдан мүлдем өзгеше, ашық айту өмірге қауіп тудыратын байыпты,
өзекті тақырыптар мен кей ойларды әлсіз сезілетін етіп беруді көздейді. Бұл кез келген
аллюзия (өткен туралы тарихи туынды бойындағы бүгінгі заманның қоғамдық-саяси өмір
шындығына ишарат). "Ходить бывает склизко/По камешкам иным,/ Итак, о том, что
близко,/Мы лучше умолчим" деген жолдармен А К. Толстой өзінің "История государства
Российского от Гостомысла до Тимашева" өлеңіндегі орыс патшалары турасындағы
әңгімесін үзіп жібереді де, әужалы-сарказмдік өткеннің келбеті бүгінгі өмірмен
қабысатындығы мәнінде ұғынуға оқырманын мүмкіндік береді.
Аллюзияны М.Е. Салтыков-Щедрин эзоп тілі деп атады. Бұл – туындыны (негізінен
сатиралық) цензуралық тыйым салудан қорғайтын ерек құпия жазу. Осылайша, Н.А.
Некрасов орыс Сібірін "Вестминстер аббаттығы сенің отаның" (бұл аббаттықта
Англияның танымал адамдары жерленгентін) деп атады. О.Э. Мандельштамның
"Станларда" (1935) өлеңінде эзоп тіліндегі әлдене трагедиялықпен аңғарылады:
Подумаешь, как в Чердыни-голубе,
Где пахнет Обью и Тобол в раструбе,
В семивершковой я метался кутерьме!
Клевещущих козлов не досмотрел я драки: ,
Как петушок в прозрачной легкой тьме...
Не турасында сөз болып отырғаны аталмайды. Бірақ "түрме" сөзі фонетикалық
ұқсастықтар ("кутерьма", "тьма") арқылы санамызға сақ етеді.
"Ірі" және "жалпы" көріністерді бөлуде, олардың тікелей айтылғандар мен іште бүгіліп
қалғандарға (немесе үнсіздікке) қатыстылығы жазхушының орналыстырылымға өз назар
аударуының маңызды амалы.
Достарыңызбен бөлісу: