Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Құрмалас сөйлемдердің лебізді түрлендіру, ажарландыру талабына қызмет етуі



бет60/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Құрмалас сөйлемдердің лебізді түрлендіру, ажарландыру талабына қызмет етуі


Лебізді үйреншіктіден өзгеше етіп, түрлендіріп айтуға қазақша сөйлеуші үзбей ұмтылады. Мұны қазақ сөзінің дəстүрі деуге болады. Осылай сөйлеу


– қазақтың абыройы, мəртебесі. Қазақтың осы сөйлеу дəстүрінің үлгісі деп М. Əуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан бір ғана фрагмент келтіреміз. Ожар Есенге Еңлік былай дейді: «Менің затым – əйел, қайратыңмен жұмсатам деме. Ебіңмен кел. Жөніңді өзің айт, аңғал батыр»49. Осы қысқа ғана репликада қанша тың, қисынды сөз өнері тұр.
Түрлілікке (мұны көпшілік тіл білімінде геторегендік деп атайды) жəне үнемділікке ұмтылу сөйлеуде ылғи қатар жарыса жүреді. Осыдан туған процестер – тілдің дамуының, жетілуінің негізгі бір бұлақ көзі50. А. Иль- минский, т.б. ірі ғалымдар қазақ тілінің осы сипатына сүйсінген.



49 Əуезов М. – А., 1991. – 9-т. – 18-б.
50 Карцевский С. Об асимметрическом дуализме лингвистического знака. – Прага, 1929.

Құрмалас сөйлемдердің лебіздің геторегендігіне қосатын үлесі көп, оның құрылымдық сипаты бұл үшін үлкен ресурс береді. Бұл тұста үлесі үлкен-құрмалас сөйлемге қатысатын лексикалық тұлғалар. Олардың син- таксема ретіндегі қатысымен лебізге түрлік, ажарлық беретін қызметі орасан.


Егіс шетте тұрған үйдің іргесіне алқымдап кеп тіреліпті (Ə. Тарази). Алқымдап кеп, тіреліпті – екеуі де ажарлық бейне беріп тұрған сөздер. Антоним сөздер қатысып, контрастық беріп, лебізді ажарландырады.
Құрмалас сөйлемнің грамматикалық құрылымының өзінде де аталған коммуникативтік талапқа жұмсалатын тұлғалар көп. Ол – өзара функ- циялас, синонимдікке жуықтайтын тұлғалар. Оның көбі грамматикалық жүйеге кіреді, тиісті жерде аталған. Синонимдік қатынасқа келетін тұл- ғалар жуық грамматикалық топ ішінде көрініп тұр (-ғанда, -ған кезде). Алшақ грамматикалық топта жатып та синтаксистік тұлғалар синоним болады (-ғанда, -са, -се; -са, -се, -п еді, т.т.). Сөйлеуші осылай қатысқан синонимдердің қатарынан өз сөйлеу тəжірибесі тұрғысынан өлшегенде неғұрлым тың, жаңа болып көрінетін вариантты қатыстырады. Мысалы, Ж.Аймауытов «Олар бір мұжықтың қаласына келе ме, алдынан қаланың əкімі шыға келеді... деген құрылымды жұмсаған. Оны Ол бір мұжықтың қаласына келсе, алдынан қаланың əкімі шыға келеді» дегеннен ұтымды, тың көріп жұмсаған. Осылай талғаудың себебі де, жөні де бар. Осы сияқты іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің қатарындағы -ды бар ма, -са бар ғой, -са ше типті баяндауыштар арқылы ұйымдасқан конструкциялар да лебізді ажарлы етіп құру мақсатында пайдаланылады.
Құрмалас сөйлемнің құрамы, əсіресе оның көп компонентті болуы сөйлеушінің индивидуалды ізденіп, тыңнан конструкция құрып, ажарлық, түрлілік іздеуіне де жол ашады. Мұндай ізденіс, əсіресе көркем əдебиеттен байқалып қалады.
Мұндай ізденіс те тақыр жерден шықпайды, олардың да негізі, сүйеніші бар.

  1. Ə. Таразидың шығармаларында Қырына алды – құрыдық типті сөй- лемдер бар. Бұл құрылымды біз идентивтік сипаттағы конструкция деп атадық. Ə. Ақпамбет Қатын алдың – қауаққа басың тықтың деген сөйлемді жұмсаған. Бұларды авторлар ұмыт болып бара жатқан фольклорлық құ- рылымдарға еліктей, соны жаңғыртып ұйымдастырған.

  2. Биноминативті компоненттерді қатыстырып құрылған құрмалас сөй- лемдер де лебізге жаңаша рең қосу үшін қызмет етеді.



Кешегі Оспан Бір бөлек жан;
Үйі базар, түзі той.
(Абай)


Дүниенің алды сайран, түбі ойран, Өтер сойды бұл дүние,
Азаулының Аймедет ер Доспамбет ағаңнан
(Доспамбет)


Бізден ары қазақта ел жоқ: бір жағымызда Қытай, бір жағымыз – Монғолия, бір жағымыз – Ресей (Ə. Асқар). Əр шөптің басы – кілем, əр бақ-бақтың басы – күн (М. Қабанбаев).
Биноминативті компонентті құрмалас сөйлем лебізге мына сипаты ар- қылы ажарлық əкеледі.
Компоненттердің құрылысындағы симметриялық. Олардың арасындағы параллелизм.
Айтылу интонациясы.
Мұның үстіне предикативтік позициядағы сөздердің мағыналық ара- қатынасы, жұмсалыс ерекшелігі де өз үлесін қосады.
Келтірілген мысалдардағы ажарлық қосып тұрған сөздердің көрінісі анық танылып тұр:
а) (үйі) базар, (түзі) той – үдемелік мағына;
ə) (алды) сайран (түбі) ойран антонимдер контрастық тудырады; б) (шөптің басы) кілем, (əр бақ-бақтың басы) күн – образды теңеу.
5. Биноминативті сөйлемдердің тосын түрлері де лебізді тартымды, қызығарлық етеді: Күлкісі күлкі, қалжыңы қалжың...; ауыл сол ауыл, үйі – үйі-ақ т.т.
Лебізге тұлғалар тың, тосын жұмсалыс, құрылыспен келсе, соғұрлым ол қызықты.
Көркем əдебиеттен ұшырасқан азды-көпті фактілер қазақ тілінде бұл бағыттағы ізденіске, творчествоға өріс, потенциал мол екенін байқатады.
Ə. Тарази шығармаларынан алынған мына сөйлемнің құрылысы осыны байқатады.
Екі қолы артында, бір адам жападан-жалғыз барады Хэмингуэй
(Ə. Тарази).
Осы мысалдағы Хэмингуэй деген компоненттің эллипсистік сипаты, ілгергі компоненттен бөлінген интонациясы (ол сызықша арқылы біл- дірілген) құрмалас сөйлемге ерекшелік беріп тұр. Құрмалас сөйлем лебізді түрлендіреді.
Қолында жүгені бар, кепкалы біреу төніп келді. Тани кеттім Сұлтан
(Б. Соқпақбаев).
Сөйлем ілгергі конструкцияға ұқсас құрылыста болғанмен, комму- никативтік қызметі өзгеше. Атаулы сөйлем ретіндегі компонент танылған объектіні оқыс етіп атап тұр, екі компоненттің арасындағы интонация сөйлеушінің психикалық күйін бейнелейді. Сол арқылы конструкция тың- даушыға да əсер етеді.

Осы сияқты мына комбинацияда құрылған құрмалас сөйлем дəстүрден ерекше интонацияда айтылып, лебізге түрлілік, жаңалық беруге арналған.


Сəнжан қатты ұнады: мінезі ұнады сабырлы, келбеті ұнады сұңғақ бойлы, сымбатты (Ə. Тарази).
Айқындауыштық, себептік қатынастағы компоненттер іргелесіп, түрлі интонациялық қалып арқылы байланысып, конструкцияға өзгеше ажар беріп тұр.
Ажарлық үшін жұмсалған мына сөйлемдердің құрылысына да авторлар
(сөйлеуші) ізденіс салып, жол тапқан.

  1. Шаршап, қалжырасам арқа сүйерім, басым ауырса – бабымды жасап өбектейтінім, жазатайым құлап бара жатсам – демейтінім, қамығып жыласам жұбатарым, көп күлсем сап-сап деп басу айтарым

  • соның бəрі ешкім де емес, бір өзім (Ə. Ақпанбет).

  1. Мал болса, мəңгі жолы осы, сай-сайды қуалап, кейде іркіліп, топ- талып қалып, кейде шұбатылып, сусылдап жөнеліп, еркін кетіп бара- ды – көктемдегі қара су іспеттес, сала-саладан ағып шығар жол іздейді (Ə. Тарази).

  2. Алтын басым қор болды, азғындарға жолығып. Тұқымыңды жай- ғаным – барлық күнəм осы ма, ойбай! (Ə. Ақпанбет).

Келтірілген мысалдар құрмалас сөйлемнің құрылымында лебізді түр- лендіретін, ажарлайтын қор мол екенін байқатады. Жəне ол қор сөйлеушінің творчествосына да көп сүйенеді екен.
Конструкция ажарлау үшін қолданылды деген – сөйлеуші конструк- цияны іздеп табады деген емес, конструкция сөйлеушінің көңіл күйіне, сезінуіне байланысты туады.
Құрмалас сөйлем құрылысы осыған мүмкіндік, өріс, потенция береді.
Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің конструкция арқылы лебізге ажарлық беретін мүмкіндігі мол.
Олар компоненттерді арнаулы, бейімделген үлгіде қатыстырып, орнын, байланысу амалын ыңғайлап құрып, түрлі интонациялық қалыпта, ырғақта айтылатын етіп құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет