ƏОЖ 811.512.122(075.8)
КБЖ 81.2 каз-923
ISBN 978-601-04-0669-8
© Əмір Р.С., Əмірова Ж.Р., 2020
© Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2020
YРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ГРАММАТИКАЛЫ БЕЛГІЛЕРІ,
ЫЗМЕТІ
ұрмалас сөйлемдер жай сөйлемдер типтес компонент- терден құралады: «Шұқырма» көктемде тасып, шо- лақ сай суға шүпілдеп толады (А. Нұрманов).
Қ
Осы құрмалас конструкция екі предикативтік құрылымнан құралған. Əр құрылымның предикативтік байланысқа түскен бастауыш, баяндауышы бар: 1) «Шұқырма» көктемде тасып,
2) шолақ сай суға шүпілдеп толады.
Осы белгісіне қарамай бұл құрылымдар жай сөйлем болып танылмайды. Олар жай сөйлемге тəн грамматикалық белгілер- дің бəріне ие емес:
а) дара интонациялық қалыпқа ие емес;
ə) компоненттердің бірінің баяндауышы тиянақты (финит-
тік) форма алмаған;
б) бұлар дара информация хабарлап, дара коммуникативтік қызмет атқарып тұрған жоқ.
Құрайтын компоненттер предикативтік тұлға болғандықтан, құрмалас сөйлемдер көп предикативті конструкция болып табылады. Құрмалас сөйлем – бір бүтін грамматикалық (синтаксис-
тік) тұлға.
а) Ол компоненттерімен бірігіп бір тұтас мағына білдереді: табиғаттағы заттардың, адамдардың іс-əрекетіндегі бай- ланыстарды көрсетеді.
Осылай болғандықтан құрмалас сөйлемдердің қызметі күр- делі пікірді хабарлау деп есептеледі.
ə) Құрмалас сөйлем бір бүтін дербес грамматикалық (синтаксистік) тұл- ға болғандықтан, оны қалыптастыратын синтаксистік формасы болады.
Бұл конструкцияның грамматикалық формасы мына компоненттерден
(амалдардан) қалыптасады.
Конструкцияны бір тұлға ретінде тұтастыратын интонация; Компоненттерді байланыстыратын орын тəртібі;
Соңғы компоненттің баяндауышының предикативтік тұлғасы;
Компоненттердің жігіндегі олардың өзара грамматикалық байланысын білдіретін амалдар.
Бұл амалдардың əрқайсысының құрмалас сөйлемді грамматикалық, семантикалық жағынан қалыптастыратын нақты үлесі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |