Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет57/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Кірігу орын тəртібі


Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы компоненттер тізіліп орналас- пай, кірігетіні бар. Бұл кірігу салалас құрмаласта да, сабақтас құрмалас жүйесінде де бар.


Жастықпен құлағын басып, көзі ұйқыда, көңілі ояу, көпке дейін дөң- бекшумен жатты (Д. Досжанов). Тиген жау, алдарында қос бар ма, жер ошақ бар ма, білмейді (І. Есенберлин). Қойшы, ойында балалары, алдында қойы, көпке дейін ат үстінде жүрді (О. Бөкеев).
Кіріктіретін мағына, информациялық мəні жағынан мəндірек компо- нент. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамында бұл дəрежеге соңғы пози- циядағы компонент ие болып келеді.
Бекең, таң саз бергеннен, ымырт үйірілгенше осы егіндіктері аралай- ды (С. Мұратбеков).
Кірігудің себебі мынандай:
Басыңқы компонент негізгі информацияны хабарлайды. Сондықтан сөйлеуші соның тақырыбын бірінші қойғысы келеді. Соны атаған соң ба-

ғыныңқы дəрежесі төмен информацияны айтатын компонент қатысты- рылады.


Осы сияқты мына салалас сөйлемнің компоненттері де дəрежесі де тең емес.
Қойшы, балалары ойында, көпке шейін дөңбекшіп шықты.
Кірігуді пайдаланудың біз айтқан коммуникативтік себебі кірігетін компоненттің орнынан да байқалады. Ол көбіне басым компоненттің бас- тауышынан соң орын алады.
Байғұс қара өгіз, көзіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, митің-митің аяңдап келеді (Ғ. Мүсірепов).
Сабақтас құрмалас сөйлем жүйесінде де кіріктіру бар. Кіріктіретін –
басыңқы компонент сөйлем, кірігетін – бағыныңқы компонент.
Көшпелі ауылдың əдеті – жаз жайлаған жерін күз, ел көшкен соң өртейді (С. Мұқанов). Аттары, қос танауы шелектей боп, буды бұрқ- бұрқ бүркіп, аршындап келеді (С. Мұратбеков). Сонда, бұған дəн түскенше, тағы бір он күн өтеді (А. Байтұрсынов). Осы зарлаған үні, Бөжейлер ұзап кеткенше, басылмады (М. Əуезов). Өзің, сауатсызбын деп мүсəпірсігенің болмаса, бəрін көңілге тоқыған мықты болып шықтың-ау (Ж. Еділбаев)48.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет