Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет55/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Тапсырма:

  1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылысын, қызметін айтып, мысалдар келтіріңіздер.

  2. Көп компонентті салалас сөйлемдердің құрылымдық көріністеріне мысалдар кел- тіріп, оларды талдаңыздар.

  3. Көп компонентті сабақтас сөйлемдердің құрылымдық көріністеріне мысалдар келтіріп, оларды талдаңыздар.

  4. Көп компонентті аралас сөйлемдердің құрылымдық көріністеріне мысалдар кел- тіріп, оларды талдаңыздар.

  5. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлемі жөнінде байқағандарыңызды ай- тып, мысал келтіріңіздер. Бұл мəселеге арналған зерттеулерді атап, оның мазмұнын айтыңыздар.

YРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР КОММУНИКАТИВТІК ТАЛАПТАР ЖҮЙЕСІНДЕ


Құрмалас сөйлемдер жүйесінде көрінетін коммуникативтік көріністер жəне олардың орындалуы
Л


ебізді айту – əрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын əрекет:


Коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:
а) бір информацияны жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;
ə) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады; б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы
іске асады.
Бұл бастапқы қарапайым талаптарды бірінші дəрежедегі ком- муникативтік талаптар дейміз. Бұл талаптарға сай құрылып, жұм- салатын сөйлемдер құрылысы базистік (түпкі) құрылымдар бо- лып табылады.
Тілдесудің мақсаты, мазмұны күрделенген сайын, сөйлеуші- лерге қоятын коммуникативтік талаптар да күрделенеді. Сөй- леушілер адресатқа ықпал етуге, сөзін өткізуге тырысады не- месе өзіне имидж тудыруға ұмтылады.
Құрмалас сөйлем құрамына мынандай негізгі коммуника- тивтік талаптардың əсері байқалады.
Лебізді үнемді етіп құру.
Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту. Адресатпен үндесіп отыру.

Лебізді экспрессивті етіп айту.


Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т.т.
Бұлар ІІ дəрежедегі коммуникативтік талаптар. Бұларға сай лебіз құ- руда сөйлеуші базистік (түпкі) құрылымдарға сүйеніп, соның негізінде лебіз құрылады.
Біз төменде осы екінші дəрежеде деп атаған коммуникативтік талаптар- ды солардың құрмалас сөйлемдер құрылысынан көрінуін айтпақпыз.
Сөйлеудің өн бойында үнемділікке ұмтылу талабы қоса жүреді: Осы ұмтылыстың құрмалас сөйлем құрылысынан көрінісі алуан түрлі. Солар- дың бірі – компоненттерді ортақ лексикалық, грамматикалық тұлғаға қа- тыстырып құру, мұны біз ортақтастыру амалы деп атаймыз. Ортақтас- тыруды екі түрге бөлеміз:

    1. Лексикалық ортақтастыру.

    2. Грамматикалық ортақтастыру.

Лексикалық ортақтастыру құрмалас сөйлемнің компоненттеріне бір не- месе бірнеше сөзді ортақ қатыстырып құрылуынан көрінеді.
Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ (Ғ. Мүсірепов). Менің екі бетім дуылдап, өн бойым дірілдеп кетті (С. Мұратбеков). Тракторды жүргізу үшін білім керек, айла, тəсіл керек (С. Мұратбеков).
Аталған мысалдарда жүзінде, менің тракторды жүргізу үшін, құрмалас конструкцияларға кірген əр компоненттерге ортақ, бірдей қатысты. Осы- лай құрылу конструкцияны ықшам етіп құруға септігін тигізеді. Ортақ лексикалық тұлға тұрлаусыз мүше қызметінде болады, əрі ол құрмалас сөйлемнің бас позициясында тұрады.
Грамматикалық ортақтасу құрмалас сөйлем компоненттерінің құра- мындағы қызмет жағынан бірыңғай мүшелерінің грамматикалық формаға ортақтас болып құрылуынан көрінеді.
Болашақты олар да күтсін, біз де күтейік. Бəлкім, бөлінген жерлеріміз жалғасып, бөлінген еліміз бірігіп кетер (У. Қыдырханұлы).
Осы құрмалас сөйлемнің компоненттерінде баяндауыш қызметінде жалғасып кетер, бірігіп кетер жұмсалып тұр. Бұлар форма жағынан ұқсас: негізгі етістіктер көсемше тұлғада тұрып, кетер деген көмекші етістікті телуге тиіс. Осы кетер соңғы баяндауыш құрамында ғана жұмсалып, алдыңғы компоненттің баяндауышына да ортақ болып тұр.
Қалай, үй-іштерің аман, бəйбішең қуатты ма (Ə. Нұршайықов). Бұл мысалда сұраулық ма демеулігі соңғы компонент құрамында тұр, бірақ ілгергі компонентке де ортақ.
Компоненттердің баяндауыштары форма жағынан бірыңғай болып кел- генде, тек көмекші сөздер ғана ортақтасып қоймайды. Негізгі сөздердің құрамындағы бірыңғай қосымшалар да ортақтас болып келеді.


Ағыл-тегіл қар кетер еді. Қызғалдақтар гүл жарып, бəйшешектер ше- шек атар еді (М. Тиесов).
Құрмаластың құрамындағы бірінші компонент толық түрде былай ай- тылар еді: Қызғалдақтар гүл жарар еді. Бірақ компоненттің баяндауышы болып келген етістік келер шақ есімше тұлғасын, көмекші етістік (еді) бірдей түсіріп жұмсалып тұр. Осындай жағдай мына мысалда да бар.
Жарайды, мейлі, сол Жолбосынның қонақасына бармасам да, таңым атып, күнім батар баяғыша (С. Асылбекұлы).
Бірінші компоненттің етістік баяндауышы ыңғайлас қосымшаларын түсіріп, өткен шақ көсемше формасына ауысады. Көсемшенің бұл форма- сы – байланыстырушы ретіндегі тұлға. Аталған баяндауыштардың өткен шақ көсемше тұлғасын алуы осы себептен.
Баршаны теңгермек болған кезеңнің кенезесі кеуіп, кезенейі көбейе бас- тағаннан-ақ, бұлардың заңғар зауыты алқынып, алқым түймесін ағытуға шамасы жетпеген алып адамдай гүрс етіп құлап кетті (М. Байғұт).
Бірінші компоненттегі баяндауыш кеуіп ортақтасу процесіне байланыс- ты көмекші етістікті құрамынан түсірді, сөйтті де негізгі сөз өткен шақ көсемше тұлғасына ауысты. Бұнысы жалғастыққа (байланысқа) бейімдел- гені. Өткен шақ көсемше тұлғасының байланыстырушылық қызметін ал- ғаш байқап, атаған «Грамматика алтайского языка» деген еңбек болатын46. Ортақтасу процесіне түскен салалас құрмалас сөйлемдер сабақтас құр- малас конструкцияның қатарына өтеді. Өйткені бірінші компоненттің етістік баяндауышы көсемше тұлғасына көшіп, сол форма арқылы келесі
компонентпен байланысады. Осылай ету мына сөйлемде де бар.
Əкем арба жөндеп, шешем құрт қайнатып жатыр (Ғ. Мүсірепов). Сөйлем толық түрде былай айтылады: Əкем арба жөндеп жатыр, ше- шем құрт қайнатып жатыр. Күн жылы, жер қарада, қораны жөндеп алыңдар.
Бұл сөйлем – құрмалас. Бағыңқы компоненттердің баяндауыштары бірыңғай формада, жатыс септік тұлғада (жылыда, қорада) соңғы компо- ненттегі баяндауыштың құрамындағы жатыс септік жалғау ортақ.
Шегерілетіп тұлғалар есім негізді болса, ол атау формада қалады, етістік болса, өткен шақ көсемше формасын қабылдайды.
Ортақтастыру сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ұйымдастыруға да қатысады. Бірыңғай мүшелер ретінде септік жалғауы бірдей зат есім сөздер қатысса, септік жалғауы соңғы мүшеге ғана жалғанып, ілгергі бірыңғай мүшелер соған ортақ болады: қозы, лақтарды көгендей жүр.
Бірыңғай баяндауыштар финиттік формаларын сақтап жұмсала алады:
Аңшы мылтығын алды, бөлшектеді, тазалады. Осы сөйлем бірыңғай мү-



46 Грамматика алтайского языка. – Казань, 1869.

шелердің формасын ортақтастырып құрала алады: Аңшы мылтығын алып, бөлшектеп, тазалады47. Бірыңғай баяндауыштарға тиісті предикативтік форманы соңғы позициядағы баяндауыштар өткен шақ көсемше тұлғада жұмсалады.


Ортақтасуға түсетін сөйлем мүшесінің өз құрамынан морфологиялық тұлғаларды түсіру сипаты көп факторға бағынышты. Бұл процесті билейтін байланыстырушы элемент ретінде қатысатын -п тұлғасы, осы тұлғаның жұмсалу ережелері.
Қызғалдақтар гүл жарып, бəйшешектер шешек атар еді деген сөйлемді тек көмекші етістікті ортақ етіп құруға болар еді: қызғалдақтар гүл жарар, бəйшешектер шешек атар еді. Олай етпей жазушы құрмаластың бірінші компонентінің баяндауышының құрамынан есімше жұрнағын да түсірген. Бұның себебі – қазақтың лебіз құраудағы дəстүрі. Қазақ сөйлеу дəстүрінде етістіктен жасалған бірыңғай мүшелерді үнемді етіп құрау, солай жұмсау үстем.
Ортақтасатын мүшенің формаларына қатысты екінші ереже мына сөйлемнен байқалады. Қара жерді енді қар емес, су селі басты. Шаптығып, тасып тасыраңдамаған шолақ сай жоқ (О. Бөкеев). Бұл сөйлем үнемділікке түспегенде былай айтылған болар еді: Қара жерді енді қар емес, су селі басты. Шаптықпаған, тасымаған, тасыраңдамаған шолақ сай жоқ.
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қатарына кіріп, ортақтасуға қатысқан сөздер болымсыздық қосымшасын, есімше тұлғасын бірдей түсіріп барып, көсемше жұрнағын қабылдаған: шаптықпаған – шаптығып, тасыраң- дамаған – тасыраңдап. Аталған сөздердің ортақтасу үшін жəне -п тұл- ғасын алу үшін түскен өзгерістер болымсыздық форма мен көсемше формаларының көне замандағы өзара байланысының бүгінгі жаңғырығы деп қарауымыз керек. Ортақтасу мына сөйлемде де бар.
Боран тұрып, қар жауса да, жолдан қалмаймыз. Боран тұрса да, қар жауса да, жолдан қалмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет