Экспрессивті, эмоциялы лебіздің адам, халық, ұлт өмірінде атқаратын қызметі зор. Ол тереңдегі сезімді оятады – қуаныш, кейіс əкеледі, ұлы істерге жұмылдырады.
Лебізді экспрессивті етіп құру үшін қатысатын құрмалас конструк- циялардың (лепті құрмалас сөйлемдердің) түрлері көп. Олардың жасалу жолдары да алуан. Құрмалас сөйлемдердің бұл реттегі ресурстары мол.
Құрмалас сөйлемдер лепті жай сөйлемдерді компонент етіп қатысты- ру арқылы экспрессивтік сипат алады.
Ақ жауын құйды дейсің, төңіректі топан су басты (М. Тиесов).
Арнаулы лепті құрмалас сөйлемдер құруға арналған баяндауыш фор- малары арқылы жасалады.
Ертеңге дейін хабар келмеді бар ғой, көлік тауып іздеп барамын
(Қ.Сегізбаев).
Компоненттердің құрамына (сөйлем мүшелерінің жетегіне) демеулік- тер қатысып экспрессивті құрмалас конструкция жасалады.
Баяғыда көшпелі елдің балаларына қыс созылғанда көктемді күту қиын-ақ еді (М.Тиесов).
Компоненттерді байланыстырып, олардың арасындағы мағыналық қатынасты білдіретін баяндауыштық формаларға демеуліктер жегіліп экс- прессивті құрмалас сөйлем құралады.
Самал жақындағанда-ақ, жапырақтар... сыбдырлай тулайды (К. Толы-
баев). Осыдан келсе ме, жазасын береміз (М. Тиесов).
Мынандай модельде жасалатын экспрессивті сөйлемдер бар.
Бірінші компонент болымсыз -ғанда (айтпағанда) тұлғалы баянда- уышты болып, екінші компонент ретінде риторикалық сұрақты білдіретін компонент қатысып, экспрессивті құрмалас сөйлем жасалады.
Мал дəрігердің қызын алмағанда, ол патшаның қызын ала ма!
(М. Тиесов).
Бірінші компонент ретінде болымсыз шартты рай етістікті (-маса) баяндауыш етіп қатыстырып, екінші компонент ретінде риторикалық сұ- рақты білдіретін құрылым қатысып экспрессивті құрмалас сөйлем құ- рылады.
Осындайда қол ұшын бермесе, қашан көреміз туыстығын (Ə. Ақпанбет).
Оспан айтпаса, кім айтады бұл сөзді (Ə. Ақпанбет).
Бір мүшесі бір лексикалық тұлғадан жасалған бірнеше компоненттер қатысып, экспрессивті құрмалас сөйлем жасалады. Компоненттер бірыңғай салалас болғандықтан пауза арқылы жіктеліп, əрі үстемеленген интонация арқылы айтылып динамикалық келбет алады.
Арада тау бар, тас бар, теңіз бар, ит мұрыны өтпейтін қалың орман бар, олардан қалай өтесің (Ғ. Мүсірепов). Осы күні тойдан көп нəрсе жоқ: мейрам күндері – той, біреу қыз ұзатса – той, бала туса – той, жоспар артығымен орындалса – той (Б. Соқпақбаев).
Бұл айтылғандар экспрессивті құрмалас сөйлемдерді танып, олардың құрылысын талдауға жетекші болатын деректер ғана.
Қазіргі сөйлеуші сезімтал, құрмаластың компоненттерінің қатынасына экспрессия, сезім, қосып, соны өзінше білдіруге ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |