ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ƏЛ-ФАРАБИ атындағы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Р. С. Əмір Ж. Р. Əмірова
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті оқулық ретінде бекіткен
Стереотиптік басылым
Алматы
«Қазақ университеті»
2020
Ə 58
Əмір Р.С., Əмірова Ж.Р.
Қазіргі
қазақ тілі, құрмалас сөйлемдер жүйесі: оқулық / Р.С. Əмір, Ж.Р. Əмірова. – Стер. бас. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 110 б.
ISBN 978-601-04-0669-8
Оқулық 2009 жылы жарық көрген «Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грам- матикалық, функционалдық жүйесінде» деген оқу құралы негізінде толықты- рылып ұсынылып отыр. Оқулықтың алдына қойған басты мақсаты студент- терге қазақ тілі білімі жөнінде басты теориялық мəлімет берумен қатар, олардың тіліміз жөніндегі компетенциясын мол етіп қалыптастырып, лебіз құру үстіндегі талғамына сай келетін тілдегі ресурстарды ашып тануға, игеруге ұмтылдыру. Əр салаға қатысты теориялық түсініктерді іс-тəжірибеде бекітетін практикалық тапсырмалар, қажетті əдебиеттер тізімі əр тақырыптан кейін берілген.
Тапсырмалар теориялық тақырыптарды игеруді, оның практикалық аспек- тілерін пысықтайтын ұтымды жолдарына байланыстырылып құрылған.
Оқулық
студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға арналған.