Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет58/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Инверсиялық орын тəртібі


Құрмалас сөйлемдер жүйесінде инверсия да болады. Инверсияға көбі- не түсетін сабақтас құрмалас сөйлемдер. Бағыңқы сөйлем компоненті үй- реншікті орнынан ауысып, басыңқыдан соңғы позицияға көшеді.


«Ақ бақсыдағы» шалдың бейнесін есіне түсіргім келіп еді: «Ей, шы- рағым-ай, оның қайсыбірі есте тұрады. Əйтеуір жанымды салып ойна- дым, ойна деген соң (Қ. Сəрсенбай). Айтсын шығып, дəлелдей ал- са!» (Ж. Еділбаев). Қолы бос ешкім жоқ, қазір өзім реттеп бермесем (А. Шамкенов).
Құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің инверсияға түсуі сөйлеуші- нің ой екпінін көрсету (актуализация) мақсатына байланысты. Ой екпініне ие болған компонент ілгері позицияға көшеді де, мəні төмен компонент содан кейін орналасады.
Шіркін, қашан үлкен болар екен, осындайдан құтылатын (С. Мұрат- беков). Сегіз үйден сегіз ұл туғанша, сегізінен бір ұл тусашы, елге тұлға болатын.





48 Сабақтас құрмаластың компоненттерінің бұл орналасу реті жөнінде Қ. Есенов те пікір айтқан болатын. Оны мына кітаптан оқыңыздар: Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1975. – 2-т. – 168- 169-б.

Құрмалас сөйлемдердің құрылымдық компоненттеріне байланысты актуализациялаудың амалы осы ғана. Жай сөйлем жүйесінде актуализа- циялау амалы əлдеқайда көп екені белгілі. Ол амалдар ретінде аталып жүргендер:


Етістікті сөйлем құрылысы.
Мəнді сөйлем мүшесін актуалды позицияға көшіру. Мəні төмен сөйлем мүшесін қалтарыс позицияға көшіру.
Бұл амалдар құрмалас сөйлемдер жүйесінде түгел қалмайды. Олар құр- малас сөйлемдер құрамындағы компоненттердің құрылысына қатысады.
Талданған фактілер мынаны аңғартады. Құрмалас сөйлемдердің жүйе- сінде олардың құрылысына, семантикалық компоненттеріне сай қалып- тасқан коммуникативтік талаптар жəне оларды жүзеге асыруға арналған өздеріне лайықты амалдары бар. Сонымен бірге құрылымдық тұлғалары бір ыңғайлас келген тұста ортақ амалдарды жұмсайды. Бұл – тілдің барлық деңгейлерді мүмкінінше бір жүйеде ұстауға тырысуының көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет