Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Коммуникативтік талаптардың орын тəртібі арқылы орындалуы
Лебіздің коммуникативтік мақсат қуып құрылуына құрмалас сөйлемдер жүйесінде қалыптасқан орын тəртібі ережелері де қызмет етеді. Құрмалас сөйлемдер жүйесінде үш түрлі орын тəртібі бар дейміз:
47 Осылай құрылған сөйлемдерді А. Байтұрсынов А.М. Пешковский еңбектерінің үлгісімен сиысу- лы құрмалас сөйлем деп, бірінші құрылымын шұбалаңқы түрі: Аңшы мылтығын алды, бөлшектеді, тазалады; екінші құрылымын ықшам түрі деп атаған болатын. Байтұрсынов А. Тіл құрал, сөйлем жүйесі мен түрлері, ІІІ Тіл танытқыш кітап. – Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. – 300- 301-б.
Базистік (түпкі) орын тəртібі.
Кірігу орын тəртібі.
Инверсиялық орын тəртібі.
Базистік орын тəртібі құрмалас сөйлемдердің бастапқы мағыналық- грамматикалық түрлерін ұйымдастыру қызметіне сай қалыптасқан, яғни бірінші дəрежелі коммуникативтік талаптарға қызмет етеді. Базистік орын тəртібінің бір-екі көрінісін атайық.
Салалас сөйлемдер екі компонентті байланыстыру үшін баяндауыш- тық форма қызмет ететін болса, сол баяндауыш қатысқан компонент бірінші позицияда орналасады.
Жаңбыржауыпеді,егінкөтерілді.Шақырыпеді,келмеді.
Егер баяндауыштар форма жағынан бірыңғай келсе, компоненттер мағыналық престижіне сай орналасады.
Далатүкті,шөбіқалың.
Жалғаулықты салаластар құрамында жалғаулық байланыстыратын компонент соңғы позицияда орналасады.
Осындайістерденбосқалғанжəнеқайдабарарыдамəлімемес.
Сабақтас құрмалас сөйлемде ілгергі позицияда құрылысының ыңға- йына сай бағыныңқы компонент тұрады.
Сіз көшіп келгелі, ісім оңға басты, құда (Д. Досжанов). Құнанбайдың Тəңірберді үйіндегі үлкен келіні Қаражал Қуандыққа ана болып келе- тіндіктен, Жарқынбек Ырғызбайларға да арқа сүйейтін (М. Əуезов).