Бердібай Шалабай
30
5-жұмыс.
Ет. Көс.-Ет. ө(з).
Абайлар Балқыбектегі сияз басына келгенде, көпке шейін
өздері түсетін жайды таба алмады (М.Ә.).
Алдында үш ат бойы жерде бір құла қасқа кетіп барады (Ә.К.).
Қыс айында кісі аяғы жете қоймайтын алыс ауылдарға да
осы хабар дүңкілдеп естіліп жатты (Ә. Нұрпейісов). Биылғы қыс
сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді
(Ғ. Мүсірепов). Кішкене шам сығырайып, сәулесінің ұшынан
созылып түтін шығып тұр (Б. Майлин). Сәрсенбай Нұржан-
ның үйінде осы балалардың у-шуымен ұзақ отырып қалды
(М. Жұмабаев). Сондықтан Ақбала манадан бері айтылып жатқан
сөздерге үлкен мән берді (Ж. Аймауытов). 1903 жылы қолыма
Абай сөздері жазылған дәптер түсті (А.Байтұрсынов).
6-жұмыс.
Сы 3.
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, қасына сөз айтпаққа жақын
келді (А. Байтұрсынов). Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын
бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай
болар еді (Ғ. Мүсірепов). Жарыс жоқта да ол жылқыдан гөрі
адамға үйір (Ә. Кекілбаев). Қара қатын осы ауылда Ақбаламен өш
(Ә. Нұрпейісов). Қара торы келген жас қана әйел, болыспен қатар
отырып, стол үстіндегі қағазды ақтарысып жатыр (Б. Майлин).
Таңжарық үйінің үлкен сары самауырыны екі иінінен буы
бұрқырай төргі үйге кіріп келеді екен (М. Әуезов). Тау бетінен
аңдағайлап жатағына мал келді (Ж. Аймауытов). Адал еңбекпен
мал іздемек-арлы адамның ісі (Абай).
Достарыңызбен бөлісу: