Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет109/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   118
Байланысты:
Шалабай

күрделі синтаксистік тұтастық 
деп, бірнеше 
сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық 
жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі ойды білдіретін, 
сөйлемнен ірі синтаксистік бірлікті айтамыз.
Күрделі синтаксистік тұтастықтың мағыналық және кұры-
лым дық белгілеріне келетін болсақ, ең алдымен, ол мағыналық 
бір лікке ие. Оны құрайтын сөйлемдер негізгі бір ой төңірегіне 
топ тасады. Бірақ күрделі синтаксистік тұтастық ой бірлігімен ғана 
сипатталып қоймайды, сол ойдың аяқталуымен де сипатталады. 
Мағыналық жағынан аяқталғандық сөйлемге карағанда, мұнда 
басым сезіледі. Екіншіден, күрделі синтаксистік тұтастық бір-
тұтас интонациялық-ырғақтық бірлікке де ие. Интонациялық-
ыр ғақтық құрылымы жағынан күрделі синтаксистік тұтастыққа 
бірігуші сөйлемдер бірыңғай, бір топ болып жұмсалады да, 
көршілес екі күрделі синтаксистік тұтастық арасында сәл ғана 
дауыс кідірісі болады. Үшіншіден, күрделі синтаксистік тұтастық 
кұрылымы, тұлғасы жағынан 
да
бірыңғай бірлік кұрап тұрады. 
Күрделі синтаксистік тұтастық жеке сөйлемдерді жалғастырушы 
тек өзіне ғана тән арнайы
 
синтаксистік байланыс түрлеріне ие,
 
күрделі синтаксистік тұтастық дегеніміздің өзі құрылымдық ж а-
ғы нан алғанда, жеке сөйлемдердің байланысу тәсілдері болып 
табылады, сөйлемдердегідей оның да құрамды бөліктерін (сөй-
лем дерді) байланыстыратын өзіндік тәсілдері болады. Ондай 
тәсіл дерге жалғаулықтар, есімдіктер, үстеу сөздер, модаль сөздер, 


Бердібай Шалабай
174
сөздердің орын тәртібі, қайталанған сөздер, баяндауыштардың 
жақ тық-шақтық формаларының
біркелкілігі, тағы басқалар жатады. 
Кейбір ғалымдар (мысалы, Г.Я. Солганик) күрделі синтаксис-
тік тұтастықтың тағы бір белгісі ретінде оны құрастырушы 
сөйлемдердің модальдік бір реңділігін атайды. Бірақ бұл пікір мен 
толық келісуге болмайды.
Өйткені бұл белгі күрделі синтаксистік тұтастықтың тек бір 
тү ріне қатысты алғанда ғана (мысалы, тек автор сөзінен құрылған 
күр делі синтаксистік тұтастық) дұрыс болады, ал автор сөзін, ор-
тақ төл сөзді, кейіпкер сөзін қамтитын күрделі синтаксистік тұ тас -
тықтарда модальдік біркелкілік туралы сөз болуы мүмкін емес.
Синтаксистің күрделі бірлігі болғандықтан, күрделі синтак-
систік тұтастық өзіндік айрықша құрылымға да ие. Оны құрай-
тын сөйлемдер барлығы тегіс бірдей қызмет атқарып тұрмайды.
Күрделі синтаксистік тұтастық бір ой төңірегіне құрылады 
дедік. Әдетте, ондай негізгі ойды белгілеп, басқа сөйлемдерге 
қазық болып тұратын бір не екі сөйлем болады. Ол сөйлемдер 
көбінесе күрделі синтаксистік тұтастықтың басқы бөлігінде 
орналасады да, басқаларға қарағанда, өзіндік еркіндікке ие 
болып келеді. Ал қалған бөлігі сол негізгі бөлікте айтылған 
мазмұнды түрлі жағынан нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұрады 
және синтаксистік құрылымы жағынан соған тәуелді болады. 
Әдетте, басқы бөлік күрделі синтаксистік тұтастықтың барлық 
мағынасын өзіне қысқа түрде жинақтап тұрады. Мысалы:
«Көші-қон жайын балаларына тапсырып, өзі қасына бір 
топ адам ертіп алып, Игілік би Ұлытаудан бергі елдерді аралай 
қайтып еді. Біріне «қайырын берсін», біріне «қайырлы болсын» 
айтып, алыс-жақын ағайынның қағылған-соғылған өкпе-назы 
болса, ұшықтай қайтқан. Екі баласы екі жерде болыс, он екі мың 
жылқысы бар Игіліктің келуін үміт етпейтін елдер мұнысына 
қатты риза болып, бас изесіп қалысты. Көп бастар шұлғысып, 
көп сақалдар шошаңдасып қалды. Бұл жүрістің түбі бір 
жанжалға соғарын сезінген қу тақымдар топ-тобымен келіп, 
Игіліктің тобына өздері қосылып, елден-елге шығарып салып 
қайтысты. Бірақ салтақ тымақтың құлағын қалай түрсе де, 
сыр ала алмай, шерменде болып қалысты» (Ғ. Мүсірепов).
Осы күрделі синтаксистік тұтастықтағы бірінші сөйлем – ой 


Қазіргі қазақ тілі
175
қазығын білдіруші негізгі сөйлем. Онда Игіліктің жол сапары 
бейнеленген. Ал басқа сөйлемдерде осы бір «жүрістен» өзге 
«жүріс» жоқ, яғни бөтен оқиға жоқ. Оларда тек сол жүрісті тү-
сіндіру, дәлдеу ғана – Игіліктің не мақсатпен барғанын, барған 
жерінде қалай қарсы алғанын баяндау ғана бар.
Алғашқы сөйлем жаңа ойды кіргізетін болғандықтан, 
синтаксистік ерекшелікке ие болады, яғни құрылымы жағынан 
толық және шартты түрде, синтаксистік тәуелсіздікке ие. Жаңа 
ойды кіргізе отырып, бірінші сөйлем былайғы баяндаудың 
жалпы тонын белгілеп береді. Негізгі басқы бөліктен бөтен 
күрделі синтаксистік тұтастықтың айқын белгіленген қорытушы 
бөлігі де болуы мүмкін. Ол көбіне, «сонымен», «қорыта кел-
генде» қыстырма сөздерімен басталып, күрделі синтаксистік 
тұтастықтың аяқталғандығын білдіріп тұрады.
Мысалы:
«Жұман бай көш алдын Майқұдық бұлағына жақындай бер-
генде ғана қуып жетіп еді. Оған дейін Игілік көшінің қайда тарт-
қанын болжай алмай әуре болды. Сүзісер жеріміз осы болар ма деп, 
Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші әрі асып кетті де ген 
хабар алды. Көп салтаттының қоршауында кетіп бара жат қан, 
қос-қос түйе жегілген көк арбалы ұзын көш алысқа тарт қандай 
жинақы кетіп бара жатты. Сүріндірер жерім осы шығар-ақ 
деп, Соқыр өзенінен тосып еді, ол болжалы да дұрыс қа шықпады. 
Сонымен, Жұман байдың жіпсіз жетеленіп, он екі күн көшіп, әрең 
аттан түсіп отырған ызалы жайы бар» 
(Ғ. Мүсірепов).
Қорытушы бөліктің де ортадағы бөліктен өзгешеленіп тұратын 
өзіндік синтаксистік тұлғасы болады, қорытушы сөздердің орын 
тәртібі, сөйлемнің құрылымы, алдындағы сөйлеммен синтак сис-
тік байланысының сипаты, модальдік планы өзгеріске ұшырайды. 
Айта кететін бір жай: күрделі синтаксистік тұтастық бәрінің 
бұндай басқы, негізгі, қорытушы бөліктерден тұруы міндетті 
емес. Кейбір күрделі синтаксистік тұтастықтарда мұның бірі 
немесе бәрі болмауы мүмкін. Бұл жағдай жазушының стилімен, 
шығарманың алдына қойып отырған мақсат-міндетімен, мәтін 
түрінің ерекшелігімен, т.б. жайлармен анықталады.
Күрделі синтаксистік тұтастыққа ұйымдасушы сөйлемдердің 
бір-бірімен байланысу тәсілдері, негізінен, екі түрлі. Соған қарап 


Бердібай Шалабай
176
күрделі синтаксистік тұтастықты құрылымдық жағынан екі топқа 
бөлуге болады. Бірінші түрінде күрделі синтаксистік тұтастыққа 
бірігуші сөйлемдер бір-бірімен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет