Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет110/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   118
Байланысты:
Шалабай

ілектестік қатынаста 
болады. 
Яғни сөйлемдер бірінен-бірі туындап, соңғысы алдыңғысына 
бағынып отырады. Бұл жай бірінші сөйлемнің элементі (бір 
мүшесі) екінші сөйлемде, екіншісінікі үшіншісінде, үшінші 
сөй лем дікі төртіншісінде, т.б. қайталанып қолданылуы арқылы 
жүзеге асады. Ондай қайталанушы сөздер сол күйінде немесе 
есімдік, үстеу сөздермен ауысып қолданылып отыруы да мүмкін. 
Сол арқылы ойдың дамуы, ілгері қарай қозғалысы іске асады. 
Бұндай күрделі синтаксистік тұтастықтағы сөйлемдер бір-біріне 
тығыз байланысты болғандықтан, жеке алып қарауға келмейді
өзінің коммуникативтік, т.б. қызметтеріне тек басқа сөйлемдермен 
қарым-қатынасында ғана ие болады. Мысалы:
«Табиғат және табиғат байлықтарын қорғаудың Халық-
аралық одағында «Қызыл кірпіш» деп аталатын әйгілі шежіре 
бар. Ондаған томнан тұратын бұл шежіреде дүние жүзінің 
аң-құстары туралы мәліметтер жазылған. Солардың ішінде 
әрқайсысы сүйем шығатын, мұқабасы қан қызыл екі том ерекше 
назар аудартады. Өйткені бұл екі кітапқа дүние жүзіндегі құрып 
кеткен немесе құрып кетуге тақалған аң-құстар жазылған. 
Олардың арасынан Қазақстан топырағында бұрын болған немесе 
қазірге дейін кездесетін жабайы сиыр, тарпаң, жолбарыс, құлан, 
қамшат, дуадақ, қызыл қаз сияқты аң-құстарды оқуға болады. 
Бұл, әрине, өкінішті-ақ мысал» 
(«Лениншіл жас»). 
Келтірілген үзіндіде алғашқы сөйлем – күрделі синтаксистік 
тұтастықтың оқиғаның тақырыбын беруші негізгі, басқы бөлігі. 
Екінші сөйлем онымен «шежіре» сөзінің «бұл» сілтеу есімдігі мен 
тіркесіп қолдануы арқылы байланысқан. Үшінші сөйлем екінші 
сөйлеммен «сол» сілтеу есімдігі арқылы, бесінші алдыңғы сымен 
«аң-құстар» сөзін ауыстырып тұрған «олар» есімдігі арқылы бай-
ланысқан, ал соңғы қорытушы сөйлем жоғарыда айтылған дардың 
бәрімен солардың орнын ауыстырған «бұл» есімдігі арқылы бай-
ланысып тұр. Міне, өзара бағыныңқы, кезектілік байланыс тү рін-
де осындай ілектестік, жалғастылық қарым-қатынас орын алады.
Ізбе-ізділік байланыс түрі тілдің барлық стилінде де кездесе 
береді. Бірақ оның көп қолданатын жері – ғылыми стиль. 


Қазіргі қазақ тілі
177
Ғылыми мәтінде ой бір-біріне қатаң тәртіппен сабақтаса 
байланысып отырады. Сондықтан ондағы әрбір сөйлем өзінің 
алдындағы сөйлемнің заңды жалғасы болып келеді.
Күрделі синтаксистік тұтастықтың екінші түрі оны құрастырушы 
сөйлемдердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет