Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет105/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Өздік жұмыс
Аралас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін, компонент-
тердің байланысу тәсілін, мағыналық қарым-қатынасын түсін ді-
ріңіздер, сызбасын жасаңыздар.
1-жұмыс.
Жаздыгүні ауылдың шаруасы саябырлады да, енді 
тыныштық-демалыс кезіне шыққан соң, болыс Бақтығұлды «ел 
жұмысы» дейтін болыстың кеңсесінің керегіне жарата бастады 
(М. Әуезов). Арғы сөзге үлгермей, Айбарша кіріп келді де, «ас 
даяр» деп дастархан төседі, қызметкер әйел буы бұрқыраған 
қуырдақты табақпен көтеріп келді. Көшпелі ел жайлауға бармақ, 
күздікке келмек, мал тісі қайда айдаса, иесі соған ере бермек, 
Игіліктің жүзінде осы ғана (Ғ. Мүсірепов). Кім екенін білу 
үшін, жортып барып алдын ала тосайын деп еді, маңайлап ұшып 
жүрген бүркіт шақырғанына келмей, жолдан қырындап кетті
(С. Мұқанов). Манкенттің шырын алма-жүзімі, қауын-дарбы-
зы аңқып тұрғандай-әсерден айыға алмай, конвертті ашты
(Ш. Мұртазаев).
2-жұмыс. 
Күннің бұлыңғырынан ба, жоқ ымырт таяу ма, 
әйтеуір боран басылғанмен, болжап болмастай қою сұр мұнар 


Бердібай Шалабай
166
қоршауында тұр. Абайдың баласы аталғанымен, Ақылбай оның 
тәрбиесінде емес, Нұрғаным қолында Құнанбайдың кенжесі 
есебінде өскен (М. Әуезов). Сонда барып Рысқұлов сүзектің сы-
рын аңғарып, пойыз бастығына қатаң тапсырды: купеге ешкім 
кірмесін, жұқпалы сүзек, енді пойыздағыларға тарап кетсе – сол 
қиын (Ш. Мұртазаев). Сәске мезгіл еді, әжесі: «сиыр суға келді» 
деген соң, Қартқожа құдық басына жөнелді (Ж. Аймауытов).
3-жұмыс. 
Шәкеннің ақылы жүрісті тоқтату емес, бірақ қатты 
жүрмей, баяу жүріп, ілгері жылжи беру болды (М. Әуезов). Қақ-
паны ашып қарап еді, әуелі көзіне серейген мылтықты солдат 
шалынып, жүрегі зуу ете қалды: «Жерді тартып алуға келген 
Клевенковтың адамдары ма?». Темірдің аты темір ғой, ол арқылы 
ешқандай белгі таппағандай, енді шашты сипалағанда туыстық 
бір ыстық сезім алақанын жылытқандай, әлдебір түсініксіз 
түйсікпен, бұл адамның ең жақын жан екенін ұққандықтан ба, 
әлде Рысқұловтың қайратты шашы нәзік алақанын қытықтады ма 
– бала жымиғандай болды (Ш. Мұртазаев). Тағы бір жаманы – 
қауға жыртық, астауға жеткенше, бір-ақ тостағандай су қалады. 
Бір аяқ қымыз ішті де, Қартқожа жүген алып, қотанда үйездеп 
тұрған көк құнанын ұстап, үй қасына алып келді (Ж. Аймауытов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет